ОТТЫ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ

Мұқабасы қызыл түсті қойын дəптер
қолымызға тиді. Ішінде не барын білуге
асықтық. Оны редакциямызға табыс еткен –
№8 АТК оқытушысы, бүгінде елудің бел
ортасын еңсерген жігіт ағасы Боташ Əлжанов.
Бірнеше бетін парақтағанда бұрын ашылмаған
құнды қазынаға жолыққандай əсерге бөлендік.
Маржандай тізілген, бəрі ап-анық жазылған,
ғұмырнама дерегін, өлең шумағын оқыған сайын
қызығушылығымыз арта түсті.
Малтабардың тұрғыны Төлеген (лақап аты
Мешел) Төлеуұлы Төрехановты бəріміз бала
кезімізден білетін едік. Көзінің тірісінде
имандылыққа бет бұрған, қажырлы, еңбекқор жан
болды. Əншілікке де бейімділігін, ежелгі хисса-
дастанды да жатқа айтатын қабілеті барын да
естідік. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ»
дегендей, кезінде ол кісінің е стелігіне,
ғұмырнамасына құлақ түрмегеніміз де рас. Осы
олқылығымызды жерлесіміз əкелген жаңағы
шағын дəптер сəл де болса толықтырғандай əсер
берді. Енді оқырманымызға түпкі сырды, не
білгенімізді нақты баяндайық.
Төлегеннің қолжазбасында айтылғандай, Ұлы
отан соғысына бастан-аяқ қатысқан Төлеу ақсақал
мен Қамар Сейітмағамбетқызының отбасында
Қайыржан, Қанжығалы, Олжабай, Мешел есімді
ер бала, тағы екі қыз – Барқыт пен Сарқыт өсіпті.
Қоса ұққанымыз: ол кісінің бауыры Əутəліп
Сейітмағамбетұлынан Жантемір мен Бектемір
тараған. Нағашы апасы Кəрішқызы Тұрсыннан
Мұқанқызы Минəш, бөлелер Алпысбайұлы
Сағынтай мен Шəлау өсіп-өнген.
1930 жылдың бас кезіндегі ашаршылық
нəубетінде Бестөбеден Елтай өңіріне қоныс
ауыстырған. Майкөлден балық аулауды кəсіп еткен
азамат қолға тиген олжасымен өз отбасын, ауыл
тұрғындарын ажал тырнағынан құтқарған екен.
1941 жылы ауылдан інісімен бірге ел қорғауға
аттанған, темір жол əскері құрамында басқыншы
жаумен айқасқан. Соғысқа бастан-аяқ қатысқан
сарбаз ауыр жарақатпен елге 1946 жылы оралған.
-«Əкеміз Төлеудің майданда жүріп, сағынған ел
мен жерді, туған елінің тауы ман тасын, жас
күніндегі Сахарадай сайран салған жер аттарын
тізбектеп жазып шығарған жүз тоқсан ауыз өлеңі
болған екен. Соғыстан аман келгенде ағайын-
туыстар дəмге шақырғанда əкемнің айтқанынан
ұққаным: шумақтың түпнұсқа қолжазбасы
арабша жазылыпты. Кезінде оны бір ғұлама адам:
«бізше аударып беремін», деп алған. Содан қолға
тимеді. Жоқ болды. Осы күні өкінемін, кейде
жылаймын», – деген екен алғысөз кіріспесінде
Төлеген қарт.
Енді Төлеген атаның кириллица қарпіне
аударып қалдырып кеткен қолжазба үзіндісіне
назар аударайық.
Қолыма қалам алдым, жазайын деп,
Жүректе жатқан ойды қозғайын деп.
Ерініп, жалқауланба, бес саусағым,
Тірлікпен барсам елге – тыңдасын көп.
Сал құлақ осы сөзге, құрбы-құрдас,
Көзімнен сіздерді ойлап ағады жас.
Сонан соң мен сағындым туған жерді,
Сол жерге біраз сəлем жазбай болмас.
Сахара сайрандаған Сарыарқам-ай,
Шалқар көл, аққан бұлақ, көк-көкорай.
Тізілген жағалай тау мұнарланып,
Көргенде көз тартатын əуесім-ай.
Туған жер Майкөл атың дөп-дөңгелек,
Ішінде қаңқылдаған қаз бен үйрек.
Сол дауыс ауыл жақтан естілгендей,
Дуылдап өне бойы, лепид жүрек.
Қоныстас қасымдағы Қоржынкөлім,
Мөлдір суың сенің-дағы болды ма лай.
Ығың мал, сыртың ауыл болған күндер,
Жарасқан заманында қайран жерім-ай.
Қабылан, Тілес пенен жəне Желтау,
Қыстаған айналаңды бауырым-ай.
Тас боран көз көрмейтін соқсаң-дағы,
Адаспай жол табатын Мыңшұқыр тау.
Төртқұдық сол жердегі күз күзегім,
Күзге қарай алатын қой күземін.
Сыртыңда сағындым Сарыадырды,
Тоқтамыс, Айғыржал мен Ойма көлдің.
Ей, Қызыл өзен, Үштаған, Сəлем жаздым мен
саған.
Түйешөкккен, Сарыадыр, Керегетас, Төрежал,
Сұрайсыздар ма бізден қал?!
Жуантөбе, Көпадыр қыстаған сонда Нияздар.
Нияз ата қалың ұлт,
Көбіне қонған дəулет-құт.
Əруақтарың жар болғай,
Едің ғой маған қайын жұрт.
Бозайғырдың көлін мекен еткен еліне,
Өлеңтіде Шідерті, тілеухор бол біздерге.
Жəне де сəлем айтамын
Əлдебек қызыл ағашы
Аман ба елдің жағасы.
Бұрынғы өткен Абылай
Өтіпті қызық онан да-ай
Сонан да қалған сен жер-ай.
Бұрынғының бір сөзі,
Таусылмас айтсам мен соны.
Көргенінен көрмегенім,
Алдыңда бола ма деген-ай.
Шешуін бұл сөз кім білді,
Алыс та жұлыс күлкімен.
Мен шешпедім – тағдыр шешті,
Бұл күнде көрдім көзбенен.
Əссəлаумағалəйкім, үлкендер-ай
Төрдің сəні сіздерсіз,
Болмап еді-ай.
Есіктен кіріп келіп қол бергенде,
Сағындым уағалайкумуəссəлем дегендеріңіз.
Алыстан сəлем айтам келіндерге,
Көл етіп көздің жасын жүргендерге.
Алысқан жауын басып табанына,
Аз күнде азаматтар қайтад елге.
Ағатай деп айтатын біз мұндамыз,
Қалдарың нешік боп жүр, жалпы жастар.
Сағындым ұзақ қара жол
Бердім сəлеміне қол.
Ат жіберген алыстан
Жерден күміс алысқан
Бас балуан айқасып
Бір-бірімен шайқасып,
Күшті жықпай, бақ жығып,
Дуылдасқан қалың қол.
Жиналған сонда елім-ай,
Ел ішіндегі ерім-ай.
Екі жар боп отырып,
Салатын күрес қызық-ай.
Сағындым, сəлем Сартөбе,
Найзатаспен сен бірге.
Ақырда алдым аузыма
Өкпелей көрме біздерге.
Ырғайлы Сүйкімбаймен басың биік,
Шодыртау жақын тұрсың ыйық-тыйық.
Бірінен соң біріңді айта берсем,
Құлай жаздап кетеді ішім күйіп.
Жəне де сəлем сізге тау менен тас,
Жамылған жапырақ күллі ағаш.
Жаңғырыққан дауысқа,
Жиналған жүктей қара тас.
Атамның бір қонысы Ақшоқы тау,
Жақын тұр аржағында Ерейментау.
Мекенім – сол Ақшоқы қызықтаған,
Нəсіпке жаралған егінжайың.
Жартаста көп қыстаған бауырларым.
Шыққанда сізді айтсам іштен зарым.
Жəне де сəлем айтам Ауызкөлге,
Жазды-күзді қонатын қалың елге.
Бала күнім асыр сап шаңын шашқан
Сағындым сол жердің қара жолын.
Сені-дағы сағындым Бұзау өзен,
Күдер үзіп кеттің бе, ел-жұрт менен.
Ашылған жаныңдағы – ол Қуаныш,
Бəріңе түгел сəлем Шақшабаймен.
Едіге, басың тақта, дəл сыртың жар,
Қыс болғанда алатын ақ қалың қар.
Саржаз келіп, жалпы халық қонғанда
Сыртыңда Қарасуға жылқы мал бар.
Қарасу түбі терең тұнығым-ай,
Бетіңде қаздай қалқып жүрген күн-ай.
Сағындым соның бəрін атым Төлеу
Нəсібің бар ма маған бұдан былай.
Жəне де сəлем айтамын
Шағалақ атты ордама
Қаздай қалқып жүзіген
Үйректей боп сүңгіген
Балапаның мен Төлеу.
Ұмтыл да ал қолымды.
Қыстаған Бүркіттіні қайран елім,
Сендермен де қызықтап ойнап-күлдім.
Көкорай бауырын төсеп жатқан күндер,
Сағындым Торсықпай мен Шұңқыркөлді.
Өкпелеме, Қайрақты, Шарықтым-ай,
Сендерді де сағынып, зарықтым-ай.
Ішім толды қайғыға, қайран жерім,
Ұмытпасам жəне-дағы Балықтым-ай.
Сəн берген Ізен менен Құсмұрын-ай,
Ұсақ жер сол сəлемнің ішіндесіз
Ассалаумағалейкум, Үшмырза мен Байғұлым-
ай.
Қоңыр адыр, Қарашоқы
Мен сенің бауырыңда өскен киігің-ай.
Адастым тұман түсіп мен де сенен.
Төлеген қарттың немере қарындасы, ұлды ұяға,
қызды қияға қондырған ардақты ана Баян апа
Шəшкеқызы да майдангердің көзін көргенін, өте
ақылды, білімді, əнші-домбырашы, палуан
тұлғалы, сұңғақ бойлы азамат болғанын
айтады.Ардагер соғыстан кейін қазіргі Олжабай
батыр ауылдық округіне қарасты Алғабас өңірінде
шопан болып еңбек еткен. Өлең айтқанда кешкі
дауысы алысқа жететін болса керек. Отан үшін,
келешек ұрпағының бейбіт өмірі үшін от кешкен
жауынгер 1976 жылы дүниеден өтіпті. Барқыт
есімді қызынан тараған жиен-жиеншарлары
бүгінде Ереймен-Малтабар көлемінде еңбек етуде.
Жазып алған
Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.