СЫЙ-СЫЯПАТЫНА РАХМЕТ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74
жылдығы қарсаңында өңірімізге ізгі ниетпен
Астанадан келген «Казмикрофинанс ЖШС»
шағын несие-қаржы мекемесінің директоры
К.Балтабеков пен əріптестері қаламыздың 10
тыл еңбеккеріне ауқымды азық-түлік
сəлемдемесін тарту етті. Сый-сыяпатқа шынайы
алғыс білдірген үлкендер тіпті балаша қуанды. Аға
буын сұрапыл соғыс уағының, кейінгі кезеңнің
бүкіл ауыртпалығын естен шығармайды.
Аудандық, қалалық ардагерлер кеңесі қаржылай-
қайырымдылық жəрдемін бергені үшін бүкіл
мекемелерге, барлық деңгейдегі əкімдерге
ризашылығын жеткізеді.
Жұмысбасты, уақыт кеш болса да, сəлемдемені
ү л е с т і р і п б е р г е н қ а л а н ы ң ə к і м і
Т.Т.Мұхамеджановқа, орынбасары А.Т.
Төлендиноваға ардагерлердің атынан көптен-көп
рахмет айтамыз. Жұмыста толымды табыс
тілейміз. Ата-əжелердің ақ батасымен əрбір күні
көркейе беріңіздер!
Ерейментау аудандық-қалалық ардагерлер
кеңесі.