БОЗДАҚ ЕСІМІ МƏҢГІ ЕСТЕ

Ұлы отан соғысы қалдырған естелік ешқашанда
санадан өшпеуі тиіс. Екінші жаһан соғысының
соңғы дүрсілінің өшкеніне де 74 жыл өтті.
Дегенмен батырлардың алғы шептегі ерлігі мен
қастерлі есімі мəңгі ұмытылмайды. Əрбір
жауынгердің ғұмыр тарихын толық суреттеп шығу
əсте мүмкін емес. Əйтседе біздің білетініміз:
əрқайсысы ортақ Отанды қорғауға өлшеусіз үлес
қосты. Əке-ағаларымыз еш жүрексінбей,
басқыншы жаумен айқасты, бір сүйем жер үшін
қиян-кескі ұрыс жүргізді. Халқымызға қаншама
қайғы-қасірет шектірген, алапат соғыс неғұрлым
алыстаған сайын, ақын жырлағандай, қаруластар
есімі, жарқын бейнесі ұрпақ үшін солғұрлым мəнді
де қастерлі бола түседі. Қазақстандықтың əрбір
туыс-жұрағаты майданға алынды, тыл еңбегіне
араласты. Істің мəнісі əр отбасының етжақын
туысынан айрылуымен қатар, əскерлердің
жерленген орнының, жауынгерлік жолының,
марапатының ұзақ уақыт бойы жұмбаққа
айналғанында. Қаза тапқан қаһармандар есімін,
жорығын жаңғыртуды көздеген, осы мақсатта күн
сайын сауапты іс атқарып жүрген ізденіс тобына
ілтипатымыз шексіз.
Міне соғыс жылдары түскен фотосурет
отбасылық альбомымызда көздің қарашығындай
ұқыпты сақталып келеді. Ол – Қызыл армияның
офицері Тілеубергенов Смағұл Базарженұлы,
анам Қазина Жансейітқызы Сетаеваның туған
ағасы. Офицердің өткен əскери өмірі мен ерлігі
жайындағы мəліметтер тек соңғы кезеңнен бері
ғана белгілі, қолжетімді бола бастады.
Смағұл Тілеубергенов 1914 жылдың 10
қыркүйегінде туған. Сол уақытта, орта білім
ретінде бағаланатын, жетіжылдықты тəмамдаған.
1939 жылы ВКП (б) қатарына кірген. Үлкен ағасы
Сейіт Еркіншілік ауаткомында қызмет атқарған.
Бауыры Жансейіт «Жаңатұрмыс» колхозын
басқарған, онда Сейіт те
еңбек еткен. Тағы бір
бауыры Болат соғыс
жылдарында хабарсыз
ж о ғ а л ғ а н . С м а ғ ұ л
соғысқа дейін үйленген.
Ке л і н ш е г і Ж ə м и л а
б о с а н ы п , А м а н т а й
есімді ұл туған. Бертін
бала əкесінің үлкен
а ғ а с ы С е й і т т і ң
тəрбиесінде болған,
өйткені анасы екінші
мəрте тұрмыс құрған.
Ақмола облысының
Е р к і н ш і л і к ə с ке р и
комиссариаты арқылы
« Ж а ң а т ұ р м ы с »
колхозынан (қазіргі
Шəкей ауылы) 1940
ж ы л ы ə с к е р г е
шақырылған жігітке
Од е с с а ж а я у ə с ке р
у ч и л и щ е с і н і ң
жеделдетілген офицерлер курсына жолдама
беріліпті. Аға лейтенант Смағұл Тілеубергеновтың
рота командирі лауазымымен Оңтүстік майданда
1941 жылдың 25 желтоқсанынан басталған жорық
жолы 1942 жылдың 1 мамырына дейін жалғасты.
1942 жылдың 1 мамырынан Закавказье
майданына рота командирі ретінде ауыстырылған
офицер 1943 жылдың 1 шілдесіне дейін Отан
қорғады. Шабуылға шыққан ауыр айқаста, 1942
жылдың 8 мамырында жарақат алған. 1943
жылдың 1 шілдесі – 1 тамызы аралығында
Степной майданының құрамында болған екен.
1944 жылдың 16 қарашасынан бері екінші Украин
майданы Богдан Хмельницкий орденді 409
Кировоград атқыштар дивизиясына қарасты 677
атқыштар полкінің бесінші атқыштар ротасының
командирі қызметін атқарған.
Рота командирінің ерлігі полк журналында
к е л е с і д е й м а з м ұ н д а с и п а т т а л ы п т ы .
С . Т і л е у б е р г е н о в 1 9 4 4 ж ы л д ы ң 1 1
желтоқсанында Венгрияның Чомод селосының
батыс жағындағы дұшпан әскерінің қорғаныс
шебін бұзған сәтте, батальон құрамындағы
ротамен бірге амалдады да, алғашқылардың бірі
б ол ы п а л ғ а ұ м т ы л д ы , қ а р с ы л а с т ы ң
траншеясына басып
кірді, жан алысып, жан
б е р і с к е н а й қ а с т а
қарамағындағы ротасы
отыз шақты солдат пен
офицердің, станокты
пулеметтің үш атыс
нүктесінің көзін жойды,
н ә т и ж е с і н д е
а т қ ы ш т а р
батальонының алға
ж ы л ж у ы н а , 2 7 0
биіктікті басып алуына
жол ашып берді.
Смағұл Тілеубергенов
к е л е с і к ү н н і ң т а ң
шапағында Венгрияның
Фот қаласы ауданында
қ а р а ң ғ ы л ы қ т ы
пайдаланып, тұтас
р о т а с ы м е н ж а у
позициясына лап қойды.
Қолдағы бүкіл қаруымен
оқты төпелете төккен ол ротасын шабуылға
жұмылдырды. Дұшпан жағы, мұндай қатты
шабуылға төзе алмай, ондаған қаруласын айқас
а л а ң ы н а қ а л д ы р д ы д а , ке р і ш е г і н д і .
Тілеубергенов жолдас өзінің батыл да ұтымды
қимылымен батальонын толымды нәтижеге
жеткізді, тапсырмасын абыроймен орындап
ш ы қ т ы . Т а п қ ы р қ о л б а с ш ы н е м і с
басқыншыларына қарсы күресте қажырлы,
қайсар, ержүрек командир ретінде танылды.

677 атқыштар полкі 3 атқыштар ротасының
командирі аға лейтенант С.Б.Тілеубергенов осы
ерлігі үшін 1944 жылдың 15 желтоқсанындағы
409 СД № 067/Н бұйрығымен «Қызыл Жұлдыз
орденімен марапатталды.
Полк журналының келесі жазбасынан:
Тілеубергенов жолдас 1944 жылдың 23
желтоқсанында Венгрияның Ипойдамаш
селосы аумағындағы Ипель өзенін алуға
арналған ұрыста, атқыштар ротасын басқара
жүріп, ротасымен бірге алғашқылардың бірі
ретінде өзеннің батыс жағасын жүзіп өтті,
әлеуетті пулемет оғымен өзге роталарға
өзеннен өтуге мүмкіндік берді де, тоғанның
батыс жағында ірі жеңіске жол ашты.
Келесі жазба: Тілеубергенов жолдас 1945
жылдың 5 қаңтарында Чехословакияның Кам
селосы ауданында атқыштар ротасына
жетекшілігі кезінде, қарсыластың ауыр
миномет-пулемет оғы астында ротаның
атқыштар тобын дұрыс жайғастырып алып,
әскери тәртіппен, бірінші уралаған ұранымен
шабуылға көтерілді, қорғанысты бұзды да,
жиырмадан астам дұшпан әскерін жер
жастандырды. Осылайша өзге бөлімдерге полк
шабуылының бүкіл учаскесінде қорғанысты
бұзуға септесті. Нәтижелі шабуылын үдете
отырып, темір жолды кесіп өтті, жекелеген
шағын үйлерге иелік етті де, Бела селосын
шабуылмен толық иеленді. Бүкіл батальонның
і р і же ң і с і н е , т а п с ы рм а н ы ң с ә т і м е н
орындалуына қол жеткізді. Осы ұрыста
С.Тілеубергенов басқарған рота толымды
нәтижемен әйгіленді, жалпы отыздан астам
дұшпан солдаты мен офицерін тұтқындады.
Өз ротасындағы болмашы шығынмен қарсылас
жақтың әскері мен техникасын елеулі шығынға
ұшыратты.
Алға қойылған əскери тапсырманы
табысты орындағаны, ұрыс үстіндегі шебер
басшылығы үшін атқыштар ротасының
командирі Смағұл Тілеубергенов «1 дəрежелі
Отан соғысы» орденімен марапатталды.
Бұл офицердің өз ротасымен көрсеткен,
«Подвиги народа» сайтының «Мемориал»
тарауында сипатталған ерлігінің тек жекелеген
эпизоды ғана. Капитан Смағұл Тілеубергенов
басқаратын 677 атқыштар полкінің 3 атқыштар
ротасында қаза тапқан қаһармандар туралы
құжаттың бəрі Австрияның Цистердорф
қаласындағы музейде сақтаулы.
Смағұл Тілеубергенов 1945 жылдың 18
наурызында кезекті капитан əскери шенін алды.
Батыр ағаға өз ротасымен Берлинді шабуылдауды,
Жеңіс күнін қарсы алуды тағдыр жазбапты. Тура
бір айдан кейін, 1945 жылдың 18 сəуірінде
Германияға шабуыл кезіндегі қиян-кескі айқастың
бірінде ауыр жарақаттанған.
Офицер Австрияда Цистердорф қаласының
м а ң ы н д а ғ ы Ке т тл а с б ру н с е л о с ы н д а ғ ы
бауырластар зиратына жерленіпті. Австрия
өңірінің тұрғындары жетпіс жылдан астам
уақыттан бері қорымға күтім жасап келеді.
Қарағандыда тұратын менің нағашы апам Елемес
Сағымбайқызы Қасымова 2018 жылдың
қыркүйегінде əскерлердің бейітіне барып келді.
Ол кісінің сапарына Германияда тұратын достары
жəрдемдесті. Көңілге түйген əсер, көзбен көрген
ұрыс алаңы, боздақтың қаза тапқан орны жеке
мақалаға сұранып тұрған шежірелі құнды дүние.
Ержүрек батырдың туыс-жақындарының,
н е м е р е – ш ө бе р е л е р і н і ң ат ы н а н Е л е м е с
Сағымбайқызына аудандық газет арқылы шын
ниетпен «РАХМЕТ!» айтамыз. Өйткені ол кісі
уақытпен, қаржымен санаспай, парыз сезімімен
алыс шет елге сапар шекті, майдангердің бейітіне
туған жердің топырағын салды, марқұмның
рухына тағзым етті. Смағұл Тілеубергеновтың
əулетін ер баласы Амантай, немересі Асқар,
БЖСМ-нің күрес бапкері ретінде танылған
шөбересі Самат жалғастырды.
Арада қанша жыл өтсе де, біз Ұлы Жеңістің
қандай құнмен келгенін еш ұмытпаймыз. Бұл
мереке біздер үшін жүрегімізді мақтаныш,
қуаныш, өкініш сезіміне бөлейтін мəңгі қастерлі
күн болып қала береді. Ата-баба ерлігіне
мақтаныш-таңданыс сезімін суреттеуге сөз
жетпейді. Сіздер орнатқан бейбіт күнге, өздеріңіз
қорғаған Отанға сүйіспеншілік ниетіміз мəңгі
толастамайды!
Ораз СЕТАЕВ,
Күншалған орта мектебінің директоры.