ИГІ ІСІ БАРШАМЫЗҒА ӨНЕГЕ

Əрбір адам игі ісімен, күнделікті қызметімен,
əріптес-доспен қарым-қатынасымен із
қалдырып жатады.
Аудан əкімдігінде бір
айтулы оқиға өтті. Ол
еңбек жолының белгілі
қорытындысын шығарған
экономика жəне қаржы
б ө л і м і н і ң б а с ш ы с ы
Амантай Қабыкенұлы
Хасеновты əспеттеуге
арналды. Жерле сіміз
м а м ы р д ы ң а л ғ а ш қ ы
жұлдызында 64 жасқа
толды. Бүкіл бөлім ұжымы
о л к і с і н і қ ұ р м е т т і
д е ма л ы с қ а ш ы ғ а р ы п
салды. Аудан əкімі Абай
Ə л ж а н о в қ а з а қ ы
дəстүрмен жерлесіміздің
иығына шапан жапты,
т у ғ а н ж е р и г і л і г і н е
сіңірген адал еңбегі үшін
ізгі тілекпен Грамота
т а б ы с е т т і . А ма н т а й
Қабыкенұлы экономика
жəне қаржы саласында 28
жылдан астам уақыт еңбек
еткен. Бұл кезеңде талай оқиға бастан өтті. Ел
тəуелсіздігі жарияланды. Одақтас республика
арасындағы экономикалық байланыс үзілді. Ел
мен ауданның өзінде тоқыраушылық сезілді.
Жалақы, зейнетақы төленбей жатты. Мекемелерде
жұмыссыздық жайлады. Мемлекеттігіміздің жаңа
нышандары белгіленді. Ұлттық валюта айналымға
енді. Шаруашылықтың қожыраған жүйесі
біртіндеп оңала бастады. Есептесудің жаңаша
жүйесі енгізілді. Осының бəрін қаржыгер кəсіби
н е г і з д е б а с т а н ө т к е р д і . Б а с ш ы н ы ң
жетекшілігіндегі ұжым жұмысы бірқалыпты
сарыннан жаңылмады. Өйткені ақшаның есеп пен
санауды ұнататыны бұлжымас қағида. Бағдарлама
əкімгерлерінің кез келген ұсынысы қаржы
бөлінісінің тиімділігіне, қайтарымына,
пайдалылығына негізделді. Байсалды үн,
ұстамдылық қағидасы (біздің пікірімізше)
Амантай Қабыкенұлына істің мəнісін барынша
байыппен салмақтауға септесті. Бюджет
қаржысының игерілімін əріптестерге уақтылы
ескерткен сəті, түрлі деңгейдегі бюджеттен түсетін
қаржының əділ үлестірілімі, бюджеттің кіріс-
шығыс тармағы, ауыл, ауылдық окуг əкімдігі жас
мамандарының оқытылымы, бюджеттің
атқарылым болжамы, үнемделген қаржыны
пайдалануға арналған ұсыныс – бəрі- бəрі
басшының құзыретіндегі іс болды. Біз
а ң ғ а р ғ а н д а й , б ө л і м
басшысы өз ісіне, өңірдің
өзекті мəселесіне əбден
қанық болды. Жекелеген
бөлім, мекеме, орган
ж е т е к ш і л е р і н і ң
баст амасын қолдауға
тырысты. Ол кісінің еңбек
жолы сонау 1972 жылы
б а с т а л ы п т ы . Ме кт е п
бітірген бозбала мамандық
алу ниетімен Ерейментау
экспедициялық автокөлік
к ə с і п о р н ы н ы ң
а втом е кт е б і н е ке л д і .
Ə с к е р г е а л ы н ғ а н ш а
осында слесарь, жүргізуші
болды. Əскерден кейін
к о м с о м о л , п а р т и я
қызметінде идеялық-
ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л ы қ
т ұ р ғ ы д а ш ы ң д а л д ы .
Д е г е н м е н қ а р ж ы
саласындағы жұмысқа
əуе стігі басым түсті.
Алматы халық шаруашылығы институтын
«Қаржы жəне несие» мамандығы бойынша
тəмамдады. 1990 жылдың сəуірінен бастап жаңағы
салада табан аудармастан еңбек етті. Адалниетті
қызметі, кəсіптік міндетіне жауапкершілік ниеті
үшін Амант ай Қабыкенұлы «Қазақст ан
Республикасының тəуелсіздігіне 10 жыл»,
«Қазақст ан Конституциясына 20 жыл»
мерейтойлық медалімен марапатталды. Ақмола
облысы əкімдігінің, қаржы басқармасының Алғыс
хатымен, аудан əкімінің Грамот асымен
көтермеленді. Бір жолы жүздескенімізде ол кісі
барлық əріптестеріне, басшыларға алғыс айтты.
Өмірінде: «Əрдайым баршамен тең қарым-
қатынаста бол, қажетіне қарай адамдарды
сүйемелде, ешкімді ренжітпе!», деген бір ғана
ұстанымға сүйенгенін баян етті. Демалыс уағында
немереге қарайласатынын, мүмкіндікке қарай –
балықшылықты əлде аңшылықты қалайтынын
айтып өтті. Ниет болса – қызықты кəсіп табылып
қалар. Реті келгенде қатал да, қайырымды, əзілқой
да қарапайым болатын беделді басшы, мейірімді
əке, ата – Амантай Қабыкенұлы осындай жан.
Раушан БАРЖАҚСЫ.
Суретті түсірген автор.