ҰМЫТЫЛМАЙ

Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің әдет-ғұрып бөлмесінде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған айлық пердесі салтанатты жағдайда ашылды.
Бүгінгі жүздесуіміз – мерзімі жағынан екінші жаһан соғысынан екі есе асып түскен осы бір шежірелі де қаралы кезеңге қатысы бар жандарды әспеттеудің нышаны. Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов жиынды құттықтау лебізімен ашты. Интернационалдық парызын өтей жүріп, жат елде жанын қиған боздақтар үнсіздік минөтімен еске түсірілді.
Бұл соғыс жайында ұзақ уақыт сыр айтылмады, Батырлар мен қаһармандарға қатысты ақиқат құпия ұсталды. Ізінше бәрі қаралы, жарқын да айбынды өлең-ән шумағына негіз болып жатты. Тыл және еңбек ардагерлерінің аудандық кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдин біздің сарбаздарымызды мақтаныш сезімімен атап өтті.
Интернационалист-жауынгер жерлестеріміз Мұрат Салықов, Ғабидолла Әубәкіров, Жамбыл Ахметов, Владимир Андреас, Қадыр Баймұқанов, Александр Житин, Борис Измаилов, Андрей Карасов, Олег Коваленко, Юрий Лыков, Аманғали Мұстафин, Рамазан Смағұлов, Серік Өмірзақов, Юрий Парфенов, Яков Семеняк, Юрий Семченко, Александр Сидоренко, Қамит Өмірзақов, Юрий Ушаков, Николай Шестаков, Юрий Янков жастармен кездесуге шақырылды.
Қонақтар жастарға өткен кезең естелігін баяндап берді.
Бұл ұмытылмайтын тарих. Уақыт алға жылжыса да, оқиғасы адамзат санасында мәңгі сақтала береді. Өйткені әрбір парағы боздақтың қанымен, ананың көз жасымен көмкерілген. Әкесіз қалған баланың, айқас алаңында болған сарбаздың санасында сақтала бермек.
Жастардың ресурстық орталығының директоры Зарина Хабибулина жарияланған айлық шеңберіндегі шаралар жоспарына тоқталды.
Кездесуді аудандық мәдениет үйінің қолдауымен аудандық білім бөлімі, жастардың ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Людмила МАРКОВА.