ІСТЕ НӘТИЖЕ БОЛУЫ КЕРЕК

Жыл аяқталар шақта аудан әкімі Виктор Радченконың төрағалығымен құқық тәртібі және құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған комиссияның мәжілісі өтті.
Пробация қызметінің бастығы Абзал Төлендинов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марина Сердцева «Қамау орындарынан босатылғандардың еңбекке орналастырылымы, тұрмысы, әлеуметтік бейімделім мәселесіне арналған уәкілді органдардың жұмыс жағдайы туралы» хабарлады.
Сөз сөйлеушілер айтқандай, бұл санаттағы жандарға квота белгіленген. Алайда олардың жоқтығына орай квота күшін жойған. Жаңағы санаттағы 24 адам пробация қызметінің есебіне ауысты. 13 адам өздігінен жұмысқа орналасқан. Бүгінгі таңда бас бостандығынан айырылымы шектеумен алмастырылған 6 адам және қамау орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 14 адам пробация бөлімінің есебіне алынған.
Криминалды полиция бөлімінің басшысы Талғат Сабыров «Бөгденің мүлкі ұрлығының алдын алу туралы» ақпар ұсынды. Құқық бұзушылықтың саны мен санатын, «Арлан» ЖШС жекеменшік күзет фирмасының қызметін сипаттады. Мал ұрлығы айрықша алаңдатып тұр. Мүлік ұрлығынан сақтану шарасы қолданылып жатса да, полицияның, жергілікті атқару органдарының, халықтың өзара ынтымақтастық деңгейі төмен.
Жергілікті полиция бөлімінің бастығы Нұрбек Тоқсанбаев «Жергілікті полиция қызметінің қала, ауыл, ауылдық округ әкімімен өзара әріптестігі туралы» баяндады.
Аудан әкімі аппаратының заңгерлік қызмет жетекшісі Әсел Қызкенова «Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған кешенді жоспарының орындалу барысы туралы»; «Ақмола облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған комиссияның хаттамалық тапсырмасының қаралымы»; «Комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының бекітілімі туралы» айтты.
Жиынды қорытқан аудан әкімі орынбасарлары мен жекелеген бастықтарға нақты тапсырма белгілеп берді.
***
Ізінше аудан әкімі Виктор Радченконың төрағалығымен лаңкестікке қарсы комиссияның мәжілісі өтті.
«Мемлекеттік органдардың лаңкестік актісінің зардаптарын бәсеңдетуге, жоюға дайындық жағдайы туралы. Материалдық-техникалық әлеуетті, штат санын нығайтуға арналған шаралар. Лаңкестік актісінің салдарынан зардап шеккен және оның жолын бөгеуге қатысқан жандардың дәрігерлік-психологиялық бейімделімі, әлеуметтк сауықтырылымы туралы» аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Марал Сүлейменова ақпар ұсынды.
Аудандық аурухана өз амалын орындағанда лаңкестік актісінің ықтималды зардап болжамын, мамандардың өз міндетіне кәсіби көзқарасын, объектіге қол сұғылым мен лаңкестік әсер сипатына қарай, оның деңгейін есепке алады.
Аудан әкімінің орынбасары, лаңкестікке қарсы комиссия аппаратының басшысы Абай Әлжанов «Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы лаңкестікке қарсы комиссияның жұмыс нәтижелері және 2019 жылғы жұмыс жоспарына енгізуге арналған шаралар қаралымы туралы» хабарлады.
Халықтың діни сауаттылығын арттыру, жастардың назарын дәстүрлі діни және ұлттық құндылықтарға аудару мақсатында, ақпараттық-насихат тобы құрылды. Осы негізде «Насихат» қоғамдық бірлестігі мамандарының, Жастардың ресурстық орталығы теологының, Ақмола облысы дінаралық қарым-қатынас талдамасы мен даму орталығы мамандарының қатысуымен ақпараттық-түсіндірме жұмысы қолға алынды. Халық пен жастармен жүргізілген жұмыс туралы мәлімет салалас ұйымдарға жолданды. Жүйелі қолға алынған жұмыс ауданымызда діни ахуалды тұрақтандыруға септеседі, бұл бағыттағы іс жалғасатын болады.
Аудан әкімі аппаратының лаңкестікке қарсы жұмыс жөніндегі инспекторы Гаухар Омарова «Мемлекеттік органдардың комиссияның ақпараттық сұраныс тізбегін жариялауға арналған жұмыс жағдайы туралы. Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы комиссияның алдыңғы мәжілісінде қабылданған шешімнің жүзеге асырылым барысы туралы» ақпар берді.
Баяндамашының айтуынша, мемлекеттік органдар ай сайын ақпарат ұсынылым мәселесіне салғырт қарайды, тапсырманың орындалым сапасы қанағаттандырмайды. Осы бағыттағы жұмыстың сапасын жақсартуға ұсыныс берілді. Ауыл әкімдері Қанат Мұқанов, Сәуле Сұлтанова «Бозтал, Сілеті ауылдарындағы діни жағдай туралы» баяндады.
Жиын әңгімесін қорытқан аудан әкімі шаршы топтағы бастықтарға әрмен қарай орындауға арналған тапсырма жүктеді.

Людмила МАРКОВА.