СӨЗ ІСПЕН ПЫСЫҚТАЛҒАНЫ АБЗАЛ!

Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде «Бір-бірімізге жақсылық тілейік» ортақ атауымен ұйымдастырылған кездесу мүмкіндігі шектеулілердің белсенділігін күшейтуді, қоғамға кіріктіруді мақсатқа айналдырды.
Модераторы – Сайлау Жылқыбаев бастаған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Басшы әңгімесінің кіріспесін өңірдегі өз әріптестерінің денсаулығы дімкәс жандарға назар аударуға, оларды түрлі шығармашылық конкурсқа әуестендіруге арналған жұмысы туралы хабарлады. Сапар Барлыбаев, аудандық мәдениет үйінің директоры, жаңағы санаттағы жерлестермен үстіміздегі жылы өткізілетін шаралар жоспарын ұсынды «Айрықша» балаға лайықталған концерт, балалар шығармашылығы фестивалі, аудандық «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» конкурсы, өз шығармашылығын танытуды ниеттенгендерге мәдениет үйінде Ашық есік күн өткізілімі ойда баршылық. Жаңағы қатардағы жастар мен балаларды қолдауға лайықты шараның тұрақты жүргізілетіні, түрлі қайырымдылық шығармашылық шараларының ұйымдастырылатыны әңгімеге негіз болды. Баршаға танымал жас кәсіпкер Сағымбай Ботпаев үлгі ретінде аталды. Ым әні маманының жоқтығы, қайырымдылық шараларының қаржыландырылымы түйткілді мәселенің бірі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Марина Сердцева дөңгелек үстел өткізіліміне ризашылық білдірді. Мемлекеттік мекеменің әлеуметтік әлсіз санаттағыларды, әсіресе түрлі топтағы мүгедектерді сүйемелдеуді көздейтін ісіне қысқаша тоқталды. Иелігінде қызмет атқаруға лайықты нышаны толық сақталған, аудан мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырылымы жайында айтылды. Мәселе іске ниетті, білікті жетекшінің жоқтығында болып отыр. Аудандық мәдениет үйінің игі бастамасын қолдады да, коррекция кабинетін, аудандық білім бөлімін, музей қызметкерлерін әріптестікке тартуды ұсынды. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендинова барлық органдар мен ұйымдардың үйлесімді, бірлескен кәсібін жөн көретінін жеткізді. Зағиптар қоғамының төрайымы Күміс Жұманова қоғам өкілдерінің арасындағы нақты амал жайын баяндады. Жанары әлсіздердің сауда үйі мен дүкенге барғанда кезігетін қиындығына тоқталды. «Думан» сауда үйін мысалға ала келе, Т.А.Қалиевтан бұл мәселені шешуді өтінді. Наурыз күні мерекеленгені үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Әкімнің мүгедектермен жұмыс бойынша кеңесшісі Анар Қызыкенова осы іске қатысты өз пікірін білдіре келе, «Бізге назар мен сәл-пәл қайырымдылық қажет, бастысы жан мүгедектігі болмаса екен», деген тоқтам жасады.
Аудандық «Ерейментау» газетінің редакторы Раушан Нұрғазинова басылым қызметкерлерінің мүмкіндігі шектеулілер қатысқан шараларды назардан тыс қалдырмайтынын айта келе, ауданның мүгедектер қоғамының бюджетін толықтыруға арналған коммерциялық бағыттағы жобалардың жүзеге асырылымына көмек ұсынды, Браил қарпі бойынша оқу негізіне тартылмағандарды оқытатын курс ұйымдастыру мәселесін қамтыды. Тыл және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесінің төрайымы Қарашаш Қалқаманова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Медеу Әбжіков осы мәселеге қатысты өз пікірімен бөлісті.
Дөңгелек үстел, ұйымдастырушылардың еңбегінің нәтижесінде, көңіл толарлық нәтижелі деңгейде өтті.

Раушан БАРЖАҚСЫ.