АТАЛАР ҒОЙ БЕЙБІТШІЛІК ТІРЕГІ

Отан қорғаушылар күнімен, 9 Мамырмен
орайласқан мереке қарсаңында барлық білім
о р д а л а р ы н д а т ə р б и е л і к ш а р а
ұйымдастырылды.
Түпкілікті мақсаты өскелең ұрпақтың
патриоттық рухын нығайтуға, майдангерлер
туралы естелікті жаңғыртуға, тыл еңбеккерлерін
əспеттеуге, ұрпақ сабақтастығына арналды. Ауыл
мен қала мектептерінде, ауданның мектепке
дейінгі мекемелерінде өткізілген шаралар
жайында əлеуметтік желілерде хабар таратылуда.
« С ка з ка » б а л а б а қ ш а с ы и г і д ə с т ү р г е
айналдырған «Зарница» əскери-спорттық
ойынымен танымал. Жарыс бағдарламасындағы
тактикалық-стратегиялық мəселе шешіміне,
басшының бұйрығын орындауға, əскери газет,
жалпы фотосурет шығарылымына ықыласпен үн
қосады. Ізінше аспаздар дайындап берген солдат
ботқасынан дəм татады. Мерекелік залда ел
тарихындағы елеулі даталарға -7 мамыр мен 9
мамырға арналған ертеңгілік өтті. Наталья
Кокарева, Ксения Мох басқаратын топтың
бүлдіршіндері мəнерлеп өлең оқыды, бойжазба
жасады, ойын ойнады, би биледі. Ізінше
орындықтың арқалығына ілінген, ұрпақтары
көздің қарашығындай сақтап келген, майдангер
Мамыт Махметұлы Махметов марқұмның
марапат костюміне назар адуарды. Соғыс уағында,
бейбіт кезеңде дүние салған барлық əскерлерді
еске түсірді.