Ұсыныс жасалды

Бөгенбай батыр атындағы аудандық өлкетану мұражайында аудан әкімінің орынбасары Абай Еламанұлының төрағалығымен жиын өтті.

Шаршы топқа үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Мұражай менгерушісі Ләззат Түгелбаева күн тәртібіне қойылған «Бөгенбай батырдың жорық іздерімін» атты инновациялық жоба аясында атқарылған іс-шараға тоқталды. Тарихи мекеменің алдағы жоспарымен бөлісті. Жиынға қатысушыларға Саққұлақ би мазарына апаратын жол торабына бильборд орнату, айналасына абаттандыру жұмысын жүргізу мақсатында ұсыныс жасады. Ізінше сөз аудан әкімінің орынбасарына берілді.

Абай Еламанұлы үстіміздегі жылы ұйымдастырылатын Олжабай батырдың 310 жылдығы туралы сөз етті. Жоба негізінде өткізілетін экпедицияға аудан көлемінде ат салысуға шақырды. Соңдай-ақ, Арқа жерінің биі Саққұлақ бабамыздың мазырын қалпына келтіру үшін туындайтын мәселелерді өзге сала өкілдерімен талқылады.

Аталмыш тақырып негізінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әжібайұлы өңіріміздің киелі нысандарын ұрпаққа таныстыру мақсатында, білім саласында да бұл жүйелі талдану қажеттігін ескерді.

Жиын соңында қатысушылар арасында мұражай алқасы сайланды. Ұсыныс тиісті орындалу үшін әлі де талқыланады деп тарқасты. Өлі жібімей, тірі байымайды,-демекші, ұлыларымызды ұлықтап, олардың мәртебесін көтеру бүгінгі күннің мәселесі болмақ.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор