ЕЛ ТҰРМЫСЫ АЛҒЫ КЕЗЕКТЕ

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның өткен XVIII съезінде сөйлеген сөзінде әлеуметтік бағдарланған саясатқа, оны әрмен қарай іске асыруды көздейтін жаңа бастамаға ықыластылығын танытты.
Партия съезінің жұмысындағы басты мақсат 2030 жылға дейінгі «Әл-ауқат қоғамы: онжылдықтың 10 нысанасы» жаңа партиялық бағдарламасының басым бағытын талқылауға арналды. Азаматтарды әлеуметтік сүйемелдеу шараларын күшейтуге арналған мәселе де ойда ұсталды. Президент өз сөзінде халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік сүйемелдеуге, табысы аз азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты бірқатар шараларды ұсынды. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмекке арналған шығын молайтылатын медицинаның сапасын жақсартуға көңіл бөлінді. Ауылда, ауылдық округтерде, қалада өткен есепті кездесу барысында жолдың сапасына назар аударылды. Айта кететін жайт, келешекте облыстық, аудандық мәндегі автокөлік жолының жағдайы жақсартылмақ, өңірлік көлік инфрақұрылым объектілері жаңғыртылмақ. Сапалы ауыз сумен, электр қуатымен, газ желісімен қамсыздандырумен орайласатын өзекті мәселе біртіндеп шешімін табады. Көпбалалы отбасыларды сүйемелдеуге, мүгедектік жәрдемақы мен шәкіртақыға, ата-анаға, қамқоршыға, мүгедек бала тәрбиелейтін отбасыға тиесілі жәрдемнің көбейтілетініне қатысты мәселе қоғамда, әрбір отбасында жан-жақты талқылануда. Балалы отбасыларды сүйемелдеуге лайықталған атаулы әлеуметтік көмек бөлінісіне елеулі көңіл бөлінген. Білім саласындағы реформа, нысаналы бағыттар – білім сапасының жақсартылымы, мұғалімдердің біліктілігінің арттырылымы, оқу орындарының материалдық-техникалық әлеуетінің нығайтылымы ел назарын аудартып отыр. Ерейментау ауданы облыстағы аграрлық өңірдің бірі. Сол себепті бізге арнаулы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде жобаланатын бағдарлама етене жақын. Бұл бағыт жастарымызға өз мүмкіндігін іске қосуға, келешек ой-жоспарын жүзеге асыруға, ауылда тұрақтауға, туған жерін түлетуге негіз болмақ.
Елбасы, көшбасшы партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жоғарыда аталған бағыт-жобалардың бәрі кешенді сипат алады, партияның ұзақмерзімдік мақсатымен үйлестірілген, таяу уақыттың өзінде адамдар оның пайдасын сезінетін болады», деп сендіріп отыр.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА.