ЗЕРДЕЛІ САРБАЗ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Үмбетей жырау атындағы аудандық
мəдениет үйінің алдындағы алаңға өңіріміздің
жалпы білім беретін мектептерінің, Тайбай
орта мектебі жанындағы «Бүркіт» əскери-
патриоттық клубының шəкірттері жиналды.

Жастардың ресурстық орталығы аудандық
білім бөлімі мен мəдениет ошағы басшылығының
қолдауымен дəстүрлі сап пен əн байқауын
ұйымдастырды. Игі шара Отан қорғаушылар
күніне арналды.
Бүгінгі мереке мен жиынның өзі əскери қызмет
мəртебесін асқақтатуды, егемен мемлекеттің
қорғаныс əлеуетін нығайтуды, оқушы жастардың,
тұтас өскелең ұрпақ санасына қазақстандық
патриотизм сезімін сіңіруді мақсат етеді.
Жиын қоғамдық бірлестік атынан марапат
тапсырылған жағымды рəсімге ұласты. Кез келген
дəуірде: екінші соғыс жылдарында да, бертінгі
бейбіт кезеңде де, жауынгерді сағына күтетін
бірегей жан -АНА. Олар ұлының жағымды
жаңалығына қуанды, жайсыз хабарына мұңайды.
Патриот ұл тəрбиелеуге қосқан үлесі үшін «Ер
Отан» тəжік-ауған шекарасы ардагерлерінің
қоғамдық бірлестігінің бұйрығымен Мунира
Ху с н у тд и н о ва « Ас ы л А н а » м ед а л і м е нмарапатталды. Мұндай марапат Алғыс хатымен
Ғалия Сардарбековаға да ұсынылды.
Бірқатар мектептердің бастауыш əскери
дайындық сабағының мамандары, қоғамдық
бірлестіктің бұйрығына сəйкес, «Болашақ сарбаз»
əскери-қолданбалы ойын конкурсына қатысқан
болатын. Оқу орындарының тəлімгерлері Дулат
Ділдебаев, Мұхаметқали
Əбілқайыров, Құдакелді
К ə р і м ж а н о в , С а р қ ы т
Сетаев мемлекеттік мереке
қ ұ р м е т і н е а т а у л ы
төсбелгіні иеленді. Жастар
ж ы л ы ш е ң б е р і н д е г і
ə с к е р и – п а т р и о т т ы қ
шараларға белсене үн
қосқаны үшін жаңағыдай
марапат ауданның бірқатар
белсенділеріне, Өлеңті
орта мектебінің «Жас
ұлан» ұйымына табыс
етілді.
Бүгінде ҚР Қарулы
Күштерінің түрлі əскері
қ ат а р ы н а ж а с т а рд ы ң
көктемгі шақырылымы
б а с т а л д ы . Б ұ л жо л ы
Дамирхан Махметовты,
М а қ с а т З ы л ғ а р и н д і ,
Михаил Борисовты, Дмитрий Кравченконы,
Біржан Ибрагимді Қазақстан əскері қатарына
шығарып салдық. Болашақ сарбаздарға елге аман-
сау оралу тілегіне қоса естелік сый ұсынылды.
Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы
подполковник Нұрлан Балықбаев өңірдің барлық
тұрғындары мен меймандарын Отан қорғаушылар
күнімен құттықтады.
Əрбір взвод өз тəлімгерлерінің жетекшілігімен
əн əуенімен алаңды бойлай сап түзеп жүріп өтті.
Аудандық мəдениет үйі көркемөнерпаздарының
сазды сəлемімен мереке сəтімен мəреге жетті.
«Ерейменнің» өз ақпараты.