ЖЫЛ ЖЕМІСТІ ТӘМАМДАЛДЫ

Алтыншы сайланымдағы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жыл ішіндегі жұмыс нәтижесі туралы қысқа ақпар
Алтыншы сайланымдағы Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті еңбек жылы тәмам болды.
Аудандық мәслихат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы» Заңы, аудандық мәслихаттың регламенті, аудан әкімінің аппаратымен, өңірдің ұйым мекемелерімен өзара тығыз әріптестік негізінде атқарады.
Халық қалаулыларының жұмысындағы негізгі басым бағыт алғашқы беттен анық белгіленді. Бәрінен бұрын экономика мен халықтың әл-ауқатын нығайтуға, ауылдық аумақты дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік әлсіз жандарды сүйемелдеуге, қоршаған ортаны қорғауға, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне көңіл бөлуге ден қойылды.
2018 жылы 17 сессия, соның ішінде кезектен тыс 13 сессия өтті. Қаралған барлық мәселе бойынша 75 шешім қабылданды.
Сессияның жұмысында бюджетті қалыптастыруға, атқарылымына, өзгеріс-толықтыру енгізіліміне елеулі көңіл бөлінеді.
Жылда бекітілетін аудан бюджеті өзінің әлеуметтік бағыттылығын сақтап келеді. Депутаттар бюджетті талқылағанда өз сайлаушыларының мүддесін алға тартады, әлсіздерге әлеуметтік атаулы көмек көрсетілім мәселесіне, халықты жұмыспен қамтуға, мүгедек балаларды материалдық қолдауға, білім мекемелерін дамытуға, көптеген өзге мәселелерге айрықша назар аударады.
Төртінші деңгейлі бюджет, тұрғын халқының саны 2000 адамнан асатын аудандық мәндегі қала, кент, ауыл, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзің-өзі басқару бюджетінің енгізілімі жергілікті өзің-өзі басқару жүйесін дамыту мақсатындағы жаңалыққа айналды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 14 әкімшілік-аумақтық бірліктің төртеуіне өз бюджеті енгізілді. Олар: Ерейментау қаласы, Еркіншілік, Тайбай, Торғай ауылдық округтері. Енгізілген жаңалық бюджеттік карым-қатынас реттелімінде қала, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті қауымдастықтың өкілеттігін кеңейтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдыңдағы есебін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, кезекті XXIX сессияда аудан әкімі В.Н. Радченконың есебі тыңдалды. Ерейментау аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы Н.М.Тоқсанбаев 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде атқарылған жұмыс туралы есеп берді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары қамтылатын мемлекеттік бағдарлама, сол негіздегі шаралар орындалымы әріптестеріміздің тұрақты назарында ұсталады. Мәслихат сессиясында «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының өңірімізде жүзеге асырылым барысы туралы; Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдары тілдерді дамытуға және қызметіне арналған мемлекеттік бағдарламасын Ерейментау ауданында орындау туралы мәселе қаралды. Аудан әкімінің ұсынысы бойынша «Ерейментау ауданының құрметті азаматы» атағын бергізу туралы» мәселе талқыланды.
Сондай-ақ, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асырумен орайласқан мәселелер мен өзге бағдарламалық құжаттар назарда ұсталды.
Сессия шешімімен аудан әкімі мен әкімдігі жаңындағы бірқатар комиссия мен кеңестің құрамына өзгеріс енгізілді, оған қоса өзге мәселе қаралды.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сессияның құқықтық норма белгіленетін шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелімнен өтеді де, жергілікті баспасөзде ресми жарияланады. Аудандық мәслихат 2018 жыл ішінде сессияда жаңағыдай 19 шешім қарап, әзірледі. Олардың бәрі әділет органдарында мемлекеттік тіркелімнен өтті де, мемлекеттік нөмір берілісімен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Аудандық мәслихатта екі тұрақты комиссия жұмыс істейді. Есепті кезеңде ол 12 мәселе қаралған 9 мәжіліс өткізді.
Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртібі мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының жиынында аудан әкімдігі жанындағы «Ерейментау ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мал Аман» КММ-нің жұмысы туралы; «Ерейментау қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Ерейментау ауданы тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз етуге арналған жұмысы туралы мәселе қаралды.
«Ерейментау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2017-2018 оқу жылының қорытындысына арналған есебі: Қызыл Ту ауылында тұратын оқушылардың Торғай орта мектебіне тасымалын қамтамасыз ету туралы; Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендеріндегі білім мекемелерінің жұмысы туралы; Ерейментау қаласы мен ауданның елді мекендеріндегі экологиялық жағдай туралы әңгіме қозғалды.
Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметттік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісінде келесідей мәселе қаралды: Ерейментау ауданының жер қорының жағдайы мен пайдаланылуы туралы; Ерейментау ауданының сумен жабдықтау жүйесінің жағдайы туралы; Ерейментау қаласының жылумен жабдықтау жүйесінің жағдайы туралы; «Астана-Павлодар» жаңа тас жолының іске қосылуы барысында туындаған проблема туралы (мал өткелінің құрылысы), оған қоса Ерейментау ауданының аумағындағы «Макинка-Ақсу-Торғай» жолының (автокөлік жолы мен жол өткелінің жөнделімі) мен «Торғай-Ерейментау» жолының жағдайы; Ерейментау ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы шенберінде егіншілік пен мал шаруашылығы саласы бойынша инвестициялық жобалардың (2017-2018 жылғы кезең ішіндегі) орындалу нәтижесі туралы; құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалым барысы туралы.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында сессияға енгізілетін мәселе талқыланғанда депутаттардың принциптілігі мен құзыреттілігі байқалады. Тұрақты комиссиялар атқару органдарының араласуын талап ететін өзекті мәселенің бәрін қала, ауылдық округ әкімдерінің назарына ұсынды.
«Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы белсенді жұмыс істеуде. Олар партияның бағдарламалық құжаттарын, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық-насихат тобының жұмысына араласады. Бекітілген жылдық жоспар бойынша мәжіліс өткізді. Депутаттар – партиялық фракция мүшелері, бекітілген кестеге сәйкес, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке өтініші бойынша қабылдады.
Депутаттық өкілеттіктің орындалуы – аудан шенберіндегі маңызды мәселе шешілетін сессия мен тұрақты комиссияның жұмысына қатысумен шектелмейді. Барынша маңыздысы – сайлаушылармен жұмыс. Әрбір әріптесіміз азаматтарды жүйелі қабылдайды, сайлаушылармен жүздеседі, сайлауалды тұғырнамада айтылған уәденің орындалуын бақылауда ұстайды.
Аудандық мәслихаттың депутаттары өзінің депутаттық өкілеттілігін тікелей орындаумен қатар, аудан мен облыста өтетін қоғамдық-саяси шараларлың бәріне белсене араласады. Олар жаңа оқу жылының басында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясына үн қосты, бұдан бөлек аудандағы спорттық-мәдени, әлеуметтік шара өткізіліміне демеушілік көмегін ұсынады. Жеңіс күнін, Балаларды қорғау күнін, Егде адамдар мен мүгедектер күнін атап өтуге, мұқтаж жандарға, көпбалалы, шағын ауқатты отбасыларға жәрдемдеседі.
Қайрат МАХМЕТОВ,
Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы