ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ағамдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Соған орай аудандық мәдениет үйінде Ерейментау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ереймен жастары – қуатты Қазақстан үшін!» атты аудандық жастар форумы өтті.

Жиынға аудан әкімі Виктор Радченко, аудан әкімдігінің дербес бөлімдердің басшылары, мәслихат депутаттары, әлеуметтік сала қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қал мен ауыл жастары қатысты.

Форумның ашылу салтанаты аудан әкімі Виктор Радченконың баяндамасымен басталды. Өңір әкімі Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын негізге ала отырып, жастар саясаты туралы сөз қозғады. Егемен елдің дамуы белсенді жастардың ықпалымен атқарылатын іс екенің атап өтті. Ізінше сөз жас кәсіпкер Нұрсұлтан Ауталиповке берілді. Техникалық қаралым саласында кәсіп ашқан маман өз кәсібі жайлы шағын ақпар берді, ереймендік жастарға өз тілегін білдірді.

Ерейментау ауданы тілдер дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы Анар Хасенова Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа әліпбиге көшудің артықшылығына тоқталды. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, №8 Агротехникалық колледжінің жастармен жұмыс бойынша инспекторы Зухра Тасболатова, «E TOWN» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қазбек Әлібек өз баяндамасын ұсынды.

Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Зарина Хабибулина орталықтың алдағы жоспарына шолу жасады, форумды қорытындылады. Кезек өңіріміздің белсенді жастарын марапаттау ресіміне де келді. Жастар аудан әкімінің марапатына ие болды. Жиын соңы ауданымыздың өнерпаз әншілері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор