ӘСПЕТТЕЙМІЗ ӘЙЕЛ-АНАНЫ!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара мейрам қарсаңында Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде өтті.
Аудан әкімі Виктор Радченко мереке шымылдығын құттықтау лебізімен ашты. Өңір басшысы заманауи қоғамда әйел қауымы отбасының ұйтқысы әрі қарыштап дамыған егемен мемлекеттің толыққанды өкілі екенін кіріспе сөзіне негіз етті.
Көктемде табиғат түлейді, әйел де баршамызға өмір сыйлайды, айналаны сүйіспеншілік пен әсемдік шуағымен көмкереді. Өйткені олар – әркімнің өмірінде ғана кезігуі мүмкін жан сүйсінерлік сәт. Тұтас елдің, барша адамзаттың болашағы нәзік жанды тұлғаға тәуелді. «Дәл сіздер республикамыздың, еліміздің, тұтас ғаламшардың келешегін қалыптастырасыздар. Сіздер баланың тәрбиешісі әрі қамқоршысысыздар. Ұлт пен бүкіл адамзаттың келешегі ұрпақтың жан-дүниесіне қандай құндылық пен өнеге беретіндеріңізге тікелей тәуелді».
Залдағы замандастарымызға аудан басшысының атынан гүл дестесі сыйға ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарындағы №827 Жарлығына сәйкес, Ерейментау қаласынан Жанна Нүрпейісова, Өлеңті ауылының тұрғыны Әділ Амангүл «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.
Мұғалима Алма Абақова өскелең ұрпақ тәрбиесіне сіңірген айрықша еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасына, Зәуреш Қалиәкпарова салалас министрліктің Алғыс хатына қол жеткізді.
Әлеуетті де тату көпбалалы отбасылар ауданымыздың мақтанышы. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құрметіне бала тәрбиесіне қосқан үлесі, отбасылық құндылықтарды насихаттағаны үшін көпбалалы аналар аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлығымен көтермеленді. Олар: Роза Тоқсанбаева, Әсем Төрегелдина, Алма Жақина, Хумар Айнажан, Балсарқыт Оспанова, Татьяна Ямпольская, Айгүл Мұхамеджанова, Дария Еськова, Әлия Қалиева, Қаламқас Әділова, Әсейхан Амангүл.
ХҚКО маманы Әсем Оразалинаға, аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің маманы Анар Қызкеноваға аудан әкімінен Алғыс хат ұсынылды.
Мереке себепкерлері мазмұнды да қызықты концертті тамашалады. Аудандық мәдениет үйі мен Балалар шығармашылық үйінің үздік өнер ұжымы вокалды әнімен, тартымды биімен баршаны риза етті.
Людмила МАРКОВА.