«Ерейментау», «Ереймен» газетінің редакциясы

«Ерейментау», «Ереймен» газетінің редакциясы жеке және заңды тұлғалардан материал мәтінін қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға біліктілікпен аударуға арналған тапсырыс қабылдайды. Туыс-жақындарыңызды мерейжасымен, өміріндегі айтулы оқиғамен басылым мен оның «gazeta-ereimentau.kz» сайты арқылы құттықтап қоюыңызға болады. Анықтама телефоны: 2-13-57. e-mail redakcia2008@mail.ru

БҮГІНГІ КҮН ЖАҢАЛЫҒЫ!

«Ерейментау», «Ереймен» газеті «Сіздерге арналған жарнама» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Оған белгілі шамадағы төлемақыға екі тілде жарық көретін жарнамалық сипаттағы хабарландыруыңызды жолдауыңызға болады. Бұл жарнамаңызды «Ақпарат-2019» инстаграммасынан (газеттің сайтынан) оқи аласыз.

https://instagram.com/akparat2019?

АСЫҚ – МЕРГЕНДІК ПЕН ДӘЛДІК НЕГІЗІ

Асық ойыны – қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Ол уақыт талғамай, күндіз де, түнде де, ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Сондықтан асық ұлттық ойындардың ішіндегі ең көне ойынның бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдайды, дәлдікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Ұлттық ойындарымызды қашанда дәріптеп, насихаттай білсек – ұтарымыз көп болмақ .
Бұл жолғы ойынның өз жүлдегері де белгілі болды. Кәусар Тоқанова бірінші, Айбикеш Бәйделдинова екінші, Әщім Қарақат үшінші орын алды. Жетекшісі – Самат Түсіпбеков, көмекшісі – аудандық ойын жеңімпазы, облыстық жарыс жүлдегері Рахымбек Перизат.
***
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай бастауыш сынып қыздары арасында мектепішілік «Бес тас» асық ойыны, «Асыл қазына – асық» сайысы өтті.
***
Асық ату қорытындысы: ер балалар арасында 1 орын – Әділхан Советов, 2 орын – Рахымбек Бекзат, 3 орын – Тоқар Сұңқар.
Ақпарат мектептің
Фейсбук парақшасынан алынды.

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНА ҚОСЫЛДЫҚ

15 наурызда Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шаңғы тебуден қалалық жарыс ұйымдастырылды. Игі шара 2017 жылы Алматыда өткен XXVIII қысқы универсиаданың күміс жүлдегері Ольга Мандриканың құрметіне арналды. Үш түрлі жастағы оқушылар шаршы алаңға шақырылды. Жеке біріншілікке ниет білдірген, жыл ішінде секцияға қатысқан спортшыларымыздың бәрі қосылды. Кішкентай топ үшін бұл тырнақалды сапар болды. Ақтық нәтижеде 2008 жылғы және бұдан кіші жастағылардың арасында Таня Кармалит бірінші, Софья Палий екінші, Гүлзат Төлеубаева үшінші орын алды. 2005-2007 жылғы орта топта: 1 орын-Ақнұр Сматаева, Жарбол Жақанбаев. 2 орын – Ақнұр Жұмабандықова, Лев Кармалит. 3 орын – Ектерина Рудикова, Сағымбай Арсен. 2002-2004 жылғы ересек топ: 1 орын – Динара Қажыбаева, Фещук Даниил. 2 орын – Кенженов Жандос, 3 орын – Советов Жансерік.
Жарысқа тек қаланың №1, №3 орта мектебі ғана қосылды. Өзге мектептер құрал-жабдығының тозуына орай, дайындық жүргізбейді. Жаңа оқу жылында аудандық білім бөлімінің оларға құрал-жабдық әперетініне үміттіміз. Бүгінгі бәсекенің негізгі демеушісі –жеке кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Нұртас Маңдаевқа ризашылық алғысымыз шексіз.

ТҮЛЕК ТІЛЕГІ – АРМАН АСУЫ

Кез келген мектеп түлегінің алдында үлкен арман – тілек бар. Әр мектеп бітіруші өз болашағына алаңдаулы. Оған үлкен себеп те бар. ҰБТ тапсыруға санаулы уақыт қалды. Жыл сайын сыннан өткізетін ҰБТ мектеп түлектерін де, олардың ата – аналарын да, тіпті он бір жыл білім берген ұстаздарын да алаңдататыны сөзсіз. Әр мектеп бітірушінің алдында «Қандай мамандық таңдаймын, болашақта мен қандай мамандық иесі боламын?» деген сауалдар мазалауда.
Олар болашақта өз ісін сүйетін, мемлекетті дамытатын маман болатынына сенімді ме? Менің ойымша, бұл сауалға кез келгеніміз жауап бере алмаймыз. Қазіргі кезде тек мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қызығушылықтың артуда. Бұл тегін оқу үшін өзі қаламайтын оқуға түсетін баланың жайы. Қазіргі кезде арнаулы гранттар техникалық мамандыққа көптеп бөлінуде. Әрине, бұл құптарлық іс. Бірақ, уақыт өте келе , техникалық мамандық иелеріне сұраныс кемісе ше? Осы орайда, менің көкейімді «барлық мамандықтарға грант қаражаты бірдей бөліну керек» деген ой мазалауда. Грантқа түсемін деп 4 жыл уақытын босқа, өзінің жүрегі қаламайтын мамандықты игеруге жұмсаған баладан мемлекетке не пайда? Керісінше, шығын емес пе? Сондықтан, болашақта әр түлектің өзі ұнататын қалауымен мамандықты таңдағаны дұрыс деп есептеймін.
Болашақта біздің тәуелсіз мемлекетімізді кім дамытпақ? Әрине, тек өз мамандығын сүйетін, оны жетік меңгерген маман иесі ғана өз елінің дамуына үлесін қосады.
Осыған байланысты мемлекет басшылары грант бөлу мәселесіне көп көңіл бөлсе екен. Өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайтын түлектерге пайдалы шешімдер шығарылса екен. Сонда ғана, Қазақстанымыздың болашағының дамуына кепілдік беретін маман иелері көптеп шықпақ.
Елбасы жариялаған биылғы Жастар жылында осы ұсыныс – тілегіміз сәтімен жүзеге асып жатса – көптеген замандастарымыздың бақ жұлдызы жарқырай жанар еді
Аяулым СЕКЕНОВА,
Өлеңті орта мектебінің 11- сынып оқушысы

ҚАМШЫ ӨРУ ДЕ – ШЕБЕРЛІК

«Әке көрген оқ жонар…» демекші, әкенің, үлкендердің игі ісін өнеге еткен, санасына тоқып өскен ер баланың келешегі баянды болатыны әмбеге аян.
Ауыл баласының да түрлі өнерге икемділігін, ықылас-ниетін, талап-талпынысын анық аңғарып жүрміз. Әсіресе жабағы үйретіп, тай жаратқан, ат спорты ойынына қызығушылық танытқан інілерімізді көргенде көңіліміз тояды. Ажылық жасөспірімдер мен жастардың талай дүбірлі жарыста алдыңғы қатардан орын алғанына да көпшілігіміз куәгерміз. Осының бәрі атбегілер мен тәлімгерлердің еңбегінің жемісі.
Ажы негізгі мектебінің оқушылары Мұхаметали Қайролла мен Абдуали Қайролланың (суретте) қамшы өру әдісіне бейімділігін аңғардық, іштей сүйсіндік. Міне балалардың тырнақалды бұйымы да әп-сәтте даяр болды.Сырттай бақыласаңыз – шеберлік негізінің барына көзіңіз жетеді. Ат әбзелдерінің қолданыс ретін жақсы білетін жасөспірімдердің жаңағы өнерінің әлі де ұшталатынына, теңдес жолдасына да жан-жақты насихаттайтынына сеніміміз кәміл.
Ақпараттық технология қарыштап дамыған, жаһандану белең алған кезеңде өскелең жастың ата кәсіпке ден қойғанының өзі зор ғанибет. Сонымен ұлттық өнеріміздің даму негізі, қайнар көзі ауылда ефкенін байқатып отыр. Оны жалғастыратын жастардың табылғанына екі шәкіртіміз анық айғақ. Қолдаушы-демеуші табылса – шағын шеберхана ашқызуға, іске икемді жасөспірімдерді бір арнаға топтастыруға әбден болады. Бұл – келешектің ісі деген ой түйдік.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарының баяндылығы төл өнерді қайта түлетуге, баршаға мирас етуге, ұлттық бұйымдарымызды әлемдік дәрежеде әспеттеуге негізделіп отыр. Оны қолға алатын – бүгінгі талапты жастарымыз.

Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ.

ФЕРМАНЫҢ ЫРҒАҚТЫ ЖҰМЫСЫ

Біз Новомарковка ауылына келген күні, елді мекендегі «Хамзе» шаруа қожалығының тауарлы-сүт фермасы жоспарлы режимі бойынша жұмысын жүргізіп жатты. Бүгінгі күні сиыр бұзаулай бастаған. Жемазық қоры жеткілікті. Кадр әлеуеті де мықты, құзыретті. Бұл аграрлық сала кәсіпорнының басты қағидасы.
Бапты күтімдегі симментал тұқымдас шет елдік сиыр өз орнына жайғастырылған. Елочка аталатын алаңшада бәрі тиісті рацион бойынша азықтандырылады. Қи-көңі залдың бойымен орнатылған транспортермен шығарылып тұрады. Қыста малды байлап күтетін оттық қарастырылған. Жеке ыдысқа ішетін суы құйылған. Aры қарай оқу

ДЕНІМІЗ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ…

Ақпараттық технология біздің өмірімізде елеулі орын алды. Мәліметтің басым бөлігін әртүрлі сайттан аламыз. Әрине, сапасы мен дұрыстығы – басқа мәселе. Ақпаратты талдай отырып, «Челлендж» сөзіне назар аудардым. Мән-мағынасы әлемнің әр түкпіріндегі ел өкілдерінің айналаны тазарту мақсатымен орайласады. Түпкілікті нәтижесі салыстырмалы фотосуретпен пысықталады.
Челлендж сөзінің мағынасына келейік. Ағылшын сөзін орыс тіліне тікелей аударғанда «шақыру» ұғымын береді. Ол күнделікті ағылшын тілінде «қандайда бір бәсекелестік, үнқатысу әлде қабылдау амалын атқару» мағынасында қолданылмайды. Біздің ұғымымыздағысы – интернет-ролик жанры. Анығырақ айтқанда: блогер оқиғаны бейнекамераға түсіреді де, желіге жолдайды. Ізінше осы тапсырманы өзінің танысына әлде пайдаланушылардың үлкен тобына қайталауды ұсынады. Бүгінгі таңда ластанған өзен жағасын, саябақ алаңын, қала-ауыл көшелерін тазартуға арналған челлендж әлеуметтік желілер арқылы бір елден келесі елге таратылуда. Тек өткен аптада ғана Орал қаласында кең ауқымды іс ұйымдастырылды. Қала тұрғындарының күшімен Жайық өзенінің жағасында қыс ішінде өлген 108 тонна балық жиылып алынды. Оралдықтардың бұл үндеуін Астананың қайырымдылық клубы қабыл алды. Олар күн жылынғанда Елорда мен жақын аумақтағы түрлі мөлтекаудан маңын жиыстыруға үн қосады. Айта кететін, бізге де белгілі болған жайт, әрбір адам жыл ішінде 300 келіден астам әлде 1,5 текше метр қоқыс шығарады. Ал егер Сіз көппәтерлі үйде тұратыныңызды ескерсеңіз, онда бір үйден қанша қоқыс шығады екен. Бұл, ел көлемін есептемегенде, бір үй тұрғындарының талдамалы есебі. Іс жүзінде республикада жаңағы қалдықтың тек 30 пайызы ғана қайта өңделеді. Егер айналаны рұқсат етілмеген алаң жайласа, тұрмыстық қоқыс кесте бойынша әкетілмесе, онда қала аумағының қандай күйге енетінін көзге елестетудің өзі қиын. Aры қарай оқу

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК – ӘРБІР ОТБАСЫНА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанада жуырда өткен кеңесте әлеуметтік саясат мәселесі қаралды. Әңгіменің мәнісі қазақстандықтардың әл-ауқатын оңалтуға, тұрмысын жақсартуға лайықталған шараларды өз деңгейінде жүзеге асыруға арналды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Марина Сердцева директивалық құжат талаптарынан туындайтын тапсырманы орындауға арналған шаралар аясында ақпар ұсынды. Ауданымызда қоныстанған отбасыларға жәрдемақы тағайындалымына, төлеміне қатысты мән-жайды түсіндіріп берді.
-Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанынан бастап жоспарланған атаулы әлеуметтік көмекке қандай санаттағы жандар үміттене алады?
– Жаңағы әлеуметтік жәрдем ел аумағында тұрақты қоныстанған, орташажандық табысы кедейшілік шегінен төмен азаматтарға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, босқындарға, репатрианттарға тиесілі.
– Бекітілген төлем шамасы, ағымдағы бюджет жылымен үйлесімді көрсеткіштер бойынша, қалай белгіленбек?
-Кедейшілік шегі 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 20789 теңге болмақ. Ол 29698 теңгеге бекітілген күнкөріс шегінің 70 пайызына тең. Осылайша, ақтық төлем қосындысы 20789 теңге болады.
Егер отбасының орташажандық табысы бекітілген сомадан аспай қалса, онда ол әрбір балаға он сегіз жасқа толғанша жәрдемақы алуға құқылы. Отбасының өзге өкілдерінің айырмасы орташажандық табыс пен кедейшілік шегінің аралық қосындысы арқылы белгілі болады..
Мысал ретінде бір отбасын алайық. Бір ананың қолындағы үш баланың біреуі 18 жасқа дейінгі студент. Бірлескен кірісі -82000 теңге. Төрт жанға арналған орташажандық табыс – 20500 теңге. Бұл ананың атаулы көмек алатын құқығы баршылық. Aры қарай оқу

ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ СЕНІМІ

Өткен аптада Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде кітапхана қызметкерлерінің аудандық семинары ұйымдастырылды.
Елбасының «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» бағдарламалық құжаты аясындағы «Ел жастарының тарихы» тақырыбы бұл жолғы әңгіме өзегіне айналды. Шара пердесі құжаттың негізгі тарауларына арналған аса бай, иллюстрациялық кітап көрмесімен ашылды. Жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Динара Сәдуақасова мен Ләззат Сырымбетова көзбен көргенімізді қызықты әңгімемен толықтырды. Қала мен ауылдан экскурсияға жиналған әріптестер түрлі сала қамтылған мол ақпаратқа қанықты. Атап айтқанда мәдениетті дамытудың негізгі бағыттары, темір бұйымы өндірісі, егін, мал өсірілімі, республикамыздың ежелгі киелі орындары әңгіме өзегіне айналды. Aры қарай оқу