ШЫРШАТОЙ ӨТТІ СӘНІМЕН

Жаңа жыл ырысымен, қуаныш шаттығымен, құт берекесімен келсін деп ізгі тілектермен қауышып жатамыз.
Күннің қытымыр аязына қарамастан әрбір мекемеде Жаңа жыл мерекесі аталып өтуде.
Бұл күн ең әуелі балалар асыға күтетін мереке.
Біздің «Әсем-ай» бөбекжай-бақшасында 6 топ арасында ата-аналармен бірлескен ертеңгілік ұйымдастырылды. Әрбір топтың ата-аналары ерекше белсенділік танытты. Жасыл шырша безендірілген. Балалардың жаңажылдық киімдері мерекенің көркін ашып тұр. Ертегі кейіпкерлері де өз өнерлерін көрсетті. Барлық бала тақпақ айтып, ән шырқады, Аяз Атадан сыйлық алды. Осындай жаңажылдық мереке мектепте де ұйымдастырылды, оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
2019 жыл баршаңызға бақыт пен байлық, береке мен бірлік, табыс алып келсін!

Кулатай, ЖАНИМХАН.
Олжабай батыр ауылы