ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінде бұрынғы директор ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Балташ Сыздықұлы Дүйсеновты еске түсіруге арналған тоғызқұмалақтан IV республикалық турнир өз пердесін айқара ашты.
Бағы мен бабы сәтімен үйлескен тоғыз команда тобымызға қосылды. Облысымыздың Ақмол ауданынан бөлек, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Семей, Павлодар, Ақсу, Көкшетау, Ерейментау қаласынан жалпы 115 адам жиылды, олардың ішінен 94 адам спортшы-ойыншы ретінде хаттамаға тіркелді.
Алаң иелері мен қонақтарымыз спорт маршының әуенімен тиісті саппен залға еніп келеді.
Бапкерлер өз командасын таныстырды да, тоғызқұмалақ ұлттық ойынының бас төрешісі Мұрат Уажановқа ойыншыларының жарысқа қатысуға дайындық деңгейін баяндады. Жалылама сап түзеуге нұсқау түсті. Тәуелсіз еліміздің Әнұраны әуеледі.
Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов бүкіл жерлестер мен меймандарға ыстық ықыласты сәлем лебізін, толымды табыс тілегін арнады. Ең төзімді, сабырлы, епті, бабы келіскен ойыншының мәртебесі еселенетінін қоса айтып өтті.
Атаулы турнир иесінің жесірі, ардагер ұстаз Раушан Әмірова уақыт тауып, алыс-жақыннан келіп жарысқа қосылған, Балташ Сыздықұлының рухына тағзым еткен көпшілікке ризашылық алғысын жолдады.
Самбодан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкер Қайыркен Жақып, БЖСМ директоры Сәрсенбек Өтепов құттықтау лебізін жалғастырды.
Спортшылар дағдылы ойын үстеліне жайғасты. Тиісті ереже тәртібін жетік меңгерген ұл мен қыз өз кезегімен тақта алдындағы алдындағы 81 құмалақты есеп бойынша қарсыласының ұяшығына үлестіруде. Жеңімпазы да жаңағы үлестірілім тәртібімен, қарсы жақтағы ұяшықтан жиып алған құмалақ санына қарай белгілі болады. Ойын барысында екі ойыншыға да арифметиканың төрт амалын барынша ұтымды қолдануға тура келеді. Сондықтан есепке жүйрік болумен қатар тактиканы да ойға алған дұрыс.
Спортшыларымыз жеңіс жолында екі күн бәсекеге түсті. Міне, төрешілер соңғы нәтижесін салмақтауда. Ұпайын есептеуге, жүлделі орын иегерлерін анықтауға кірісті.
Көптен күткен уақыт та жетті. Командалардың бәрі ақтық қорытындыны күтуде. Сонымен келесідей үздіктеріміздің бақ жұлдызы жарқырай жанды:
2006-2007 жылғы ер балалар
1 орын – Мадияр Қадырбек (Ақсу)
2 орын – Ермұхамед Дарханбек (Қызылорда)
3 орын – Ерасыл Құдайбергенов (Павлодар)
2006 -2007 жылғы қыздар
1 орын – Айдана Болатханова (Ақсу)
2 орын – Аяжан Кабдулмашит ( Павлодар)
3 орын – Дильназ Жанат ( Павлодар)
2008 -2009 жылғы ер балалар
1 орын – Сапар Тамерлан (Ақсу)
2 орын – Серікбай Абдуллах ( Павлодар)
3 орын – Ерхан Рүстем (Қызылорда)
2008 – 2009 жылғы қыздар
1 орын – Еркежан Еркінова (Семей)
2 орын – Сымбат Жүсіпбай (Павлодар)
3 орын – Аружан Нұрсұлтан ( Акмол кенті)
2010 жылғы және бұдан кіші ер балалар
1 орын – Нұртас Мұхтар ( Қызылорда)
2 орын – Ернұр Шмид (Ақсу)
3 орын – Бексұлтан Досан (Семей)
2010 жылғы және бұдан кіші қыздар
1 орын – Аяжан Сағынтайқызы
2 орын – Әмина Андосова (Ақсу)
3 орын – Медина Сарт (Атырау)
«Жеңіске деген жігері үшін» аталымында келесідей ойыншыларымыз ілтипатқа ілікті:
Жасмина Абдижалил (Атырау), Алтынбек Есдолда (Акмол кенті), Еркежан Мамтилин (Семей), Аида Нұртасқызы (Ақсу), Расул Нұрланұлы (Атырау), Бағдат Мұхтар (Қызылорда), Адина Қадырбаева (Ақмол кенті).
Нұржан Нұрсұлтан (2012 жылғы, Ақмол кенті), Бекнұр Раев (Ақтөбе), Амина Мамтимен (Семей), Інжу Нұржанқызы (Атырау) турнирдің ең жас ойыншысы болып танылды.
Жалпыкомандалық есепте жүлделі жеңіс тұғырына көтерілгендер:
1 орын – Ақсу қаласы
2 орын – Павлодар қаласы
3 орын – Қызылорда қаласы.
Спорттық шараға қолдау көрсеткен Бөгенбай батыр атындағы мектепке, балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, спорт, білім бөліміне Дүйсеновтер әулетінің атынан алғыс айтылды. Өз командасын ойынға қосқан әрбір бапкерге Алғыс хат табыс етілді.
Жеңімпаздардың бәрі ұйымдастырушылар тағайындаған түрлі дәрежелі аспалы медальмен, грамотамен, кубокпен көтермеленді.
ЛЮДМИЛА МАРКОВА.