АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯ ЖИЫНЫНАН

Депутат Юрий Адайкиннің төрағалығымен, аудандық мәслихат хатшысының, депутаттардың, аудан әкімі орынбасарларының, дербес бөлім, үкіметтік емес ұйым, баспасөз бастықтарының қатысуымен XXXVI кезектен тыс сессия өтті.
Депутаттардың қарауына және кезектен тыс сессия шешімін қабылдауға бірнеше мәселе ұсынылды. Олар: бұрынғы КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына орай Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы; Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылдың 3 қазанындағы «Ерейментау ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу, тізбегін анықтау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілімінің интеграцияланған моделін енгізуге және сапа мониторингіне арналған аудандық ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы; Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылдың 18 сәуіріндегі «Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге, қоныстануға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге арналған комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»; Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылдың 17 ақпанындағы «Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы құқық тәртібі және құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған комиссияның дербес құрамын бекіту туралы».
Әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Марина Сердцева күн тәртібінің алғашқы үш мәселесі бойынша анықтама берді. Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан, Ақмола облысында қоныстанған, жандарға Ауғанстаннан әскер шығарылуының 30 жылдығына орай облыстық бюджеттен біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетіні, бұл жәрдемді Ерейментау ауданынан 21 адамның алатыны айтылды. Өйткені ұрыс қимылына қатысушылар мен мүгедектер ретінде олар Ұлы отан соғысына қатысушы мәртебесіне теңеседі.
Екінші мәселе бойынша, минималды зейнетақы алатын, еңбек өтілі кемінде 10 жылды қамтитын жандарға тиесілі төлем, ауылдарда, соның ішінде Бестоғай ауылы қамтылған, жалғызілікті жандарды әлеуметтік сүйемелдеу жайында анықтама берілді. Марина Сердцева, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амантай Хасенов, ұйымдық-құқықтық бөлім жетекшісі Жұлдыз Әбдірахманова ауылдық аумақтардағы мектеп педагогтарын әлеуметтік қызметкер ретінде жұмысқа тарту мүмкіндігі, Құрам өзгерісіне байланысты түрлі комиссиялардың құрам бекітілімі туралы ұсыныс енгізді.
Күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша депутаттардың ұсыныс-ескертуі ескерілген тиісті шешім қабылданды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.