ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫ МАРАПАТТАН ДА ҚҰНДЫРАҚ

Тайбай ауылдық округіне қарасты
Малтабар ФАП-інің меңгерушісі Нұрзейнеп
Білəлованың есімі ауылдастың арасында да,
ауданда да, кеңінен танымал.
Осы бір қажырлы да елгезек келіншек өзіне
бекітілген учаскедегі жас шамасы əркелкі 430
тұрғынның денсаулық жағдайын ұдайы бақылауда
ұстайды.
Мекеме маманының күнделікті міндеті
өтінішпен жолыққан жанға дəрігерге дейінгі
алғашқы көмек көрсетуге негізделген. Оған қоса
екіқабат келіншектерді есепке алуды, босанғанша,
сəбиі туғаннан кейін де, денсаулық жағдайын, 1
жасқа дейінгі нəрестені патронаждық бақылауда
ұстауды, халықты толық жоспарлы тексеріспен
қамтуды парызым деп біледі. Сақтық екпе
жүргізілімі, дəрігердің емдік нұсқауының
орындалымы, барлық жастағы адамдардың
сауықтырылымы қызмет тізбегіне енген. Жоспар
бойынша, жыл сайынғы флюорографиялық
бақылауға арналған ұсынысты баршасы
ықыласпен құп алады. Ауылдың медпункті, аймақ
бойынша аға дəрігер Бибігүл Қоңырбаева
басқаратын, мамандары ай сайын халықты
т е к с е р і п т ұ р а т ы н Т а й б а й д ə р і г е р л і к
амбулаториясының қарамағына алынған.
Медбике, менің кейіпкерім, өз құзыретіне
сəйкес, жүрек-қан тамыры, эндокринді жүйе,
тыныс жолдары дертіне, сусамырға бой алдырған
ж а н д а р д ы ж ү й е л і
қадағалап отырады.
Кеңес берумен қатар
у а қ т ы л ы е м г е
ж а т қ ы з ы л у ы н а
с е п т е с ед і . С а л а л а с
мекеме арқылы тегін
б о с ат ы л ат ы н д ə р і –
дəрмекті жеке өзі арнайы
жеткізіп береді.
Ауыл мектебі, əсіресе
асханасы – медицина
қызметкерінің тұрақты
назарына алынатын
негізгі объекті. Шикізат
п е н а з ы қ – т ү л і к т і ң
сапасы, жарамдылық
мерзімі, тағамды үстелге
қоюға тиісті рұқсатнама
б е р і л і с і – м а ң ы зд ы
мəселе. Ас үйге иелік
е т е т і н , к ү н д е л і к т і
қызметін бүкіл оқушылар ұжымы, осы санатта
көпбалалы, аз қамтылған санатты 26 бала
пайдаланып жүрген жеке кəсіпкердің мəртебесі
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН
Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса – ақ
х а л ат т ы а б з а л ж а н д а р д ы ң к ө м е г і н е
жүгінетініміз хақ. Денсаулық жағдайыма
байланысты үнемі осы сала мамандарына
жолығамын. Əсіресе ауданымыздың
емханасындағы күндізгі емшара бөліміне
өз басым шексіз ризамын. Көңіл
толарлықтай десем артық болмас, сірə.
Қолыма қалам алғызған да бөлім
медбикесі Жамал Жұматайқызы
Сейтқазинаның мінсіз қызметі. Өз ісінің
нағыз шебері, жауапты да ұқыпты,
жұмысына адал жан. Əр адаммен қарым-
қатынасы көңіл қуантарлықтай. Дертіңе
дауа, жаныңа шипа іздеп барғанда Жамал
сияқты иманжүзді мамандардың жылы
қабағы бізге ауадай қажет.
Алдағы 12 мамыр – кəсіптік мейрамың
ырыс пен құт сыйласын, құрметті
Жамалжан. Еңбегіңнің жемісін көре бер,
жанұяңа бақыт, зор денсаулық тілеймін!
Құрметпен, емделуші Самарат
Нұрипа.
Ерейментау тұрғыны.
дəл жаңағы қағидамен тығыз байланысқан.
Өзінің күнделікті міндетіне қоса шаңырақ иесі,
ана ретінде үй шаруасын де еңсеріп үлгеретін бұл
келіншектің күнделікті, санқырлы іс-тірлігі
осындай. Балалары де ержеткен, өз кəсібімен
айналысуда. Қызы Шынар, Шоқан Уəлиханов
атындағы Көкшетау университетінің түлегі,
бүгінде аудандық оқу
бөлімінің əдіскері, ұлы
С е р і к б о л – ə к е с і
Қасымат Білəловтан
м ұ р а ғ а а у ы с қ а н
« Қ а р а т а й » ш а р у а
қожалығын басқарады.
***
Егер өткенге шегініс
жасай келсек, онда
медбике Нұрзейнеп
Б і л ə л о в а н ы ң
д и п л о м д ы м а м а н
р е т і н д е г і е ң б е к
жолының Балкашино
кентінде басталғанын
аңғарамыз. Бұл 1982
ж ы л ы б о л а т ы н .
Дегенмен туған жерге
бүйрегі бұрғаны ақиқат.
Ж а л п ы п р а к т и к а
медбикесі, бертін өзінің
тəлімгері болған Өлеңті ауылының учаскелік
медбикесі Нүрзия Айтқұлованың ұсынысымен
жұмысқа орналасты. Орталық қоныстан бөлек,
Ордабай бөлімшесіне, малшы-шопан қыстағына
жиі сапарға шығуға тура келді. Əсіресе Арқа
қысының қаттылығынан бөлек, жол үстінде түрлі
оқиға, тосын жағдай кезіккені де рас. Əйтседе
кəсіпке адалдық, көлік иелерінің тəжірибесі,
адамдарға жəрдемдесу ниеті, төзім бүкіл
қиындықты еңсеруге септесті.
Мектеп өмірінен сыр шертетін фотоальбомды
парақтаған сəтте, кезінде өзімен бірге төрт
сыныптасының осы мамандықты таңдағаны,
бəрінің қызметте жолы болғаны еске түседі.
Отбасылық жағдайына қарай, аудандық
аурухананың бас дəрігері бүгінде марқұм Ахмет
Сүгірəлиннің бұйрығымен 1992 жылы Малтабар
ауылына жұмысқа ауыстырылыпты. Сол уақыттан
бері осы өңір тұрғындарымен етене араласып, біте
қайнасып келеді. Ұзақ жыл еңбек еткен маман
ретінде Малтабарда тиісті стандарт ережесімен
үйлесетін, заманауи жаңа медпункт салынғанын
жөн көреді. Халықтың саны да осы ұсыныс-
талаппен толық үйлесіп тұр.
Нұрзейнеп Білəлова ұзақ жылғы еңбегі үшін
аудандық орталық аурухана əкімшілігінің Құрмет
грамотасымен көтермеленген. Алайда білікті
маман қарапайым еңбегімен қол жеткізген аға
буынның алғыс-батасын, айналадағы жандардың
сыйластық ниетін кез келген грамотадан
құндырақ, өмір марапаты деп түсінеді.