Аудан тұрғындарының назарына

2019 жылғы 01 қаңтар жағдайына 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ерейментау ауданы әкімінің, Ерейментау ауданының ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласы әкімдерінің есепті кездесулерінде тұрғындармен айтылған, ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес 2018 жылғы қаңтардың 15-сі мен ақпанның 07-сі аралығында Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің халық алдындағы есепті кездесуі өткізілді.
Жоспарлы 41 есепті кездесу өткізіліп, 3858 тұрғыны қатысты. 43 өңір тұрғынымен мәселелер көтеріліп, 39 ұсыныс енгізілді, мәселенің дені әлеуметік саланы қамтиды.
Айтылған ескертулер, ұсыныстар бойынша қорытынды жасалып, аудан әкімі аппараты әр ауылдық округ бойынша іс-шаралар дайындады.
Ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласы әкімдеріне, аудандық қызметтер мен бөлім басшыларына тапсырма беріліп, орындалу барысы бақылауға алынды.
Қыста мезгіліндегі көп қар жауғанына байланысты барлық елді мекен тұрғындары ауылдарға кіреберіс жолды, көтерілді, сондай-ақ елді мекендердін және Ерейментау қаласынын көшелерін тазарту мәселесін көтерді.
Өңірлік маңызы бар жолдарды ауданның шаруашылық субъектілері және «Эко-Жардем» ЖШС тазартты,.
Веренка-Жолбасшы көпірін «Асыл» және «Ержан» шаруа қожалықтары ағымдағы жылдың мамыр айында жөндеп берді.
Еркіншілік ауылында ұңғыманы су құбырының негізгі трассасына қосу жұмысы аяқталды.
Ерейментау қаласының Заречная көшесінде су өткізу құбырлары орнатылды және жолына қиыршық тас төселді, грейдерленді.
«Шымбұлақ» тармағы, бөгет арнасы тазартылды жұмыстары өткізілді.
Мектеп жанындағы интернатқа шалғай ауылдық округтерден балаларды жеткізу үшін 14,3 мың теңгеге автобус сатып алынды.
Әділет органында 16 нысан, атап айтқанда 8 қатты тұрмыстық қалдық полигоны және 8 мал қорымы тіркелді.Барлық нысан бойынша коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданды.
Бестоғай ауылдық округі Байсары ауылында 4 үйге ауыз су өткізілді.
Сондай-ақ 2018 жылы Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді.
Ауыл, ауылдық округтер мен Ерейментау қаласының әкімдері, аудандық қызметтер мен ведомстволардың басшылары арқылы есепті кездесулерінде көтерген басқа да мәселелері шешілді.
Ерейментау ауданының әкімі
Виктор РАДЧЕНКО