ӨНЕР ИЕЛЕРІ ӘСПЕТТЕЛДІ

Көркемөнерпаздардың дәстүрлі аудандық байқауына түрлі жанр бойынша Еркіншіліктен түрлі жастағы жалпы 110 өнерпаз ұйымшылдықпен белсене үн қосты.
Мәртебелі сахна төрінде өзге округ әртістерімен тең дәрежеде өзіндік дарын-қабілетімен дараланды. Туған жер намысын абыроймен қорғауға, сахнаны әнмен-бимен әрлеуге мектеп оқушыларының, мұғалімдердің, түрлі талант иелерінің қосқан үлесі, сіңірген еңбегі өлшеусіз. Жаңағы еңбектің лайықты бағасы ретінде бір топ өнер иесіне ауыл әкімі Жаңабай Амангелдиновтың атынан Алғыс хат берілді. Алтын Омарова, Гүлжан Омарова, Байтұрсын Алтынардақ, Әсем Сапарова, Любовь Эленшлегер, Елена Вебер, Рамазан Жаңылған, Төлеубай Алтыбаев, Ләззат Жетпісова, Леонид Шевчук, Ләззат Жампейісова, Дамир Сүлейменов, Дәулет Ерлан, Ольга Гаус, Хумарберген Өміргүл лайықты құрметке бөленді.

Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ.