«САРЫАДЫР» КЕНІШІ – НАҚТЫ АҚИҚАТЫ

Газетіміздің ағымдағы жылдың 20 наурызындағы нөмірінде Фархат Әміреновтың «Сарыадыр» кенішінің жұмысы неге шатқаяқтады?» мақаласы жарияланғаннан кейін біз баспасөз турына шақырылдық. Бұл жолы серіктестік директорының орынбасары Азамат Қапашевтың басқаруымен «Малишер ЗС» ЖШС-нің өкілдері жаңағы көмір кенішінде қалыптасқан жағдайды нақты сипаттап берді.
Жарияланым мәнісіне үңілсек, белгілі ірі кәсіпорында қалыптасқан жағдайға «Оң Олжа» ЖШС-нің басшысы Марат Нәбиев өз көзқарасын білдірген. Мақаланы негізге ала келе, компанияның өкіліне – «Малишер ЗС» ЖШС операторына қояр сауалымызды даярладық.
Межелі бағдарлама бойынша «Сарыадыр» көмір кенішін аралап шығуға ұсыныс берілді. Компания жұмыскерлеріне тиісті жағдай жасауға лайықты жөндеуден өткен әкімшілік ғимараты көрсетілді. Асханада сырттан тартылған жеке кәсіпкер барлық еңбеккерлерге төлем құны 50 пайызға арзандатылған үш мезгіл тағам даярлап береді. Түнгі ауысымға баратындардың дәмі арнайы термоспен жеткізіледі. Айналада тәулік бойы бейнебақылау мен күзет ұйымдастырылған. Ол сеніп тапсырылған мүлік сақталымына, ауыр жүк таситын көлік жүргізушілеріне уақтылы жәрдем көрсетуге арналған. Бөлмедегі ауаны тазартып тұратын желдеткіш жүйе қондырғысы, жаңа душ пен бу бөлмесі бәрімізді таң-тамаша жағдайға қалдырды. Жаңадан тартылған жылу жүйесі де жап-жақсы леп беріп тұр. Ізінше кәсіпорынның төңірегіне қарай бағыт алдық. «Оң Олжа» ЖШС мен оператордың қолдағы бүкіл техникасын сақтауға лайықталған аңғарды көрдік. Механик, қазіргі таңда іске қосылмай тұрған, арнаулы техника мен қызмет көрсетуші көліктердің сапалық құрамын, жалпы санын сипаттап берді. Азамат Маратұлымен әңгімелекенімізде, «Малишер ЗС» ЖШС-нің Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарына көмір өткізуге арналған кәсібіне қоса, беткі қабат аршылымына, жөнелтілім, жанар-жағармай есебіне арналған автоматтандырылған жабдық енгізілімімен айналысатынын естіп білдік. Ол іске кіріскен 2018 жылдың тамызынан бері жанар-жағармай құйылатын бекетте талон жүйесі, сұйық отын шығыны есебінің электрондық жүйесі енгізілген. Көмірдің бөлшек сауда өткізілімі, банктегі есепшотқа аударым жолымен, ақшасыз төлемге ауыстырылған. Жалақы төлем жүйесі де өзгертілген (кассадан қолма-қол төленбейді, төлем қаттамасына түсіріледі). Бүгінгі күні мекемедегі 85 жұмыскерге жұмыстан шығарылым жәрдемақысы төлемімен көмір қазбасының тоқтатылатыны туралы хабарлама парағы берілген. Бұл жерде айта кететін жайт, «Малишер ЗС» бұл аумақта жұмыс басталар алдында барлық жұмысшылардың еңбекақы борышын, бюджетке міндетті бүкіл әлеуметтік төлемін, Банкроттық басқарушы алдындағы міндетті шарты бойынша, төлеп берген.
Әрмен қарай, әкімшілік ғимаратқа оралғанымызда, баспасөз мәслихаты өтті. Оған «Малишер ЗС» ЖШС директорының орынбасары Азамат Қапашев, ұйымдық-кадрлар жұмысы жөніндегі маман Жәмшит Берікұлы, осы серіктестіктің Ерейментау ауданы бойынша өкілі Антонина Плешко, өңіріміздің жұмысшылары, инженер-техник қызметкерлері, баспасөз өкілдері қатысты.
Азамат Қапашев шаршы топта сөйлеген сөзінде бүгінгі шараның өткізілім мақсаты, «Малишер ЗС» ЖШС-нің көмір кенішінде оператор ретінде жүруінің заңдылығы мен легитимділігіне қатысты, Марат Нәбиев туындатқан олардың кәсіпорнының кәсібіне қарсы ақпараттық дау-дамайымен орайласатынын түсіндірді.
«Fortebank» акционерлік қоғамы ауқымды кредиторлық берешекке байланысты «Оң Олжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің банкроттығына бастама көтерген және Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жоғарыда аталған ЖШС 2017 жылдың қарашасында банкрот болып жарияланған.
2018 жылдың тамызында банк кредиторларының жиналысында, М.Ә.Нәбиевпен жүргізілген келіссөздің нәтижесінде, «Сарыадыр» көмір кенішінде жұмыс орнын құруға әлеуметтік мемлекеттік мекемелерді көмірмен қамсыздандыру мақсатында көмір қазбасына арналған жұмысты жалғастыру және компаниямен – заңды тұлғамен операторлық қызмет көрсетіліміне келісім-шарт бекіту туралы шешім қабылданған болатын. Бұл шешім «Оңалту және банкроттық туралы» Заң негізінде заңды күшіне енді. Компания-оператор бекітілген шарт шеңберінде өз міндетін орындауға кіріседі: қоршаған орта эмиссиясына рұқсатнама алады, кеніщтің бұрынғы жұмысшыларына жұмыс ұсынады, жалақы борышын, бұрынғы аударымын төлеп отырады, Кеніштегі суды шығаруға арналған шара ұйымдастырылды, әкімшілік ғимарат жөнделді.
Қоса айтарымыз: Ерейментау ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы өткен жылдың қарашасында, «Оң Олжа» кредиторларының бірін, «Малишер ЗС» ЖШС «Сарыадыр» кенішінің операторлығына тағайындалған, кредиторлар жиналысы хаттамасының жарамсыздығын тану туралы соттың талап арызына бастама көтерген. Алайда, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен Ерейментау ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының талап арызы қараусыз қалдырылды. ЖШС-нің көмір кенішіне кіру легитимділігі дәлелденді. Компания-оператор көмір қазбасына арналған кәсібін, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиясы кері алынғанша, осы негізде кеніштегі бүкіл жұмыс қожырады, 2019 жылдың ақпанына дейін жалғастыра берді. Өнім өткізілімінен түскен табыс, операторлық шартта көрсетілгендей, келісім тәртібіне сәйкес «Оң Олжаның» шотына түсіріліп жатты. Отын бағасының өсіріліміне қатысты сауалымызды негізге алған Азамат Маратұлы Монополияға қарсы қызметтің тексеріс жүргізгенін айтты. Оған сәйкес баға құрылымында тәртіпсіздік байқалмаған. Көмірдің өзіндік құны кенішке салынған инвестиция, беткі қабат аршылымы, өзге шығын есебінен өсірілген.
Әңгімесін қорытқан директордың орынбасары, «Сарыадыр» көмір кенішіне оператор ретінде М.Ә.Нәбиевтің өзі шақырғанын, оператор-компанияның алға қойылған тапсырмаға барынша жауапкершілікпен қарағанын, елеулі еңбек сіңіргенін, қаржы құйғанын, жұмысы тоқтаған банкрот кәсіпорынға дем бергенін тілге тиек етті. Шаршы топтағы жұмыскерлер осы сәтте өз болжамымен бөлісті, оператордың тиімді жұмысын оң бағалады, қарапайым жандарға назар аударғанына алғыс айтып жатты.
Фархат Әміреновтың мақаласын мұқият оқып шыққан тілшіміз баспасөз мәслихаты барысында келесідей сауалдарға жауап іздестірді. Олар: Бюджетке міндетті аударым жөнінен не айта аласыз? Көмір қазбасының технологиясы сақталды ма? Нәбиевтің компаниясына тиесілі техниканың, құрал-жабдықтың сатылғаны рас па? Нәбиев мырзаның бензин, кірпіш шығарылымын көздеген бастамасы пайдаланыла ма?
Азамат Қапашев пен Жәмшит Берікұлы осы және өзге сұрағымызға жауап берді.
-Бюджетке тиесілі кіріс салығын Банкроттық басқарушы төлеуі тиіс болатын, біздің міндеттемемізде мұндай тармақ межеленбеген. Көмір қазбасы технологиясы сақталды. Біз аршылым жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты істі қолға алдық. Оның атқарылым коэффициенті банкроттық жарияланымға дейінгі көрсеткіштен әлденеше рет асып түсті. Игерілім орнында шам жағылды, сонымен түнгі ауысымдағы адамдарға қалыпты жағдай ойластырылды. Машина-трактор паркі шарт шеңберінде өндірістік мақсатқа пайдаланылып жатса да, техника, құрал-жабдық өткізіліміне біздің ешқандай қатысымыз жоқ. Біздің қазіргі таңдағы міндетіміз сеніп тапсырылған мүлікті сақтау. Сондықтан Нәбиев мырзаның бензин, кірпіш өндірісіне арналған қандайда бір бастамасына араласпаймыз. Бүгінгі күні, маусым тәмамдалғанда, техниканы жөндеуіміз, кеніште жиналған қар суын ағызуымыз, келесі кезеңге әзірленуіміз қажет. Дегенмен біздің оған құқығымыз жоқ. Біз республикамыздың алдында аталған облыстарына ұдайы көмір өткізіп келдік, егер Марат Әскенұлы банкке қарызын төлесе, өз кәсіпорнына қайта оралуға ниеттеніп жатса, онда біз тек қуанатын боламыз?, – деп түйіндеді баспасөз мәслихатының жұмысын «Малишер ЗС» ЖШС-нің өкілдері.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА.
Суретті түсірген автор.