ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР, БАРША АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ!

Сіздерді айтулы да мәнді мереке – 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын ниетпен құттықтаймыз!
Ереймен аумағында ежелден татулығы мен ынтымағы жарасқан, дәм-тұзы араласқан түрлі ұлт өкілдері ата-баба дәстүрі негізінде қоян-қолтық араласа, тәуелсіз Отан игілігіне бірлесе еңбек етіп келеді.
Біздің отандастарымыз өндірісте де, ауыл шаруашылығында да, кәсіпкерлік жүйеде де, кәсіптік салада да, ұрпақ сабақтастығы негізінде қызмет жолын жалғастырғаны, игі жетістігі – егемендігіміздің жемісі. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңнен бері ортақ үйдің тыныштығы мен татулығын көздеген, халықтар достығын ту еткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының жарқын көрінісі. Елбасының бастамасымен құрылған, жүзден астам отандасымызды бір шаңыраққа жұмылдырған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған игі ісі барша қазақстандықтардың көз алдында.
Жылдағы дәстүріміз бойынша түрлі ұлт мәдениетінің бір арнаға тоғысатыны, мәртебелі байқау-конкурста да баршасының ортақ мақсатты көздейтіні, бір отбасының баласындай, бір қолдың саласындай, тапсырма жүгін жұмыла көтеретіні көңілге қуаныш ұялатады.
Осы бір айтулы күні сіздерге баянды бақ, бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға шаттық, ұрпақтарыңызға амандық, мәнді ғұмыр, денге саулық, игі жақсылық тілегіміз келеді.

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, БАРША ЕРЕЙМЕН ТҰРҒЫНДАРЫ!

РАУШАН НҰРҒАЗИНОВА,
газет редакторы