АЛТЫН ТОЙЛАРЫҢЫЗБЕН!

Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жыл абыройлы еңбек еткен, еңбегінің зейнетіне жеткен, сегіз перзент тәрбиелеген, 15 немере жетелеген, 2 шөбере әлдилеген қадірлі де сүйікті әке-шешеміз, ата-әжеміз Құсайын мен Қымбат Әбіловтерді отасқандарына 50 жыл толатын алтын той қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз!
Игі еңбектің зейнетін көріп енді,
Отыратын ортада кезің келді.
50 жыл қыз өсіріп, ұл өсіріп,
Қиындықты тең бөліп, бірге жеңді.
Ортамызда отырыңыз қос шынар боп,
Алдымызға жол сілтер қос жанар боп.
Ауырмастан, 100-ге жетсін жастарыңыз,
Шөпшекке де жетіңіз құс тұмар боп.
Ізгі тілекпен: балалары, немерелері, шөберелері.