Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Ерейментау ауданы Торғай ауылының әкім сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес 2019 жылдың 01 наурызында Ерейментау ауданында Ақмола облысы Ерейментау ауданы Торғай ауылы әкімінің сайлауы өткенін хабарлайды.

Аудан бойынша сайлаушылардың тізіміне 12 адам енгізілді. Дауыс беруге 8 сайлаушы қатысты

Торғай ауылының әкіміне үміткер ретінде дауысқа түскендер:

Әубәкіров Марат Қанатұлы, үміткерді жақтап берілген дауыстар саны– 7 (87,50 пайыз)

Ершова Мария Леонидовна, үміткерді жақтап берілген дауыстар саны – 0 (0,00 %)

Қоқымбаев Рүстем Жанатұлы, үміткерді жақтап берілген дауыстар саны– 1 (12,50 %)

Жарамсыз бюллетень саны – 0.

Әубәкіров Марат Қанатұлы сайлау қорытындысы бойынша Торғай ауылының әкімі болып сайланды Ол 1984 жылы туған, “Ерейментау ауданы Торғай ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің әкімі, мекен-жайы: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Торғай ауылы, Ақбұлақ көшесі, 10 үй, 1 пәтер

 

Ерейментау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрайымы            З.ЖҮСІПОВА

 

Ерейментау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы          Б. ТӨЛЕНОВА