КӨШЕ КӨРКІ – ТАЗАЛЫҚ

Көктемде барлық өңірде елді мекендердің
аума ғ ы н к ө р і к т е н д і ру ге , т а з а рту ғ а ,
көгалдандыруға арналған айлық өтеді.
Тайбай ауылдық округінің орталық қонысы
тазалығымен, көркімен, жанға жайлылығымен
көз тартады. Білім ошағының, əкімшілік
ғимаратының айналасындаға ағаштың бəрі
əктелген. Оған қам жасаған – «Жұмыспен қамту
орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы
қ о ғ а м д ы қ ж ұ м ы с т а ж ү р г е н е ң б е к қ о р
келіншектер Елена Аникева, Мухаббат
С е й д е м е т ов а , Д и н а Т ө р е м ұ р ат ов а .
Жұмысшылар қысқа уақыт ішінде ауыл
төңірегін, Ерейментаудың шекарасына дейінгі
тас жолдың бойын қоқыс-қалдықтан тазартып
үлгерген.Ж ұ м ы с у а қ ы т ы а п т а с ы н а е к і к ү н д і к
демалысымен бес күнге есептелген. Жалақысы
зейнетақы жарна аударымымен ай сайын төленеді.
Округ əкімдігінің, жергілікті мектептің
қызметкерлері аптаның əрбір бейсенбісінде оларға
бірлесе көмекке келіп тұрады.
Нəзік жандылар жуырда футбол стадионының
айналасына акация мен үйеңкінің, терек пен
жабайы алма ағашының көшетін еккен. Жеңіс күні
құрметіне бас алаңды көріктендірген. Енді
балалардың ойын алаңының жабдықтарын
сырлай бастаған.
Былтыр қоғамдық жұмыс мерзімі алты айға
бекітіліпті. Биыл да дербес бөлімнің осындай
қадамға баратынына ауылдастар үмітті. Игі істің
пайдасы екі жаққа да бірдей: тазалықшылар қол
еңбегімен баршаға игілік сыйлайды, сəйкес негізде
қарапайым еңбегіне көңілі толады, жалақысын
отбасының мақсатына жаратады.
Топтаманы дайындаған
Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ.
Суретті түсірген автор.