«ҚАРАГӨЗ» БАЛЕТІ САХНАДА

Еңбек және тыл ардагерлерінің қалалық кеңесінің бастамасымен шағын топ Елордаға сапарға шықтық. Бұл жолы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» шығармасының желісімен түсірілген балетті тамашаладық.
Дарынды сазгер Ғазиза Жұбанованың музыкасымен әрленген қойылым «Астана-Операның» сахнасына шығарылды. Екі сағаттық көрініске қатысатын әртістерге ұлттық нақышта арнайы жалпы елуден астам киім тігіліпті. Театр репертуарының қарқынды кеңейіп бара жатқанын айтуымыз орынды. Маусым басталғалы көрерменнің назарына бірнеше опера, балет премьерасы ұсынылыпты, нәтижесі де толымды.
Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» пьесасы бүкілдүниежүзілік мәдениеттің алтын қорына енеді. Бұл шығарма табиғи сезімге қарсылықтың мәнсіздігін айшықтайды. Ғашықтардың көзі жойылуының себебі олар, барлығы секілді, өздерінің махаббат пен таңдау бостандығын қорғай алмады. Театрдың жетекші солистері: Әнел Рүстемова (Қарагөз), Арман Оразов (Сырым), ҚР еңбегі сіңген қайраткерлер Таир Гатауов (Нарша), Гаухар Усина (Маржан) балетте бас партияны сомдады.
Біз көрініс туралы кейбір мәліметтерді балеттің қойылым бағдарламасынан алдық. Шығарманы 1987 жылы Ғазиза Жұбаңова жазған. Музыкалық редакциясын бас дирижер, ҚР еңбегі сіңген қызметкер Абзал Мухитдинов пен балетті қоюшы Вакиль Усманов пысықтаған. Абзал Мухитдинов өз сөзінің бірінде балеттің жалпы тұжырымдамасын былай деп түсіндірді: «Балеттің бұл редакциясы музыкалық дереккөзден -Ғ.Жұбанованың «Қарагөз» балетінен кеңірек. Бұдан бөлек, әдеби дереккөзге жақынырақ. Музыкалық және хореографиялық образдың санқырлылығын көрсету, ашу үшін бізге Жұбанованың бүкіл шығармашылығына жүгінуге тура келді. Сонымен, біз бұл редакциядағы балетке музыкаға қоса «Сарыөзек метафорасы» үшінші симфониясын, Скрипкалы концертті, Шекті квартеттің екі тарауын, «Арал аңызының» ораториясынан «Ана әнін» қолданамыз. Ғ.Жұбанованың музыкасы өте қарапайым емес. ол тыңдарманнан мықты зейінді, қайтарымды талап етеді».
Біз музыка мен би қозғалысы арқылы қойылымның бас кейіпкерлері Қарагөз бен Сырымның, Қарагөз бен Наршаның сезімін тұтастай түйсіндік. Балеттің негізгі сюжетіне келсек, Қарагөз, ауқатты Өсер руының танымал бәйбішесі Маржанның сүйікті немересі, әлеуетті тек – Досан руынан мәртебелі Наршаға әйел болуға даярланған. Жас сұлуға оянған махаббат жетегі жанжалқұмар әрі ақын Сырымға – Қарагөздің қайғы жақындастырған, екеуі де анадан ерте айырылған бала кездегі досына сезім күшін қолдануға мәжбүрлейді. Дегенмен ғасырлық дәстүр сезімнен де күштірек, бойжеткенді өзі сүйген, алайда қыз сүймеген Наршаға ұзатады. Қарагөз Сырымға қашқанмен, қос ғашықтың ізіне қуғыншы түседі. Қарагөздің тұқым қуалаған дерті асқынады да, ол ақыл-есінен айырылады. Наршаның қасірет шектірген кінәсі – Қарагөздің мінез-құлқының мәнісін түсінбеді, Сырымның махаббат күшін жетік бағаламады. Бұл баршасын бәлеге ұрындырды. Тұлғаның бас бостандығына қарсы күресте әрқайсысы ұтылып қалды: сұлу Қаракөздің ақыл-есі түзелмеді, парасатты Нарша сауықпады, өз немересін қарғаған қатыгез Маржанның беделіне сызат түсті. Жанжалқұмар Сырым өз поэзиясымен айналаға шындық пен өзінің жаралы жүрек ақауын жеткізу үшін жапа шекті. Бас кейіпкерлердің образы жан баласын терең ойға жетелейді.
Спектакльдің көркемдік безендірілімі үйлесімділігімен қайран қалдырады. Костюмі, бояуы, жарық шамы, декорациясы – бәрі-бәрі көрерменін ынтықтыра түседі. Қоюшы-суретшілер – Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов хореографтың идеясын толық іске асырды.
Айзада Капонова орындаған спектакль хорының музыкалық полотносына кіріспе мен соло сопрано, Қаракөздің бейітіне Маржан келген сәттегі, соңғы қойылымның эмоционалды әсерін күшейтті.
«Қаракөз» балеті «Астана-Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында қойылған алғашқы ұлттық балетке айналды. Иә, қоғамымызда ХІХ-ХХ ғасырлардың көркем әдебиет ескерткіштеріне қызығушылық жыл санап артып келеді, «Қаракөз» балетінің премьерасы да оның дәлеліне айналды – зал жанға лық толды.
Денсаулық сақтау саласының ардагері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы Қуандық Исабаев, ағарту ісінің ардагері Майдаш Қабжанова және басқалары балет спектаклінен мол әсер алды. 60-жылдардың орта кезіндегі Алматыдағы алғашқы театр қойылымын еске түсірді. Тыл және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесінің төрайымы Қарашаш Қалқамановаға, аудандық мәдениет үйінің директоры Сапар Барлыбаевқа бастаманы қолдағаны, көңілге түйген әсері үшін алғыс айтты. «Астана Опера» театрының жас балет тобының келешегі зор екеніне пікір білдірді, өйткені кәсіптік білігі мықты әртістер ұжымы кез келген тапсырманы орындай алады.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА.