АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Соғыс және ағарту ісінің ардагері, ұлағатты ұстаз, мұғалімдер әулетінің білім беру саласындағы жалпы қызмет өтілі 252 жылды қамтитын тәлімгер аға Темірғали Бейсенбекұлы Жапабаевтың рухына арналған шығарма.
Оқып шықтым мен «Асылдың сынығын»,
Зерделедім Темең ата ғұмырын.
Сіміргендей әсердемін қайнардан,
Мол кеңейді ой-өрісім, ұғымым.
Сонау жылы Отан үшін от кешкен,
Қаймықпаған зұлым жаудан беттескен.
Бейбіт өмір орнатуға елінде,
Таңғажайып ерлігімен септескен.
Қайсар сарбаз қан майданда шыңдалған,
Ерен ерлік марапатпен құндалған.
Ауыл қарты – жазып қойған хатпен тең,
Әр сөзінен ел баласы үлгі алған.
Әке, Ата – ауылымның ұстазы,
Мықты болған шәкіртінің ұстамы,
Әулетінде қасиетті тәлімін.
Ізгі жолын жалғастырған ұрпағы.
Елбасына берген құнды батасы,
Ел бірлігін көздеп өткен Атасы.
Сыр шертеді ғұмырынан Темеңнің,
Жарық пенен Бозталдың әр жотасы
Терең білген қазақы жөн-жобаны,
Ақыл сөзі аса құнды, бағалы.
Президенттің Жаңғыруын рухани,
Ерте жазған мен таныдым Ағаны.
Жылағанға жылы сөзбен дем берген,
Еңбегінің игілігін ел көрген.
Елжіретер әрбір нәзік жүректі,
Інілердің естелігі көзкөрген.
Қалған екен жақсыдан мол шарапат,
Ғұмыр жолы имандылық, парасат,
Жақсылығын ел айтуда сүйсініп,
Міне осы аса құнды марапат.
Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.