«ЕРКІНШІЛІК ДАУЫСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

30 наурызда Еркіншілік мәдениет үйінде «Еркіншілік дауысы» вокалды интернет-конкурсының гала-концерті өтті. Ұйымдастырушысы – «МОСТ» шығармашылық тобы. Өнер жарысы 1 наурызда басталды да, интернетті пайдаланушылар бір айдың ішінде көңіліне ұнаған өнер иесін «Инстаграмм» әлеуметтік желісі арқылы жақтап дауыс беруге мүмкіндік алды. Онда өнерпаздың өнер бейнебаяны ұсынылды. Жалпы конкурсқа 14 адам қатысты. Дауыс беру арқылы жетеуі мәрелік бәсекеге өтті. Дауыс беру концерт соңында тәмам болды, онда жеті өнерпаздың бәрі өз әнін орындады. Ұйымдастырушылар дауыс қорытындысын шығарды. Ол келесідей тәртіппен бөлінді: Регина Часина, О.Гаус, А.Жаба белсенділігі үшін көтермеленді. Б. Қуанышбекқызы үшінші, Н.Сетерхан екінші, Ж.Қанат бірінші орын алды. Конкурстың Бас жүлдегері Жолдымұрат Алтынжанға естелік диплом мен 5000 теңгенің сертификаты ұсынылды.
Мұндай өнер жарысы үшінші жыл өткізіліп келеді, көпшіліктің ықыласын иеленгені де шындық. Барлық өнерпаздарға, дауыс берген жандарға ризашылық алғысымыз шексіз.
А.БЛОХИНА,
Мәдениет үйінің әдіскері.