САЛАМАТТЫЛЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Ақпанның соңғы күндерінде облысымыздың Бұланды ауданында қысқы спорт ойындарына арналған облыстық «Хрусталь масақ» спартакиадасы өтті.
Шаршы алаңда облыс аудандары мен қалаларының командалары бақ сынады. Ереймендіктер рейтингтік кестеде он үшінші орынға табан тіреді. Отбасылық стартқа қосылған Пырхтың отбасы үшінші тұғырға көтерілді. Спартакиадаға қатысушылар ойынның жақсы ұйымдастырылғанына разы болды, көңіл-күйі көтерілді, спорттық шабыт алды. Келесі дәстүрлі жарысқа тыңғылықты даярлануды ұйғарды.
Дайындаған Раушан БАРЖАҚСЫ.