ОРТАҚ ҮЙІМІЗ ТАЗА БОЛСЫН

Жылда көктемде қала мен елді мекендердің төңірегін көріктендіруге, тазартуға арналған айлық жарияланады. Биылғы айлық 8 сәуірден бастап жария етілді, осы кезеңде ағаштың қу бұтағы шабылуы, автобус аялдамасы көркейтілуі шарт. Оған қоса жаңадан ағаш егіледі, гүл көшеті алдырылады, әк тасы бөлінеді, мекемелер мен кәсіпорындарға арнаулы аумақ бекітіліп беріледі.
ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ербол Мәшкенов, қаланың әкімі Төлеутай Мұхамеджанов осы мәселеге қатысты тұжырымды ақпар ұсынды. Аудан әкімінің міндетін атқарушысы Әнуарбек Айтпаев тиісті органдар мен мекемелерге тәртіп орнатуға, кездейсоқ қоқыс алаңын жоюға арналған тапсырма берді. Оған қоса 9 Мамырға қайырымдылық көмегіне қаржы жиналымы, балалардың ойын алаңын көріктендіруге кәсіпкерлерді тарту жайында айтылды.
«Ерейменнің» өз ақпараты.