ГАЗЕТІМІЗ САҚТАЛА МА ӘЛДЕ…?!

Оқырман қауымына бұл жолы Үндеу арнауымызға келесідей жағдай негіз болып отыр.
Бүгінде «Ерейментау», «Ереймен» атанған аудандық қоғамдық-саяси газет өңір аумағында сексен төрт жылдан бері жарық көріп келеді. Басылымның қызметкерлері, сұрапыл соғыс кезінде де, 90-жылдары да, атқару билігімен бірге оны жоғалтпай, сақтай білді. Ал енді, оқырман алдындағы міндеттемесін атқарғаннан кейін, келесі жартыжылдықта газет сақтала ма, әлде жабыла ма?, деген сауал тұр. Біз жылда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмыс істеп келдік, осы негізде белгілі шамада қаржыға қол жеткіздік. Тапсырыс төлемін барынша өсірген ауданымыздың бұрынғы әкімі Ермек Нұғымановты алғыс сезімімен еске түсіргіміз келеді. Дегенмен бұл қаражат қоры өзге тұлғалардың, турасын айтқанда, көз құртына айналды. Біздің негізгі тапсырысшымыз, Кәмила Дүйсембаева басқаратын ішкі сасат бөлімі, ақпараттық қызмет көрсетіліміне қосымша келісім-шарт бекітпесе де, қызметімізді пайдаланудан бас тартатыны туралы ескертпесе де, жұмысымызды атқарып жаттық. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды негізге алдық, Бөлімнен жөнелтілген, жариялануы міндеттелген материалдарды қабылдай бердік. Серіктестігіміз ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айындағы жұмысына көк тиын ақша алған жоқ. Аудандық газетке 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығына жазылу науқанынан тапқан табысымыз тек ағымдағы жылдың алғашқы екі айлық коммуналдық қызмет, баспахана борышын, өзге міндетті төлемді өтеуге ғана жетті. Редакция қызметкерлері жалақысыз қалды, ал әрқайсымыздың отбасымыз, несие берешегіміз, өзге төлеміміз баршылық. Мемлекеттік сатып алу жүргізілгенде, негізгі экономикалық қызмет кәсібі «Жылжымайтын мүлік сатылымына» лайықталған, «Алтай» жеке кәсіпшілігі компаниясы, бағаны төмендету жолымен, тендерді ұтып кетті. Шындығына келсек – жеке кәсіпкер өз басылымын қалай, қандай тәсілмен таратпақ, жергілікті журналистерден сол мекемеде жұмыс істеуге кім ниетті, өңірімізге қандай «жетістікпен» кіреді? Ол жағы бізге беймәлім.
Біз бүгінгі таңда, қаражаттан қиналсақ та, өз қызметімізді жалғастырып келеміз. Жерлестеріміз, кәсіпкерлер, зиялы қауым, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық бірлестіктер өзінің қызықты жаңалығымен, ой-пайымымен, жарнамасымен, туыс-жақындарына құттықтауымен, қызмет көрсетіліміне арналған ақылы мақаласымен қолдау көрсетеді деген үміттеміз. Өкінішке қарай, атқару органдарының өкілдері дәл қазіргі жағдайда әліптің артын бағып, бақылаушылық пиғылды ұстанып келеді. Біз, өз кезегімізде, егер аман сақталса, келесі жылы 85 жылдығы аталып өтетін, аудандық «Ерейментау», «Ереймен» қоғамдық-саяси газетін жоғалтпау мақсатында тапсырыстарыңызды адал ниетпен орындауға тырысатын боламыз.
Әрине, біз де қол қусырып отырмай, заңды негізде күресуге тырысамыз, дегенмен кез келген жағдайда, сіздерден қолдау күтеміз, құрметті туған жердің патриоттары мен басылым жанашырлары.
Редакция алқасының атынан, аудандық «Ерейментау», «Ереймен» қоғамдық-саяси газетінің редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғамдық кеңестің мүшесі Раушан НҰРҒАЗИНОВА.