ЖЫЛУ ҚУАТЫН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Анықтама:
Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Теплосервис» коммуналды мемлекеттік кәсіпорны «Ереймен» газетінің 2018 жылдың 10 қарашасындағы 83 (9828) нөмірінде ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жылу қуаты тарифінің өзгеретіні туралы жарнама жариялаған болатын.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет департаментінің 2015 жылдың 21 тамызындағы №161-ОД бұйрығына сәйкес, 5,1 пайыздан 5,3 пайызға дейінгі жыл сайынғы өсімімен 2015 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі ұзақмерзімдік кезеңге арналған тарифі бекітілді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталатын баға өзгерісі туралы хабарландыру «Ереймен» газетінің 2018 желтоқсанындағы 90 (9835) нөмірінде жарияланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, оған қоса 1 қаңтардан бастап электр қуаты бағасының төмендегеніне орай, біз 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтің қайта қаралымы туралы шешім қабылдадық.
Тариф сметасын қайта есептеу нәтижесінде жылу қуатының тарифі 5,05 пайызға азайды, яғни 2018 жылғы желтоқсандағы деңгейде қалдырылды.
Жарнама:
Жылу қуатын тұтынушылардың назарына, Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Теплосервис» КМК-ның 2018 жылдың 19 желтоқсанындағы № 163 «Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Теплосервис» КМК-ның» табиғи монополия субъектілеріне ұсынатын жылу қуаты өндірісіне, берілісіне, үлестіріліміне және жабдықталуына арналған реттелмелі тариф пен тарифтік сметасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңдегі реттелмелі қызмет көрсетілім тарифі келесідей шамада белгіленеді:Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Теплосервис» КМК-ның директоры Ерболат МАДИЯРОВ