КЕЛЕШЕК БАР. МӘСЕЛЕ ШЕШІЛЕДІ

Жергілікті атқару билігі өкілдерінің кезекті еңбек аптасы халық алдында есеп беруге арналды.
Түрлі деңгейдегі әкімдердің есепті баяндамасының негізгі мазмұны газетімізде алдын-ала жарияланған болатын.
Күншалған ауылдық округінің әкімі Айланыш Тілекберді аграрлық саладағы жалпы жағдайды, әлеуметтік инфрақұрылымның тіршілік қызметін, аумақтың көріктендірілімін, кәсіпкерліктің даму ыңғайын егжей-тегжейлі сипаттап берді.
Аудан әкімі Виктор Радченко мәлімет шолуы мен басым бағдарламалардың атқарылым реті толық қамтылған әлеуметтік-экономикалық жағдайды суреттеді.
Аграрлық сала, өнеркәсіп, IV деңгейлі бюджет енгізілімі, аудан орталығының көшелерін көріктендіруге, жекелеген округтердің ауыз су желілерінің қайта тартылымына арналған биылғы жылдың жоспары, өзге мәселелер негізгі баяндаманың мазмұнын толықтырды.
Алыс округтің тұрғындары елді мекендерге көше шамы орнатылғанын жөн көреді. Медицина маманының жоқтығына, дәрігерлік мекеме ғимаратының салқындығына, телефон байланысының тұрақсыздығына толғанды. Көше атауының өзгеруіне байланысты үй құжатын қайта ресімдетудегі қиындық, Қаратал ауылынан бала таситын көлік, электрші, учаскелік полиция уәкілі, жер телімі қажеттігі жайында мәлімдеді. Кепілдік мүлік проблемасын, бапкер маманымен самбо күресі секциясын ашқызу ыңғайын әңгімеге негіз етті.
Күншалған ауылындағы су құбыры жарығының кепілдік мерзім негізіндегі реттелімі –мердігершінің еншісіндегі іс. Әлеуметтік объектілердің, жергілікті мәндегі жолдың қысқы күтімін қожалық, серіктестік иелерінің өз міндетіне алғаны құптарлық қадам.
Жалпы есепті кезең іщінде округте айтарлықтай іс тындырылды. Жастарды туған жерінде тұрақтандыруға арналған міндет белгіленді. Жер телімі мен несие берілісі, кепілдік мүлік, құжат ресімделім мәселесінің оңтайлы шешімі ақылдасуға негіз болып жатты.
***
Олжабай батыр ауылында өткен жаңағыдай есепті кездесуде тарихи мұраға өте бай аудан мен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына баршасы қызығушылықпен назар аударды. Тамыз айында, аманшылық болса, ауқымды шара жоспарланып отыр. Есімі ауылға берілген, аңызға айналған қолбасшы мемориалының тұсаукесері өткізілмек. Бұл аумақта азамат соғысы кезеңімен орайласқан, 100 жыл бұрыңғы оқиғамен астасқан тарихи деректер баршылық. Округ әкімі Хавджалел Хасамханның есебі негізінен әлеуметтік бағытты қамтитын ағымдағы жылдың жоспарына арналды. Ауыл жастары да, әсіресе, Елбасы жариялаған Жастар жылы, толыққанды мәнді демалысқа тиісті жағдай қарастырылғаның қалайды.
Округ тұрғындары күнделікті өмірде ой салатын негізгі мәселе шешіміне белсенділік байқатты. Негізінен әңгіменің түйіні нақты штат бекітілімімен жастардың мәдени-спорттық демалысын ұйымдастыруға, дарынды бозбала-бойжеткенді біріктіруге мүмкіндік беруге келіп тірелді. Барлық өңірдегідей, бұл округте де іске кіріскен ауыл шаруашылығы өндірісі кооперативінің жұмыс ауқымын кеңейтетін жер бөлініс мәселесі, өз бизнесін дамыту проблемасы, жедел жәрдем көлігінің тозғаны, «Бастау Бизнес» бағдарламасымен жеңілдік несие берілісі алға көлденең тартылды. Әрбір сұраққа берілген анықтама жауабы ауылдастарды қанағаттандырды.
Биылғы көктемдегі ықтималды су тасқынымен орайласқан сақтық шаралары, Бәймен ауылындағы су бөгетінің жағдайы, Ынтымақ ауылына кіреберістегі көпір жөңделімі – ауыл әкімі межелеген жоспар. Оған қоса шағын ауылдың даму болашағы, жаңартылған оқу жүйесі ескерілетін оқушы санының толықтырылымы, ғаламтор байланысымен қамсыздандырылымы, өрт сөндіру бекетінің ашылуы – бәрі-бәрі ойда жүрген өзекті мәселе.
Әрбір елді мекен, тұрғын саны қанша болса да, сақталуы тиіс. Өйткені, тіршілік көзі ауылда. Халық тараса – атақоныс түпкілікті жойылады. Сондықтан оған лайықты жағдай, заманауи инфрақұрылым, атқарушы билік тарапынан белгілі бір қолдау қажеттігі айтпаса да белгілі.
Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ.
Суретті түсірген автор