ШЕКСІЗ РИЗАМЫЗ

Міне тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады. Аманшылық болса – енді санаулы күндерлен кейін келесі 2019 доңыз жылы босағамызды аттайды. Мектебімізде қалыптасқан дәстүр бойынша жуырда Жаңа жыл мерекесі тойланды. Әсіресе бүлдіршін балғындарымыз ертеңгілік өткізілгенде Аяз Ата мен Ақшақардың сыйлығынан бөлек, тағы бір сый-сыяпатқа кенеліп, шексіз риза болады. «Берсең – балаға бер» деген қағида осыдан қалған болар, сірә.
Жылда мектебімізге, ауыл баласына көмек қолын созатын шырша тойында баршаға жылы лебізін арнайтын, сыйлығын ұсынатын аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжановқа ата-аналардың да ризашылық алғысы шексіз.
Туған ауылына үнемі ілтипат білдіретін, қолынан келген жақсылығы мен көмегін аямайтын осындай қамқор пейілді, елгезек жанашыр азаматқа зор денсаулық, шаңырағына амандық тілейміз. Арамызда ұдайы жаңағыдай жігіттер көп болғай дейміз.

Гүлнәр САЛЫҚОВА.
Жаңажол негізгі мектебі.