М Е Н С А Р Б А З Б Ы Н

Мен сарбазбын …
Ту алдында ақ антымды көтергем
Тайсалмаймын оқ жаңбырлы нөсерден
Ақша таңды кірпік қақпай қарсы алып
Ар алдында етікпен су кешкем мен.
Мен сарбазбын…
Ішке сақтап құпияны. сырымды
Үйренгемін әскери сан ғылымды
Талай ата ұлдарымен танысып
Бір окопта біріктіргем үнімді.
Мен сарбазбын…
Отаншылдық жүрегіме орнаған
Ел өмірін , жер өңірін қорғаған
Казармада, шекарада, қатарда
Командасыз өмір менде болмаған.
Мен сарбазбын…
Бейбітшілік үнін ғана тыңдаған
Соғыс өрті , соғыс үні тың маған
Қатал тәртіп қазірде бар бойымда
Отан өзі тәрбиелеп шыңдаған.
Армиям бар патриоттық мектебім
Елім үшін біткенінше от демім
Жұмысшымын, сарбазбын, сардармын
Болса – дағы сұр «шинелім» жоқ менің.
Сейтхан БАРДАМБАЙҰЛЫ.
Олжабай батыр ауылы