Құрметті ерейментаулықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Санаулы күндерден кейін келетін жаңа жыл бар жақсылығын әкелсін! Өткен жылды бағалап, болашақта бізді не күтіп тұрғанын ойлаймыз. Жаңа жыл- көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлайтын ерекше мереке. Бұл – жаңа үміт, жаңа жоспарлар уақыты. Әркез Жаңа жылды қарсы алған кезде жүрегімізді шаттық, үміт және болашаққа деген сенімге бөлейді.
Сіздерге келе жатқан Жаңа жылда бейбітшілік пен келісім, мол бақыт және көтеріңкі көңіл күй тілеймін. Келер жылы жоспарларыңыз бен ойлаған ойларыңыздың жүзеге асатынына сенімдімін. Жаңа жыл жаңа белестерді бағындыратын, жаңа табысты жыл болады.
Жаңа жылда шаңырақтарыңызда ырыс-береке, Отанымыз Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісім болсын! Жаңа жылдарыңызбен!

Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы Қайрат.МАХМЕТОВ