КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ

Ақтөбе қа ласында «От аным менің
Қ а з а қ с т а н » е к і н ш і р е с п у бл и к а л ы қ
шығармашылық-өнер конкурсы өтті.
Республиканың барлық өңірінен жиылған
бөбектер жаңағы мəртебелі сахнада бақ сынады.
Тайбай ауылының ең кішкентай өнерпазы
Тұмарым Жаншуақ шаршы топта Ақмола
облысы Ерейментау ауданының намысын сəтімен
қорғады.
Мектеп жанындағы шағын орталықтың шəкірті
өлең жолын мəнерлеп жатқа оқығанда төреші мен
көрерменді өзіндік дикциясымен қайран
қалдырды. Нəтижесінде құрметті бірінші орынды
иеленді. Жеңімпазымызға тиісті дəрежелі медаль,
«Қос Қыран» білім мен шығармашылықты
дамыту орталығының директоры Еркін Бақтияров
пен республикалық «Спорт жұлдыздары»
журналының бас редакторы, профессор Мұсағали
Тасқалиевтың қолы қойылған Диплом ұсынылды.
Өз шəкіртін жаңағы конкурсқа даярлауға сіңірген
өлшеусіз еңбегі үшін тəлімгері Сағым
Жаншуақова ұйымдастыру алқасының арнаулы
Дипломымен көтермеленді.
Егер жеңімпазымызды оқырман қауымға
таныстырар болсақ – мұғалімдер əулетінен тəрбие
алып жатқан қыз. Атасы Жанат Жаншуақов – ұзақ
жыл шəкірт оқытқан тарихшы маман. Əкесі
Жамбыл Жаншуақов – алғашқы əскери дайындық
пəнінің оқытушысы, Тайбай орта мектебіндегі
«Бүркіт» əскери-патриоттық клубының жетекшісі.
Кішкентай өнерпазымызды, ұстазы мен ата-
анасын толымды нəтижесімен құттықтаймыз.

ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫ МАРАПАТТАН ДА ҚҰНДЫРАҚ

Тайбай ауылдық округіне қарасты
Малтабар ФАП-інің меңгерушісі Нұрзейнеп
Білəлованың есімі ауылдастың арасында да,
ауданда да, кеңінен танымал.
Осы бір қажырлы да елгезек келіншек өзіне
бекітілген учаскедегі жас шамасы əркелкі 430
тұрғынның денсаулық жағдайын ұдайы бақылауда
ұстайды.
Мекеме маманының күнделікті міндеті
өтінішпен жолыққан жанға дəрігерге дейінгі
алғашқы көмек көрсетуге негізделген. Оған қоса
екіқабат келіншектерді есепке алуды, босанғанша,
сəбиі туғаннан кейін де, денсаулық жағдайын, 1
жасқа дейінгі нəрестені патронаждық бақылауда
ұстауды, халықты толық жоспарлы тексеріспен
қамтуды парызым деп біледі. Сақтық екпе
жүргізілімі, дəрігердің емдік нұсқауының
орындалымы, барлық жастағы адамдардың
сауықтырылымы қызмет тізбегіне енген. Жоспар
бойынша, жыл сайынғы флюорографиялық
бақылауға арналған ұсынысты баршасы
ықыласпен құп алады. Ауылдың медпункті, аймақ
бойынша аға дəрігер Бибігүл Қоңырбаева
басқаратын, мамандары ай сайын халықты
т е к с е р і п т ұ р а т ы н Т а й б а й д ə р і г е р л і к
амбулаториясының қарамағына алынған.
Медбике, менің кейіпкерім, өз құзыретіне
сəйкес, жүрек-қан тамыры, эндокринді жүйе,
тыныс жолдары дертіне, сусамырға бой алдырған
ж а н д а р д ы ж ү й е л і
қадағалап отырады. Aры қарай оқу

ДЕНІ САУ БАЛА ‐ ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Гүлбаршын Қасенқызы Умарова 1983 жылы
Целиноград теміржол медицина училищесін
тəмамдады.
Е ң б е к қ ы з м е т і н
Целиноград қаласында
бастаған жас маман
білікті тəлімгерлерімен
қызметтес бола жүріп,
алғашқы теориялық
білімін тəжірибемен
сəтті сабақтастырды.
2004 жылдан Тайбай
селолық дəрігерлік
амбулаториясында
д ə р і г е р Б и б і г ү л
Қ о ң ы р б а е в а н ы ң
б а с ш ы л ы ғ ы м е н
зертханашы лауазымын
иеленді. 2011 жылдан
б е р і , 2 3 0 б а л а
оқытылып жатқан, жергілікті орта мектепте
медбикенің міндетін қоса атқарып келеді. Керекті
дəрі-дəрмегі аудандық аурухана арқылы
орталықтандырылған тəртіппен бөлінеді.
Орта буын маманның негізгі міндеті өтініш
түскенде алғашқы жəрдем көрсетуге арналған.
Оған қоса оқушылармен саламатты өмір салтына
арналған сақтық сипатында əңгіме жүргізеді. Білім
о ш а ғ ы н ы ң қ ау і п с і з
жұмысын, балалардың
қ ұ н а р л ы
т а м а қ т а н д ы р ы л у
р е ж и м і н қ а д а ғ а л а п
о т ы р а д ы , А с ү й
жұмыскерлерімен бірге
дəм мəзірін бекітеді.
Мектеп əкімшілігі де,
ұ й ы м ш ы л ұ с т а з д а р
ұжымы да, медицина
маманының кез келген
бастамасын ықыласпен
қ ұ п а л а д ы , б і л і к т і
жанның иманжүзділігін,
ұқыптылығын, үлкенге
д е , б а л а ғ а д а
кішіпейілділік ниетін
ризашылықпен бағалап, қадір тұтады.
Гүлбаршынның өзі де екі перзент тəрбиелеген
үлгілі ана. Отағасы Қанат Махметов Ерейментау
қаласындағы «Первая ветровая станция»
серіктестігінде еңбек етеді.

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса – ақ
х а л ат т ы а б з а л ж а н д а р д ы ң к ө м е г і н е
жүгінетініміз хақ. Денсаулық жағдайыма
байланысты үнемі осы сала мамандарына
жолығамын. Əсіресе ауданымыздың
емханасындағы күндізгі емшара бөліміне
өз басым шексіз ризамын. Көңіл
толарлықтай десем артық болмас, сірə.
Қолыма қалам алғызған да бөлім
медбикесі Жамал Жұматайқызы
Сейтқазинаның мінсіз қызметі. Өз ісінің
нағыз шебері, жауапты да ұқыпты,
жұмысына адал жан. Əр адаммен қарым-
қатынасы көңіл қуантарлықтай. Дертіңе
дауа, жаныңа шипа іздеп барғанда Жамал
сияқты иманжүзді мамандардың жылы
қабағы бізге ауадай қажет.
Алдағы 12 мамыр – кəсіптік мейрамың
ырыс пен құт сыйласын, құрметті
Жамалжан. Еңбегіңнің жемісін көре бер,
жанұяңа бақыт, зор денсаулық тілеймін!
Құрметпен, емделуші Самарат
Нұрипа.
Ерейментау тұрғыны.

АТАЛАР ҒОЙ БЕЙБІТШІЛІК ТІРЕГІ

Отан қорғаушылар күнімен, 9 Мамырмен
орайласқан мереке қарсаңында барлық білім
о р д а л а р ы н д а т ə р б и е л і к ш а р а
ұйымдастырылды.
Түпкілікті мақсаты өскелең ұрпақтың
патриоттық рухын нығайтуға, майдангерлер
туралы естелікті жаңғыртуға, тыл еңбеккерлерін
əспеттеуге, ұрпақ сабақтастығына арналды. Ауыл
мен қала мектептерінде, ауданның мектепке
дейінгі мекемелерінде өткізілген шаралар
жайында əлеуметтік желілерде хабар таратылуда.
« С ка з ка » б а л а б а қ ш а с ы и г і д ə с т ү р г е
айналдырған «Зарница» əскери-спорттық
ойынымен танымал. Жарыс бағдарламасындағы
тактикалық-стратегиялық мəселе шешіміне,
басшының бұйрығын орындауға, əскери газет,
жалпы фотосурет шығарылымына ықыласпен үн
қосады. Ізінше аспаздар дайындап берген солдат
ботқасынан дəм татады. Мерекелік залда ел
тарихындағы елеулі даталарға -7 мамыр мен 9
мамырға арналған ертеңгілік өтті. Наталья
Кокарева, Ксения Мох басқаратын топтың
бүлдіршіндері мəнерлеп өлең оқыды, бойжазба
жасады, ойын ойнады, би биледі. Ізінше
орындықтың арқалығына ілінген, ұрпақтары
көздің қарашығындай сақтап келген, майдангер
Мамыт Махметұлы Махметов марқұмның
марапат костюміне назар адуарды. Соғыс уағында,
бейбіт кезеңде дүние салған барлық əскерлерді
еске түсірді.

ӘСКЕРИ‐СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТА

Тайбай орта мектебінің «Бүркіт» əскери-
патриоттық клубында жас сарбаздардың
«Айқын» əскери-қолданбалы өнер жарысы
өтті. Спорттық эстафета үлгісіне негізделген
шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс
күніне арналды. Шəкірттер шеберлігін,
ептілігін, теориялық білімін тəжірибе жүзінде
танытуды мақсатқа айналдырды.
«Қыран», «Патриот», «Сұңқар», «Болашақ»,
«Жас сарбаз», «Бүркіттер» командасы спорт залын
толтырды. Сарбаздар №4, №1 орта, Ақмырза,
Еркіншілік, Тайбай мектебінің, №2 орта мектеп-
лицейдің намысын қорғады. Біркелкі киімдегі
жинақы да сымбатты болашақ Отан сақшыларына
көз сүйсінеді. Жаңағы жастарымыздың арқасында
елдің қорғаныс қабілетінің нығая түсетініне
үміттендіреді.
Көкбайрағымызды əспеттеумен, Əнұран
орындалымымен орайласқан шағын ресми
бөлімнен кейін мектеп директоры Асқар
Ералинов, Жастардың ресурстық орталығының
əлеуметтік желідегі жастармен жұмыс бойынша
маманы Аманбек Арғын баршаға жылы лебізін
жолдады. Бағалау комиссиясының құрамы
белгіленді. Aры қарай оқу

СЫЙ-СЫЯПАТЫНА РАХМЕТ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74
жылдығы қарсаңында өңірімізге ізгі ниетпен
Астанадан келген «Казмикрофинанс ЖШС»
шағын несие-қаржы мекемесінің директоры
К.Балтабеков пен əріптестері қаламыздың 10
тыл еңбеккеріне ауқымды азық-түлік
сəлемдемесін тарту етті. Сый-сыяпатқа шынайы
алғыс білдірген үлкендер тіпті балаша қуанды. Аға
буын сұрапыл соғыс уағының, кейінгі кезеңнің
бүкіл ауыртпалығын естен шығармайды.
Аудандық, қалалық ардагерлер кеңесі қаржылай-
қайырымдылық жəрдемін бергені үшін бүкіл
мекемелерге, барлық деңгейдегі əкімдерге
ризашылығын жеткізеді.
Жұмысбасты, уақыт кеш болса да, сəлемдемені
ү л е с т і р і п б е р г е н қ а л а н ы ң ə к і м і
Т.Т.Мұхамеджановқа, орынбасары А.Т.
Төлендиноваға ардагерлердің атынан көптен-көп
рахмет айтамыз. Жұмыста толымды табыс
тілейміз. Ата-əжелердің ақ батасымен əрбір күні
көркейе беріңіздер!
Ерейментау аудандық-қалалық ардагерлер
кеңесі.

ОТТЫ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ

Мұқабасы қызыл түсті қойын дəптер
қолымызға тиді. Ішінде не барын білуге
асықтық. Оны редакциямызға табыс еткен –
№8 АТК оқытушысы, бүгінде елудің бел
ортасын еңсерген жігіт ағасы Боташ Əлжанов.
Бірнеше бетін парақтағанда бұрын ашылмаған
құнды қазынаға жолыққандай əсерге бөлендік.
Маржандай тізілген, бəрі ап-анық жазылған,
ғұмырнама дерегін, өлең шумағын оқыған сайын
қызығушылығымыз арта түсті.
Малтабардың тұрғыны Төлеген (лақап аты
Мешел) Төлеуұлы Төрехановты бəріміз бала
кезімізден білетін едік. Көзінің тірісінде
имандылыққа бет бұрған, қажырлы, еңбекқор жан
болды. Əншілікке де бейімділігін, ежелгі хисса-
дастанды да жатқа айтатын қабілеті барын да
естідік. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ»
дегендей, кезінде ол кісінің е стелігіне,
ғұмырнамасына құлақ түрмегеніміз де рас. Aры қарай оқу

ЗЕРДЕЛІ САРБАЗ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Үмбетей жырау атындағы аудандық
мəдениет үйінің алдындағы алаңға өңіріміздің
жалпы білім беретін мектептерінің, Тайбай
орта мектебі жанындағы «Бүркіт» əскери-
патриоттық клубының шəкірттері жиналды.

Жастардың ресурстық орталығы аудандық
білім бөлімі мен мəдениет ошағы басшылығының
қолдауымен дəстүрлі сап пен əн байқауын
ұйымдастырды. Игі шара Отан қорғаушылар
күніне арналды.
Бүгінгі мереке мен жиынның өзі əскери қызмет
мəртебесін асқақтатуды, егемен мемлекеттің
қорғаныс əлеуетін нығайтуды, оқушы жастардың,
тұтас өскелең ұрпақ санасына қазақстандық
патриотизм сезімін сіңіруді мақсат етеді.
Жиын қоғамдық бірлестік атынан марапат
тапсырылған жағымды рəсімге ұласты. Кез келген
дəуірде: екінші соғыс жылдарында да, бертінгі
бейбіт кезеңде де, жауынгерді сағына күтетін
бірегей жан -АНА. Олар ұлының жағымды
жаңалығына қуанды, жайсыз хабарына мұңайды.
Патриот ұл тəрбиелеуге қосқан үлесі үшін «Ер
Отан» тəжік-ауған шекарасы ардагерлерінің
қоғамдық бірлестігінің бұйрығымен Мунира
Ху с н у тд и н о ва « Ас ы л А н а » м ед а л і м е нмарапатталды. Мұндай марапат Алғыс хатымен
Ғалия Сардарбековаға да ұсынылды.
Бірқатар мектептердің бастауыш əскери
дайындық сабағының мамандары, қоғамдық
бірлестіктің бұйрығына сəйкес, «Болашақ сарбаз»
əскери-қолданбалы ойын конкурсына қатысқан
болатын. Оқу орындарының тəлімгерлері Дулат
Ділдебаев, Мұхаметқали
Əбілқайыров, Құдакелді
К ə р і м ж а н о в , С а р қ ы т
Сетаев мемлекеттік мереке
қ ұ р м е т і н е а т а у л ы
төсбелгіні иеленді. Aры қарай оқу

КӨШЕ КӨРКІ – ТАЗАЛЫҚ

Көктемде барлық өңірде елді мекендердің
аума ғ ы н к ө р і к т е н д і ру ге , т а з а рту ғ а ,
көгалдандыруға арналған айлық өтеді.
Тайбай ауылдық округінің орталық қонысы
тазалығымен, көркімен, жанға жайлылығымен
көз тартады. Білім ошағының, əкімшілік
ғимаратының айналасындаға ағаштың бəрі
əктелген. Оған қам жасаған – «Жұмыспен қамту
орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы
қ о ғ а м д ы қ ж ұ м ы с т а ж ү р г е н е ң б е к қ о р
келіншектер Елена Аникева, Мухаббат
С е й д е м е т ов а , Д и н а Т ө р е м ұ р ат ов а .
Жұмысшылар қысқа уақыт ішінде ауыл
төңірегін, Ерейментаудың шекарасына дейінгі
тас жолдың бойын қоқыс-қалдықтан тазартып
үлгерген.Ж ұ м ы с у а қ ы т ы а п т а с ы н а е к і к ү н д і к
демалысымен бес күнге есептелген. Aры қарай оқу