ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАЛЫМЫ – УАҚЫТ АЙНАСЫ

Өткен апта соңында «Жол бойындағы қабылдау» республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Бастама иесі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі. Шараның мақсат-бағыты азаматтардың құқықтық білігін шыңдауға, мүддесін қорғауға, көші-қон, құжат алу, түйткілді мәселесін анықтау мәселесі аясында кеңесшілік көмек көрсетуге, құқық тәртібі органдары мен халықтың өзара тығыз әріптестігіне, әрбір іске нөлдік төзімділік ахуалына жағдай жасауға арналды. Ерейментау станциясы желілік полиция бөлімінің капитаны Бахтияр Әбжановтың, полиция сержанты Нұрсұлтан Біләловтың, көшбасшы партия мен «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің шақыруымен «Пресногорьковск-Астана» бағытындағы пойызбен сапарға шықтық. Жолаушылардың қауіпсіз жүрісіне, қызмет көрсетілім сапасына, көші-қон саясатына, полиция нарядын шақыру ережесіне қатысты сауалнама жүргіздік, көпшілікті қызықтырған сұрақтар бойынша қабылдау ұйымдастырдық. Жалпы халық пойыз бригадасының көрсеткен қызметіне ризашылық білдірді, сақшыларлың жүргізген жұмысына қанағаттанғанын айтты, қызметте табыс тіледі.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА.
Суретті түсірген автор.