Ереймен елінің және осы елде туып өскен барша азаматтарға!

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының қанына сіңген қасиет. Ұлттық болмыс пен жаһандану үдерісінің арпалысында қазақ халқының ұлттық танымына арқау болған құндылықтарды игере білу, насихаттау – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы және ата-бабадан қалған жеріміздің бай мұрасы бүгінгі ұрпаққа аманат екенін Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап өтті.
Әр адамның кіндік қаны тамып, туып өскен елі жер жәннатымен тең. Себебі, әрбір азаматтың естен кетпес жұлдызды сәттері сол өлкемен тікелей байланысты. Ерейментау – қазақ тарихында шоқтығы биік қанжығалы Бөгенбай батыр, Сүйіндік Олжабай батыр, Нияз Жантай батыр, дүлдүл Үмбетей жырау, қара қылды қақ жарған Бапан мен Саққұлақ би сияқты жүздеген тұлғалардың шоғыры дүниеге келген қасиетті аймақ. Ал, еліміздің әрбір тауы мен өзені тұнып тұрған тарихқа, аңыз деректерге толы екенін ескерсек, сол құндылықтарды құрметтеп, насихаттап, ата- бабадан қалған мұраларымыздың жандануына, жаңғыруына үлес қосуы- ел азаматтарының бүгінгі борышы деп санаймыз.
«Туған жерге туыңды тік»,- дейді қазақ халқы. Ереймен халқы қазіргі таңда Бөгенбай батырдың ұрпағы Сарыарқаның боз арғымағы атанған Саққұлақ бидің мазарына күрделі жөндеу жүргізу және жан-жағын абаттандырумен қатар Астана-Павлодар автожолының Саққұлақ би мазары тұсында ақпараттық-жарнамалық билборд орнату сияқты мәселелерді қолға алып жатыр. Бұл ұлағатты істі жүзеге асыру ауқымды қаржыны қажет ететіні белгілі, сондықтан төл тарихымызды түгендеп, ұлыларымызды ұлықтау жолына Сіздің де қосар үлесіңіз болар деген сеніммен осы үндеуді жариялап отырмыз.
«Ел мен үшін не істеді емес, мен ел үшін не істеймін» деген Джон Кеннедидің ұстанымына сәйкес елдігімізді, кеңдігімізді, бірлігімізді танытып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бұл іске жұмыла кірісем десеңіз, қаржылық көмегіңізді төменгі шотқа аударуыңызды сұраймыз!
Реквизиттеріміз:
ИИК KZ326010111000303078
ИИН/БИН 160840022070
Банк атауы: АО «Народный банк Казахстана»
БИК Банка: HSBKKZKX
18 18 314
Код кбе/Бек кнп
Байланыс телефоны: 8716-33-2-41-46
871633-2-24-37
8778-715-33-96
8701-265-59-22
8702-467-46-29
Ізгі ниетпен: «Қанжығалы» қоғамдық бірлестігі мен
Бөгенбай батыр атындағы Ерейментау аудандық тарихи – өлкетану музейі ұжымы