МӘН-МАҢЫЗЫ ТЕРЕҢ ФОРУМ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осы негізде аудандық мәдениет үйінде жастардың ресурстық орталығы «Ереймен жастары – қуатты Қазақстан үшін!» атты аудандық жастар форумын ұйымдастырды.
Жиынға аудан әкімі Виктор Радченко, аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, әлеуметтік сала қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қала мен ауыл жастары қатысты.
Форум пердесі аудан әкімі Виктор Радченконың баяндамасымен ашылды. Өңір әкімі Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы негізінде жастар саясаты аясында сөз қозғады. Егемен елдің дамуы белсенді жастардың ықпалымен атқарылатын іс екенің атап өтті. Ізінше сөз жас кәсіпкер Нұрсұлтан Әутәліповке берілді. Автокөліктің техникалық күтімі бағытында қызмет көрсететін маман өз кәсібі жайлы шағын ақпар берді, ереймендік жастарға өз тілегін білдірді. Аудандық мәслихат депутаты Ержан Биекенов жас буынан үлкен үміт күтетінің атап өтті.Тіл оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы Анар Хасенова Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа әліпбиге көшудің артықшылығына тоқталды. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы, №8 АТК жастармен жұмыс бойынша инспекторы Зухра Тасболатова, «E TOWN» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қазбек Әлібек өз баяндамасын ұсынды.
Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Зарина Хабибулина орталықтың алдағы жоспарына шолу жасады, форумды қорытындылады. Өңіріміздің белсенді жастарын марапаттау ресіміне кезек келді. Белсенді замандастарымыз аудан әкімінің марапатына ие болды. Жиын соңы ауданымыздың танымал өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты, орталық белсенділері әнімен аяқталды

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
Суретті түсірген автор