КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ

Ақтөбе қа ласында «От аным менің
Қ а з а қ с т а н » е к і н ш і р е с п у бл и к а л ы қ
шығармашылық-өнер конкурсы өтті.
Республиканың барлық өңірінен жиылған
бөбектер жаңағы мəртебелі сахнада бақ сынады.
Тайбай ауылының ең кішкентай өнерпазы
Тұмарым Жаншуақ шаршы топта Ақмола
облысы Ерейментау ауданының намысын сəтімен
қорғады.
Мектеп жанындағы шағын орталықтың шəкірті
өлең жолын мəнерлеп жатқа оқығанда төреші мен
көрерменді өзіндік дикциясымен қайран
қалдырды. Нəтижесінде құрметті бірінші орынды
иеленді. Жеңімпазымызға тиісті дəрежелі медаль,
«Қос Қыран» білім мен шығармашылықты
дамыту орталығының директоры Еркін Бақтияров
пен республикалық «Спорт жұлдыздары»
журналының бас редакторы, профессор Мұсағали
Тасқалиевтың қолы қойылған Диплом ұсынылды.
Өз шəкіртін жаңағы конкурсқа даярлауға сіңірген
өлшеусіз еңбегі үшін тəлімгері Сағым
Жаншуақова ұйымдастыру алқасының арнаулы
Дипломымен көтермеленді.
Егер жеңімпазымызды оқырман қауымға
таныстырар болсақ – мұғалімдер əулетінен тəрбие
алып жатқан қыз. Атасы Жанат Жаншуақов – ұзақ
жыл шəкірт оқытқан тарихшы маман. Əкесі
Жамбыл Жаншуақов – алғашқы əскери дайындық
пəнінің оқытушысы, Тайбай орта мектебіндегі
«Бүркіт» əскери-патриоттық клубының жетекшісі.
Кішкентай өнерпазымызды, ұстазы мен ата-
анасын толымды нəтижесімен құттықтаймыз.