ЗАМАН АҒЫМЫНА ІЛЕС, ЗАМАНДАС

№8 Агротехникалық колледжінің «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, оқу орнының жастармен жұмыс бойынша инспекторы Зухра Тасболатованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел жиыны өтті.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқу орнының белсенді жастарымен талқылау басты назарда ұсталды.
Жиынға Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Манап Әдірешев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Медеу Әбжіков, аудандық білім бөлімінің әдіскері Сырым Әбжіков, колледж директоры Руслан Хамзин қатысты.
Аталмыш мақала негізінде Манап Әдірешев өз мысалын келтіре отырып, көзқарасын байқатты. Оған үн қосып, әр қазақтың жүрегіне ұялату қажеттігін ескерді. Ізінше жиынға қатысушылар кезек-кезек мақала негізінде өз ойын білдірді.
Колледж белсенділері де әңгіме негізіне арқау болды. Олар өз ойларын ортаға салды, талқылады. Елбасы жариялаған «Жастар жылы» аясында өз ұсыныс-тілегін білдірді.
Жастармен бірлескен жиынды соның оқу орнының директоры Руслан Хамзин қорытындылады.
Зарина КЕҢЕСОВА
Суретті түсірген автор