ӘСКЕРИ‐СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТА

Тайбай орта мектебінің «Бүркіт» əскери-
патриоттық клубында жас сарбаздардың
«Айқын» əскери-қолданбалы өнер жарысы
өтті. Спорттық эстафета үлгісіне негізделген
шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс
күніне арналды. Шəкірттер шеберлігін,
ептілігін, теориялық білімін тəжірибе жүзінде
танытуды мақсатқа айналдырды.
«Қыран», «Патриот», «Сұңқар», «Болашақ»,
«Жас сарбаз», «Бүркіттер» командасы спорт залын
толтырды. Сарбаздар №4, №1 орта, Ақмырза,
Еркіншілік, Тайбай мектебінің, №2 орта мектеп-
лицейдің намысын қорғады. Біркелкі киімдегі
жинақы да сымбатты болашақ Отан сақшыларына
көз сүйсінеді. Жаңағы жастарымыздың арқасында
елдің қорғаныс қабілетінің нығая түсетініне
үміттендіреді.
Көкбайрағымызды əспеттеумен, Əнұран
орындалымымен орайласқан шағын ресми
бөлімнен кейін мектеп директоры Асқар
Ералинов, Жастардың ресурстық орталығының
əлеуметтік желідегі жастармен жұмыс бойынша
маманы Аманбек Арғын баршаға жылы лебізін
жолдады. Бағалау комиссиясының құрамы
белгіленді.
Шаршы топта жағымды жаңалықтың куəгері
болдық. №4 орта мектептің алғашқы əскери
дайындық сабағының оқытушысы Қайыргелді
Еңкебаевқа өскелең ұрпақтың əскери-патриоттық
тəрбиесіне қосқан үлесі үшін «Қазақстан
патриоты» естелік медалі, «Ер Отан» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы Е.Ж.Алданазаровтың қолы
қойылған Алғыс хат, сертификат табыс етілді.
Командалар атауы мен ұранын жария еткеннен
кейін тиісті нормативті орындай бастады.
Калашников автоматы мен оның оқжатарын бұзып
жинады. Химиялық қорғаныс, шартты ұрыс
алаңында кедергілерден өту тəсілін көрсетті.
Əрбір ойыншы өз мүмкіндігіне қарай жинақылық,
шапшаңдық байқатуға тырысты. Оқытушылар да
құнды кеңесімен дем беріп отырды. Іні-
қарындастарымыздың тең құрбысынан оқ бойы
озық шығуға ұмтылысы, өз тобының ұпай
қоржынын сəт сайын толықтырғаны, ауызбірлігі,
жеңіске деген жігері сүйсіндірді. Ұл мен қыздың
бəрі, мəреге шығу жеңіл тимеген соңғысынан өзге,
барлық кезеңде тапсырманы жеңіл еңсерді.
Жекелеген бойжеткендер ширақ қимылымен
құрбыларын таңқалдырды. Төрешілер тапсырма
орындалымына жұмсалған əрбір секундты
математикалық дəлдікпен есептеп шықты, сəйкес
негізде жеңімпазын даралады.
Ойын тəмамдалды. Бес минөттік үзіліс
жарияланды. Нəтиже сарапталып жатқанда,
балалардың көңіл-күйі көтеріңкі болды, бəрі
өздерін сергек сезінді. Жалпыкомандалық есепте
І-ІІ-ІІІ орын сəйкес негізде алаң иелеріне, қаланың
№4, №1 мектебіне бұйырды. Жиылған ұпай саны
бойынша, жоғарыда аталған қасиетіне сəйкес,
олардың ізімен Ақмырза ОМ, №2 орта мектеп-
лицейі, Еркіншілік ОМ ілесті. Жүлделі орын
иегерлері аудандық білім бөлімінің Грамотасымен,
естелік сыйлықпен көтермеленді. Жекелей есепте
үздік шыққан оқушыларға ұйымдастыру
а л қ а с ы н а н т ү р л і а т а л ы м Гр а м о т а с ы ,
оқытушыларға «Ер Отан» қоғамдық ұйымының
Алғыс хаты берілді.
Қонақтарды жылы қарсы алған мектеп
əкімшілігі, əділ төрелік жүргізген қазылар құрамы
алғысқа əбден лайық.