«ЕРЕЙМЕН» АШҚАН ЕСІМДЕР

Қазақтың ат қою дәстүрі бойынша, жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Әр отбасы нәрестенің құлаққа жағымды, әдемі есімге ие болғанын қалайды. Кейбірі баласына аты аңызға айналған, еліне еңбегі сіңген тұлғалардың есімін қойып жатса, кейбірі заманауи есімді таңдайды. Енді бірі қасиетті Құран Кәрім ілімінде кездесетін атауларға мән береді. Осыған орай, біз де өңіріміздің ерекше есімді жандары туралы айтпақпыз.
Азалия Сейсембаева-Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің 1 сынып оқушысы. 2012 жылдың 15 мамырында Ерейментау қаласында дүниеге келді. Анасының айтуы бойынша, есімін әжесі қойған. Ол бразилия тілінен аударғанда гүлдің атауын білдіреді екен.

Егде жастағы қарттың бұндай заманауи есім бергені бізге де қызық болды. Сұрай келе, әжесінің көп кітап оқығанын білдік. Гүлдей болып жайнап жүрсің деген мақсатпен қойыпты. Қазіргі таңда Азалияның оқу үлгерімі өте жақсы. Болашақта дәрігер болуды армандайды. Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны үйренуге ынтасы жоғары. Анасы ендігі жылы домбыра үйірмесіне беруді жоспарлап отыр.
Асқар Арафат Сағатұлы – №2 орта мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы. 2008 жылы 18 қарашада Ерейментау ауданы Шәкей ауылында дүниеге келді. 10 күндей сәбиге есім берілмеген. Анасының айтуынша, алғашында «Солиман» атауын бергісі келген. Кейін әкесі Сағат Арафат есіміне тоқтаған. Ол мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккеден 20 шақырым жерде орналасқан тау атауы екен. Арафат көңілі жайсаң, мейірімді, бауырмал бала. Сыныптастарымен, ұстаздарымен қарым-қатынасы жақсы. Қазір домбыра үйірмесіне қатысады. Анасы «нағыз қазақ домбыра тартуды білу керек» дейді. Негізі жақсы көретін пәні-әдебиет. Болашақта өз шығармаларын жазуды, әкім болуды көздейді.
Осы тақырыпты әлеуметтік желіде де қарастырған болатынбыз. Нәтижесінде өңірімізде Дияр, Жансель, Альнияз, Раузалия, Альтаир, Шаттық, Шыңболат, Альнияз, Сагира, Самира, Раяна, Айнара, Руханият, Балдан, Фараби, Ясмин, Балданыш, Шадияр, Әлидар, Арқат есімді жандар бар екен. Aры қарай оқу

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Тыл және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесінің жиыны «Өлке тарихы парағынан» шолуымен басталды. Кітапхана қызметкерлері Гүлшат Тілеукенова мен Ольга Попова дайындаған игі шара Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына негізделді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына, «Президент өмірінің бір күні», «Ерейментаудың киелі орындары», «Жан жарасы – Ауғанстан» кітап көрмесіне, мемлекет пен өңір тарихындағы өзге мәнді оқиғаларға баршаның назарын аудартты.
Ардагерлер ұйымының өкілдері кітапхана мамандарының қызықты да танымдық әңгімесіне құптарлық ниетпен құлақ түрді. Төлеген Әбдин, Мақсұт Баймұрынов, Амангелді Мәжитов есімі ұмытылмайтын айтулы тұлғалар, тартымды оқиғалар жайындағы мәлімет желісін кеңейте беруді ұсынды.
Тыл және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесінің төрайымы Қарашаш Қалқаманова «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өз ойын ортаға салды. Құжат мазмұнын өскелең ұрпақ пен аға буынға танымал етуге лайықты әдіс-тәсілге ден қойды.
Бұл күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының кезекті партия конференциясына делегат сайлауы өтті. Осы негізде Саяси кеңестің мүшесі Амангелді Мәжитов №5 Жамбыл сайлау округінен делегатқа үміткер ұсынды. Ұсынысты көпшілік бірауыздан мақұлдады.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Ұрқия Қанафина кітап қорына шолу жүргізді. Баршаны осында келуге шақырды. Алдағы уақытта жұртшылықпен емін-еркін араласуға лайықталған коворкинг орталығының ашылатыны туралы айтты.
Қарашаш Қалқаманова тыл және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесі мүшелерінің мәжіліс әңгімесін түйіндеді.
Раушан БАРЖАҚСЫ.
Суретті түсірген автор

Ереймен елінің және осы елде туып өскен барша азаматтарға!

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының қанына сіңген қасиет. Ұлттық болмыс пен жаһандану үдерісінің арпалысында қазақ халқының ұлттық танымына арқау болған құндылықтарды игере білу, насихаттау – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы және ата-бабадан қалған жеріміздің бай мұрасы бүгінгі ұрпаққа аманат екенін Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап өтті.
Әр адамның кіндік қаны тамып, туып өскен елі жер жәннатымен тең. Себебі, әрбір азаматтың естен кетпес жұлдызды сәттері сол өлкемен тікелей байланысты. Ерейментау – қазақ тарихында шоқтығы биік қанжығалы Бөгенбай батыр, Сүйіндік Олжабай батыр, Нияз Жантай батыр, дүлдүл Үмбетей жырау, қара қылды қақ жарған Бапан мен Саққұлақ би сияқты жүздеген тұлғалардың шоғыры дүниеге келген қасиетті аймақ. Ал, еліміздің әрбір тауы мен өзені тұнып тұрған тарихқа, аңыз деректерге толы екенін ескерсек, сол құндылықтарды құрметтеп, насихаттап, ата- бабадан қалған мұраларымыздың жандануына, жаңғыруына үлес қосуы- ел азаматтарының бүгінгі борышы деп санаймыз. Aры қарай оқу

ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ

Бөгенбай батыр атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайында аудан әкімінің орынбасары Абай Еламанұлының төрағалығымен жиын өтті.
Шаршы топқа үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Мұражай менгерушісі Ләззат Түгелбаева күн тәртібіне қойылған «Бөгенбай батырдың жорық іздерімен» инновациялық жобасы аясында атқарылған іс-шараға тоқталды. Тарихи мекеменің алдағы жоспарымен бөлісті. Жиынға қатысушыларға Саққұлақ би кесенесіне апаратын жол торабына билборд орнату, айналасын абаттандыру мақсатында ұсыныс жасады. Ізінше сөз аудан әкімінің орынбасарына берілді.
Абай Әлжанов үстіміздегі жылы ұйымдастырылатын Олжабай батырдың 310 жылдығы туралы әңгіме қозғады. Жоба негізінде өткізілетін экпедицияға бірлікпен үн қосуға шақырды. Соңдай-ақ, Арқа жерінің биі Саққұлақ бабамыздың мәңгілік қоныс орнын қалпына келтіру барысында туындайтын мәселелерді көпшілікпен бірлесе талқылады.
Аталмыш тақырып негізінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдин өңіріміздің киелі нысандарын ұрпаққа таныстыру мақсатында, білім саласында да бұл жүйелі талдану қажеттігін ескерді.
Жиын соңында қатысушылар арасында мұражай алқасы сайланды. Игі істің әлі де толық пысықталатынына сенім білдірді.
«Өлі жебемей, тірі байымайды»,-демекші, ұлыларымызды ұлықтап, олардың мәртебесін көтеру «Рухани жаңғыру» аясындағы игі істің бірі болмақ.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
Суретті түсірген автор

ЖЫЛ ЖЕМІСТІ ТӘМАМДАЛДЫ

Алтыншы сайланымдағы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жыл ішіндегі жұмыс нәтижесі туралы қысқа ақпар
Алтыншы сайланымдағы Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті еңбек жылы тәмам болды.
Аудандық мәслихат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы» Заңы, аудандық мәслихаттың регламенті, аудан әкімінің аппаратымен, өңірдің ұйым мекемелерімен өзара тығыз әріптестік негізінде атқарады.
Халық қалаулыларының жұмысындағы негізгі басым бағыт алғашқы беттен анық белгіленді. Бәрінен бұрын экономика мен халықтың әл-ауқатын нығайтуға, ауылдық аумақты дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік әлсіз жандарды сүйемелдеуге, қоршаған ортаны қорғауға, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне көңіл бөлуге ден қойылды.
2018 жылы 17 сессия, соның ішінде кезектен тыс 13 сессия өтті. Қаралған барлық мәселе бойынша 75 шешім қабылданды.
Сессияның жұмысында бюджетті қалыптастыруға, атқарылымына, өзгеріс-толықтыру енгізіліміне елеулі көңіл бөлінеді.
Жылда бекітілетін аудан бюджеті өзінің әлеуметтік бағыттылығын сақтап келеді. Депутаттар бюджетті талқылағанда өз сайлаушыларының мүддесін алға тартады, әлсіздерге әлеуметтік атаулы көмек көрсетілім мәселесіне, халықты жұмыспен қамтуға, мүгедек балаларды материалдық қолдауға, білім мекемелерін дамытуға, көптеген өзге мәселелерге айрықша назар аударады.
Төртінші деңгейлі бюджет, тұрғын халқының саны 2000 адамнан асатын аудандық мәндегі қала, кент, ауыл, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзің-өзі басқару бюджетінің енгізілімі жергілікті өзің-өзі басқару жүйесін дамыту мақсатындағы жаңалыққа айналды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 14 әкімшілік-аумақтық бірліктің төртеуіне өз бюджеті енгізілді. Олар: Ерейментау қаласы, Еркіншілік, Тайбай, Торғай ауылдық округтері. Енгізілген жаңалық бюджеттік карым-қатынас реттелімінде қала, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті қауымдастықтың өкілеттігін кеңейтті. Aры қарай оқу

КЕЛЕШЕК БАР. МӘСЕЛЕ ШЕШІЛЕДІ

Жергілікті атқару билігі өкілдерінің кезекті еңбек аптасы халық алдында есеп беруге арналды.
Түрлі деңгейдегі әкімдердің есепті баяндамасының негізгі мазмұны газетімізде алдын-ала жарияланған болатын.
Күншалған ауылдық округінің әкімі Айланыш Тілекберді аграрлық саладағы жалпы жағдайды, әлеуметтік инфрақұрылымның тіршілік қызметін, аумақтың көріктендірілімін, кәсіпкерліктің даму ыңғайын егжей-тегжейлі сипаттап берді.
Аудан әкімі Виктор Радченко мәлімет шолуы мен басым бағдарламалардың атқарылым реті толық қамтылған әлеуметтік-экономикалық жағдайды суреттеді.
Аграрлық сала, өнеркәсіп, IV деңгейлі бюджет енгізілімі, аудан орталығының көшелерін көріктендіруге, жекелеген округтердің ауыз су желілерінің қайта тартылымына арналған биылғы жылдың жоспары, өзге мәселелер негізгі баяндаманың мазмұнын толықтырды.
Алыс округтің тұрғындары елді мекендерге көше шамы орнатылғанын жөн көреді. Медицина маманының жоқтығына, дәрігерлік мекеме ғимаратының салқындығына, телефон байланысының тұрақсыздығына толғанды. Көше атауының өзгеруіне байланысты үй құжатын қайта ресімдетудегі қиындық, Қаратал ауылынан бала таситын көлік, электрші, учаскелік полиция уәкілі, жер телімі қажеттігі жайында мәлімдеді. Кепілдік мүлік проблемасын, бапкер маманымен самбо күресі секциясын ашқызу ыңғайын әңгімеге негіз етті.
Күншалған ауылындағы су құбыры жарығының кепілдік мерзім негізіндегі реттелімі –мердігершінің еншісіндегі іс. Әлеуметтік объектілердің, жергілікті мәндегі жолдың қысқы күтімін қожалық, серіктестік иелерінің өз міндетіне алғаны құптарлық қадам.
Жалпы есепті кезең іщінде округте айтарлықтай іс тындырылды. Жастарды туған жерінде тұрақтандыруға арналған міндет белгіленді. Жер телімі мен несие берілісі, кепілдік мүлік, құжат ресімделім мәселесінің оңтайлы шешімі ақылдасуға негіз болып жатты. Aры қарай оқу

ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ – ДАМУ КЕПІЛІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында қазақстандықтарға жария еткен “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауы тәуелсіз еліміздің келешек ой-мақсатын толық паш етті.
Өз тәуелсіздігінің 27 жылында ғасырға бергісіз іс тындырып , өткен кезең жетістігін салмақтаудың, келешекке бағыт-бағдар межелеудің,әлеуметтік-экономикалық дамуына мән-маңызы ерекше. Жыл сайынғы жаңағыдай директивалық құжатта егемендігімізді баянды етуді, алдағы асқақ арманымызға жетуді көздейтін міндеттер межеленеді. Ал оның нақты іспен пысықталып жатқанына барша ел куә. Халықтың әл-ауқатының оңалғанын, әлеуметтік инфрақұрылымның өркендегенін, отандық өндірісіміздің біртіндеп ілгерілегенін аңғарып та жүрміз. Осы игі істің басында Ұлт көшбасшысының еңбегі ерен екеніне күмәніміз жоқ.
Түрлі ақпарат көздерінен мәлім болғандай, бүгінгі күні жер жаһанда өнеркәсіп пен қаржы дағдарысы белең алып жатқан шақта, Президентіміздің ішкі мүмкіндігімізге, отандық өндірісіміздің, экспорттық әлеуетіміздің, жалпы экономикамыздың келешегіне жіті мән бергеніне көңіліміз толады. Ал зейнетақы мен жәрдемақы төлемін қожыратпай, жүйелі жүргізу, замана көшімен үйлестіре өсіру, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын молайту мақсаты көпшіліктің қамын ойлағанның белгісі. Бұл орайда бізге, қазынашылық басқармасына, тиісті қаражат қорының, экономика саласына тартылатын тиісті инвестициялардың межелі орнына уақтылы жеткізіліміне, тиянақты игеріліміне елеулі жауапкершілік жүктеледі. Ойымыздағы іс пен жүктелген міндетті Ерейментау қазынашылық басқармасының ұжымы бірлесе абыроймен атқара білгені – Елбасы аманатын орындауға қосқан үлесіміздің нышаны болмақ.
Аманшылық болса, Елордамен шектесетін ауданымызда 2019 жылы да өндірісі өркендеп, қазынасы толығатынына, Жолдау тапсырмасын орындауға жерлестердің еңбек әлеуеті мен қаражат көзінің үйлесімді болатынына сенгіміз келеді. Сенім үдесінен көріне білсек – бағымыз зор, Президенттің көздеген арманы баянды, мәртебеміз еселі бола береді.
Г.СӘДУАҚАСОВА,
Ерейментау аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

МӘН-МАҢЫЗЫ ТЕРЕҢ ФОРУМ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осы негізде аудандық мәдениет үйінде жастардың ресурстық орталығы «Ереймен жастары – қуатты Қазақстан үшін!» атты аудандық жастар форумын ұйымдастырды.
Жиынға аудан әкімі Виктор Радченко, аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, әлеуметтік сала қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қала мен ауыл жастары қатысты.
Форум пердесі аудан әкімі Виктор Радченконың баяндамасымен ашылды. Өңір әкімі Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы негізінде жастар саясаты аясында сөз қозғады. Егемен елдің дамуы белсенді жастардың ықпалымен атқарылатын іс екенің атап өтті. Ізінше сөз жас кәсіпкер Нұрсұлтан Әутәліповке берілді. Автокөліктің техникалық күтімі бағытында қызмет көрсететін маман өз кәсібі жайлы шағын ақпар берді, ереймендік жастарға өз тілегін білдірді. Аудандық мәслихат депутаты Ержан Биекенов жас буынан үлкен үміт күтетінің атап өтті.Тіл оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы Анар Хасенова Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа әліпбиге көшудің артықшылығына тоқталды. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы, №8 АТК жастармен жұмыс бойынша инспекторы Зухра Тасболатова, «E TOWN» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қазбек Әлібек өз баяндамасын ұсынды.
Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Зарина Хабибулина орталықтың алдағы жоспарына шолу жасады, форумды қорытындылады. Өңіріміздің белсенді жастарын марапаттау ресіміне кезек келді. Белсенді замандастарымыз аудан әкімінің марапатына ие болды. Жиын соңы ауданымыздың танымал өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты, орталық белсенділері әнімен аяқталды

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
Суретті түсірген автор

ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ағамдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Соған орай аудандық мәдениет үйінде Ерейментау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ереймен жастары – қуатты Қазақстан үшін!» атты аудандық жастар форумы өтті.

Жиынға аудан әкімі Виктор Радченко, аудан әкімдігінің дербес бөлімдердің басшылары, мәслихат депутаттары, әлеуметтік сала қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қал мен ауыл жастары қатысты.

Форумның ашылу салтанаты аудан әкімі Виктор Радченконың баяндамасымен басталды. Өңір әкімі Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын негізге ала отырып, жастар саясаты туралы сөз қозғады. Егемен елдің дамуы белсенді жастардың ықпалымен атқарылатын іс екенің атап өтті. Ізінше сөз жас кәсіпкер Нұрсұлтан Ауталиповке берілді. Техникалық қаралым саласында кәсіп ашқан маман өз кәсібі жайлы шағын ақпар берді, ереймендік жастарға өз тілегін білдірді.

Ерейментау ауданы тілдер дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы Анар Хасенова Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа әліпбиге көшудің артықшылығына тоқталды. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, №8 Агротехникалық колледжінің жастармен жұмыс бойынша инспекторы Зухра Тасболатова, «E TOWN» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қазбек Әлібек өз баяндамасын ұсынды.

Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Зарина Хабибулина орталықтың алдағы жоспарына шолу жасады, форумды қорытындылады. Кезек өңіріміздің белсенді жастарын марапаттау ресіміне де келді. Жастар аудан әкімінің марапатына ие болды. Жиын соңы ауданымыздың өнерпаз әншілері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

Ұсыныс жасалды

Бөгенбай батыр атындағы аудандық өлкетану мұражайында аудан әкімінің орынбасары Абай Еламанұлының төрағалығымен жиын өтті.

Шаршы топқа үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Мұражай менгерушісі Ләззат Түгелбаева күн тәртібіне қойылған «Бөгенбай батырдың жорық іздерімін» атты инновациялық жоба аясында атқарылған іс-шараға тоқталды. Тарихи мекеменің алдағы жоспарымен бөлісті. Жиынға қатысушыларға Саққұлақ би мазарына апаратын жол торабына бильборд орнату, айналасына абаттандыру жұмысын жүргізу мақсатында ұсыныс жасады. Ізінше сөз аудан әкімінің орынбасарына берілді.

Абай Еламанұлы үстіміздегі жылы ұйымдастырылатын Олжабай батырдың 310 жылдығы туралы сөз етті. Жоба негізінде өткізілетін экпедицияға аудан көлемінде ат салысуға шақырды. Соңдай-ақ, Арқа жерінің биі Саққұлақ бабамыздың мазырын қалпына келтіру үшін туындайтын мәселелерді өзге сала өкілдерімен талқылады.

Аталмыш тақырып негізінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әжібайұлы өңіріміздің киелі нысандарын ұрпаққа таныстыру мақсатында, білім саласында да бұл жүйелі талдану қажеттігін ескерді.

Жиын соңында қатысушылар арасында мұражай алқасы сайланды. Ұсыныс тиісті орындалу үшін әлі де талқыланады деп тарқасты. Өлі жібімей, тірі байымайды,-демекші, ұлыларымызды ұлықтап, олардың мәртебесін көтеру бүгінгі күннің мәселесі болмақ.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор