САПА – ТҮПКІЛІКТІ БАҒЫТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында» «Ұлт саулығы – баянды болашағымыздың негізі», деп атап көрсеткен еді. Осы орайда «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ұзақмерзімдік жаңғырту шеңберінде біз ел аумағында медициналық қызмет көрсетілімінің бірыңғай стандартын енгізуіміз шарт. Оған қоса медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын жетілдіруіміз, біріздендіруіміз қажет. Негізгі басымдығымыз: сапалы да қолжетімді медицина қызметі көрсетілімін, дерттің барынша кең көлемді диагностикасын, емделуін қамтамасыз ету». Ерейментау аудандық ауруханасының бас дәрігері Марал Қабдешқызы Сүлейменовамен әңгімеміздің өзегі осы және өзге мәселелерге арналды.
– Марал Қабдешқызы, аудандық орталық аурухана мамандарының сапалық құрамы, студенттердің дәрігерлік медицина мамандығына тартылымы, оқытылымы, саланың жалпы материалдық-техникалық қамсыздандырылымы, ағымдағы жылдың жоспары жайында не айта аласыз?
– Әңгімемнің кіріспесінде бүкіл жерлестерімді алдағы көктемгі жаңару мен бірлік мерекесі Әз Наурызбен құттықтағым келеді. Бәріңізге денсаулық пен амандық тілеймін.
Мемлекет бүгінгі таңда халыққа көрсетілетін медицина қызметінің сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Ауданымызда мамандық-білігі әркелкі 47 дәрігер еңбек етеді. Маман қамтылымы 98 пайыз болса да, олқылығы сезіледі. Благодат, Сілеті дәрігерлік амбулаториясында қатарымыз толығатын емес. Еңбеккерлердің негізгі үлесі – 63 жасқа дейінгілер, зейнеталды жасындағылар. Жұмыс істейтін 8 зейнеткеріміз бар. «Бұл мәліметті қандай мақсатпен жариялаймын?», деген сауал туындайтыны заңдылық. 12 студентіміз аудан әкімінің грантымен еліміздің әртүрлі медициналық ЖОО- ында оқытылып жатыр, әйтседе кадр әлеуеті жаңартылуы үшін ол жеткіліксіз. Олар тек таяу жылдарда алмастыруды керек ететін зейнеттік жастағы дәрігерлердің орнын ғана толтырады. Келешекте кадр тапшылығы болмас үшін, бүгіннен қам жасалуы дұрыс. Ақмола облысында ауданымыздың географиялық оқшау өңірде орналасуына орай, алғы күнде саламызда көрсетілетін медицина қызметін кеңейтуге талап қойылады. Бүгінгі таңда балалар мен жүкті әйелдерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек ауқымы бойынша стоматология кабинетінің ашылымы өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі уақытта жаңағы қызмет көрсетілімі аккредитацияланбаған мекеменің үлесінде.
-Тұйықтан шығатын қандай жолды ұсынар едіңіз?, – деп сұрарсыз. Кадр тапшылығын шешудің бір жолы – жылда медициналық ЖОО-ына кемінде бес талапкерді оқуға грантпен қабылдау. Сонымен үш жылдың ішінде 15 адам оқытылады да, білікті маман қатары толығады. Қоса назар аударарлық жайт, біз жылда елдің салалас жоғары оқу орындарындағы бос орын жәрмеңкесіне қатыса жүріп, жас мамандарды ауданымызға қызметке тарта алмаймыз. Өйткені оларға баспана, көшерақы ұсынатын мүмкіндігіміз жоқ. Қазіргі таңда мекемеміздің төрт дәрігері тұрғын үймен қамтылмай отыр.
Ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылым мәселесіне көшейік. Бүгінгі күні дәрігерлік мақсаттағы барлық медициналық техника мен бұйым тіркелімі мен есебі МТБЖ (Медициналық техниканың басқарылым жүйесі) бағдарламалық кешеніне енгізілген. 2019 жылдың 1 қаңтарында, ғимарат пен құрал-жабдықтың тозуын ескерсек, аудандық аурухананың жарақтандырылым деңгейі 59 пайызды қамтиды.
Ескірген-тозған жабдықтың орнын жылда толықтыруға, алмастыруға тырысып келеміз. Медициналық құрал мен техника өндірісі саласында дамыған заманауи технология халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға, шекарасын кеңейтуге септесіп келеді. 2018 жылы облыстық бюджеттің қаржысына физиотерапия кабинетіне жалпы 4669000 теңгенің құрал-аспабы алдырылды. Нәтижесінде емханада қосымша физиоем кабинеті ашылды.

Өз қаражатымызға емдік физкультура кабинетін ашып алдық. Ол инсультті өткерген, түрлі жарақат алған жандарды стационарда сауықтыруға септеседі. Ағымдағы жылы өз қорымыздағы 2 330 000 теңгеге медициналық жабдық: электроотсос, офтальмоскоп, функционалды кереует, негатоскоп алдырмақ ниеттеміз. Қанды кең көлемде, тиімді зерттеуге қолданылатын гематологиялық талдағышты аудандық бюджеттің қаражатына алдыруға жергілікті атқару органдарынан көмек өтінгім келеді. Өйткені ауданымызда қанның биохимиялық талдамасы тиімді реактив пен компонент қолданысы арқылы, ежелгі әдіспен жүргізіліп келеді. Талдама нәтижесі жаңағы реактивтердің сапасына тәуелді. Тағы қоса айтарымыз: республикалық бюджет арқылы 106642400 теңгеге рентген аппаратын, ультрадыбыстық зерттеу аппаратын, «цифрландыру» шеңберінде ауданның дәрігерлік мекемелеріне арналған дербес компьютер, оған қоса гинекология, перзентхана бөлімшелеріне ауқымды құрал-жабдық жиынтығын сатып алатын жоспарымыз баршылық.
Жаздыгүні аудандық орталық аурухананың қабылдау бөлімін, жансақтау бөлімшесін жөндеуді мақсат етеміз. Байсары медициналық пунктінің жөнделімі, Тайбай дәрігерлік амбулаториясының қазандық ауыстырылымы назарда ұсталатын болады.
Әңгіме барысында өңірдің денсаулық сақтау жүйесіндегі қызмет көрсетілім сапасын жақсартуға қолайлы ықпал жасайтын жағдайлар қамтылды.
Марал Қабдешқызына мазмұнды да тартымды әңгімесі үшін алғысымызды айтамыз, ойға алған ісінің сәтімен жүзеге асырылуын тілейміз.
Жазып алған Раушан НҰРҒАЗИНОВА.