АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса – ақ
х а л ат т ы а б з а л ж а н д а р д ы ң к ө м е г і н е
жүгінетініміз хақ. Денсаулық жағдайыма
байланысты үнемі осы сала мамандарына
жолығамын. Əсіресе ауданымыздың
емханасындағы күндізгі емшара бөліміне
өз басым шексіз ризамын. Көңіл
толарлықтай десем артық болмас, сірə.
Қолыма қалам алғызған да бөлім
медбикесі Жамал Жұматайқызы
Сейтқазинаның мінсіз қызметі. Өз ісінің
нағыз шебері, жауапты да ұқыпты,
жұмысына адал жан. Əр адаммен қарым-
қатынасы көңіл қуантарлықтай. Дертіңе
дауа, жаныңа шипа іздеп барғанда Жамал
сияқты иманжүзді мамандардың жылы
қабағы бізге ауадай қажет.
Алдағы 12 мамыр – кəсіптік мейрамың
ырыс пен құт сыйласын, құрметті
Жамалжан. Еңбегіңнің жемісін көре бер,
жанұяңа бақыт, зор денсаулық тілеймін!
Құрметпен, емделуші Самарат
Нұрипа.
Ерейментау тұрғыны.