ЕКАТЕРИНБУРГ – ӨНЕРЛІЛЕР ОТАНЫ

«Лидер» балалар бишілер ансамблі 12-14 сәуірде Орал астанасында өткен «Открытые страницы, Екатеринбург» бірінші халықаралық конкурсына шақырылды.

Өнер жарысына бүкіл Ресейден дарынды балалар, бұрынғы одақтас елдерден көп қонақ шақырылды. Біз әдеттегідей 14-18 жас аралас санаттағы халықтық аталымында бағымызды сынадық. Қыздар «Салтанат», «Бостандык» биін өз мәнерімен билеп берді, бүкіл көрерменді өз елінің мәдениетімен таныстырды, кәсіби төрешінің жоғары бағасын иеленді. Ресей конкурсы ұдайы жинақылығымен, кәсіби төрелігімен дараланады, Міндетті түрде барлық нөмір егжей-тегжейлі талданады. Біздің хореографымыз Ирина Константиновна ақылдастар жиынынан риза көңілмен оралды, жұмысы жоғары бағаланған, өнерпаздарымыздың дайындығына бәрі тәнті болған. Қыздар жоғары санатты педагог Антон Лавровтың заманауи хореографияға арналған «Основы импровизации» шеберлік сыныбына қатысты. Мәдени бағдарлама ауқымы да кең. Қала ішіндегі мәдени орындарға, храмға, Ельцен орталығына саяхаттадық, кинотеатрдан «Счастье это….» фильмін тамашаладық. Түлегіміз Денис Зиничтің Екатеринбургте болғаны бізге молынан септесті. Үш күн бойы жанкүйер әрі гид ретінде қасымыздан табылды. Міне ұжымымыз қандай! Гала-концертке іріктелген жеті нөмірге біздің «Салтанат» биіміз де ілікті. Олармен бірге сүйкімді түлектеріміз Нұргүл Жұмабекова, Жансая Қалиева, Әмина Батырбекова топ мәртебесін еселеді, бүкіл шара бойы жеңімпаздарға кубок ұсынды. Марапаттау рәсімі ұйымдастырушылардың он-лайн сайтынан көрсетілді. Ата-аналарымыз барлық оқиғаны сабырмен тамашалады, нәтижесін бізбен бірге күтті. Жолымыз оңғарылды. 1 орын мен күзде Ярославльге баруға 15000 ресей рублін ұтып алдық. Педагог Ирина Добровольскаяға сыйлық сертификаты, ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін кубок ұсынылды. Қыздардың бәрі шеберлік сағатына қатысушы сертификатын иеленді. Оған қоса «FOSSART» мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық мәртебелі сыйлыққа қатысуға шақырылды. Оған 1 дәрежелі лауреаттар мен Бас жүлде кубогының иегерлері – Ресейден, алыс-жақын шет елден «Триумф» шығармашылық бірлестігінің жүзден астам фестиваль-конкурсының жүлдегерлері жиылады. Атап айтқанда 1000000 рубль жүлде қорымен Ресей астанасы М            осквада өтетін 2018-2019 жылдың шығармашылық фестивалінің бас жүлдесіне бәсекеге түседі. Біз үйге бақытты жүзбен аттандық. Туыстарымыз бен достарымызға кәдесый, кубок, диплом алдық. Пойызымыз тым ерте, таңғы сағат 6-да келсе де, сүйікті ата-аналарымыз бізді сән-салтанатымен, гүл дестесімен қарсы алды. Олардың төзімі мен қолдауының шарапатымен дарынды балаларымыз осындай мәре биігінен көрінуде.

Наталья КУРНИКОВА, «БШҮ» МҚКК директоры.