БІЗ СІЗДЕРГЕ БАҚ ТІЛЕДІК МӘҢГІЛІК

Қадірлі де сүйікті әке-шешеміз, ата-әжеміз Құсайын мен Қымбат Әбіловтердің отау құрғаны күні кеше сияқты еді, міне арада 50 жыл өткенін аңғармай да қалыппыз. Осы уақыт аралығында отбасынан бөлек, тұтас қоғамда, мемлекет өмірінде көп нәрсе өзгерді.
20 сәуірде ата-анамыздың отбасылық өміріндегі елеулі күнді атап өттік, алтын тойын қызықтадық. Ол кісілер бүкіл саналы ғұмырын Тайбай ауылында өткерді. Мінез-құлқы да, сырт келбеті де әркелкі, қарапайым отбасында өсіп-жетілген, еңбексүйгіштікті, жауапкершілікті, жинақылықты отбасылық құндылыққа айналдырған, өз ісіне жауап бере білетін сегіз перзент ата-анасы жайында әңгімелейді. Әке мен шеше өз жұмысына, айналадағы жандарға, көршілерге адалдық ниетімен балаларына өнеге көрсетті. Бұрынғы кеңшар осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын Әбіловтердің ордалы отбасына үй салып берген. Балалар, ешкім дәмді етіп даярлай алмайтындай көрінетін, анасының ыстық бауырсағын, таба нанын, кілегейін ұдайы ықыласпен еске түсіреді. Мүмкіндік ыңғайына қарай ата шаңыраққа жиналады да, немерелерінің қызығын, жағымды жаңалығымен бөліседі. Басы қосыла қалса – әрбіреуінің бала кезде қандай міндет атқарғанын жиі еске түсіреді. Өйткені ана айналаның бәрінде: іште де сыртта да, тәртіп пен ұқыптылықты, өзара сыйластықты үлгі етті. Отанасы бүкіл саналы ғұмырын жұмысшылыққа арнады, қандай кәсіп бұйыртса да – тартынбады, уақытпен санаспады. Баланы да күтті, ұқыпты әйел ретінде үй тірлігін де дөңгелетті. Осылайша ұрпағын ештеңеден тарықтармай өсірді. Алдыңғы буын – Клара, Дүйсен, Тамара, Серік есейген щақта үлкендерге қолғанат болды. Сегіз бала өсіріп, тәрбиелеген анаға «Алтын Алқа» марапаты табыс етілді. Ол – отбасының ұйтқысы, жан жүрегі, әрқайсысын мейірімге бөлеуге, жылы сөзін арнауға, өмірлік тәжірибесін үйретуге даяр тұрады, қажет болса – қаталдық танытады. Отағасы – щаңырақтағы мәртебелі жан, өйткені Әкеге сыйластық ниет балаға ана сүтімен дарыған қасиет. Ордалы отбасының тірегі Құсайын Әбілов биыл 73 жасқа толды. Мал шаруашылығы саласындағы қажырлы еңбегі үшін талай мәрте Алғыс хатпен, Грамотамен марапатталған. Осы күнге дейін бұрынғы әріптестері мен достарының арасында мәртебе-беделі жоғары.
Әкеміз сөзге сараң болғанымен, айтар ойын бір қарағаннан айтқызбай-ақ аңғарамыз. Ал жымиған жүзінен мейірім шуағы төгілгендей әсер аламыз. Ер балалар ұдайы әке тарапынан құптарлық ой күтеді, әлде ақырын ғана арқадан қаққанын қалайды. Ол: Жарайсың ұлым, осы бағытың дұрыс!, – дегені.
Ұл ұяға, қыз қияға қона бастаған шақта, ата-анаға қолғабыс етуге Алмагүл, Әсемгүл, Берік пен Тимур келді. Бүгінде бәрі жеке-жеке отау болды, ата-ана атанды. Немеренің қылығы балдан да тәтті, еркелігі – тіпті қызық. Ата мен әженің қос немересі – Бахтияры мен Данияры өнегелі тәрбие алды. Жұмысшы мамандығын таңдады. Бірі машинистің көмекшісі, бірі электрші, Елордада еңбек етуде. Ата-анамыз енді Астанаға балаларына қонаққа баруға мүмкіндік алса да, төзімі екі-ақ күнге жетеді де, ауылға қайтуға асығады. Берік келіншегі Ләззатпен, қызы Әминамен бірге әке-шешеміздің қолында тұрады. Құсайын ағай мен Қымбат апай ұл-қызының мамандықты меңгергенін, қиын сәтте нанын тауып жегенін жөн көрді. Олардың бәрі бір-бір кәсіп иелері: аспаз, жеке фирма қарауылы, кәсіпкер, стоматолог, музыкант, бухгалтер. Рас, бәрі таңдаған мамандығымен жұмыс істеп жүрген жоқ. Бүгінгі мерейтойды бүкіл әулет өскелең ұрпақтың есінде қалатындай деңгейде атап өтті. Жайма-шуақ көктем, жыл құсының үні, шуақты күн, жылы жел, көптеген көрермен қауым 6 шақырымдық құнан бәйге шабандоздарына айтарлықтай дем берді. Екі айналым өткен, мәреге жеткен үздіктер Ылғар Байтақ, Омар Қасымхан, Ерболат Құзарбек отбасылық жұптың естелік сыйлығын иеленді.
Кез келген үлкенді-кішілі игі шараға әдетте шағын ауыл тұтастай ортақтасады. Алтын той иелері мен балаларының атына бірсыпыра жылы лебіз, ақжарма тілек ағылды. Танымал өлең жолын Әбіловтердің отбасына арнай келе, бақыт пен мейірім шырағының ордалы шаңырақта әлі де ұзақ уақыт жарқырауын тіледік. Сіздердің бірауызды қолдауыңызбен келешекте гауһар тойын атап өтуге жазсын.

Раушан НҰРҒАЗИНОВА.