ТОРҒАЙДАҒЫ ТОРҚАЛЫ ТОЙ

Ұлы жеңіс – Ұлы күн ! Бұл – Отан үшін өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың халқымыздың шексіз қаһармандығы, мұқалмас қажыр қайратының ең айтулы мерекесі. Отан үшін от кешкен жерлестеріміздің ұмытылмайтын ерлігін паш ететін, жыл сайын тағзым етіп еске алатын Ұлы күн. Торғай жұрты бұл мерекені жылдан-жылға әсерлі тойлауға әдеттенген.Танғы сағат 9-дан бастап батырлар ескерткіші қойылған саябаққа гүл шоқтарын, батыр бабаларының портреттерін көтеріп сабылған жұрт Отан үшін ерлікпен қаза болған жауынгерлердің рухын асқақтата түсті. Жеңіс туралы музыка әуеледі, іле ауыл өнерпаздарының мерекелік концерті де басталып кетті. Жүргізушілер Қалқаман Ардақ пен Абдрахманова Тоғжан ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың тізімін мәнерлеп оқып, митнгті жүргізді. Барлық мекеме басшылары кұттықтау лебізімен ескерткіш етегін гүл шоқтарымен көмкерді. Мереке ауыл жазығында жалғасты. Ауыл әкімі Марат Әубәкіровтың бастамасымен екі киіз үй тігілді, ат жарысы, палуан күресі т.б ұлттық ойын өткізілді. Ауыл азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, белсенділік танытты. Б. Батан киіз үйін тегін тіксе, Ж.Құсайынов, А.Фархат, К.Таханов, Ж.Ахметов, С.Молдабаев, Қ.Әбенов, М.Мухатов, Н.Хамзин, А.Сәрсенбинов, М.Ахметов, М.Есімов,М.Мусин, С.Махажанов, Боранбаев, С.Бойко, Р.Хамзин, Д.Утебаев, Ө.Алиев, Б.Сыздыков, М.Сыздыков, А.Жүсіпов, С. Шакержанов ақшалай демеуші болды. Д.Әлжанов, Б.Атамбеков, Р.Мағұрыпов жарыс жеңімпаздарын марапаттайтын медаль, Мақтау қағазын алдыруға қаржы бөлді.
Ауыл әкімшілігінің ұжымы киіз үй ішінде ауыл қарияларына дәм мәзірін дарлауға үн қосты. Аудан әкімі Абай Әлжанов өз туған елінің игілігі үшін тұрғындарға рухани демеу көрсетті, қаржылай және бәйгеге қосатын шабандоздарға ат берді. Бұл орайда ауданның және ауылдың әкіміне халық ризашылығын білдірді. «Әкім бол, халқына жақын бол» деген сөз осыдан айтылса керек . Сонымен Аламан бәйгеде 10 шақырым қашықтықта 1 орын А. Әлжановтың иелігіндегі шабандозымыз М. Рахимовқа бұйырды. II орынды А.Фархатқа тиесілі шабандоз Н. Шукеев, III М. Мукатовың меншігіндегі шабандоз Жәрденбек өзара тең бөлісті. 6 шақырымдық құнан бәйгеде I орынды А. Фархаттың құнаны (шабандозы Шукеев Н), II орынды Ж. Ахметовтың сәйгүлігі (шабандозы Н.Ақтансері), III орынды Ә.Манабаевтың аты (шабандозы Е.Манабаев) еншіледі.
70 -100 келілік салмақ дәрежесіндегі күресте I орынға М.Мағұрыпов кой ұтып алды. II –ІІІ орын иегерлері Е.Дүйсенов, Д. Әлжанов ақшалай сыйлықпен марапатталды. 40-70 келілік салмақта I-ІІ-ІІІ орын М.Мағұрыповқа, Н.Өндірісовке, Е.Сыздықовқа бұйырды. Қол күресінен оңқайлар арасында Н.Исабаев, солақайлардан қояндылық қонағымыз алға шықты. Бұл жігіттер ақшалай сыйлықпен, Мақтау қағазымен көтермеленді.
Жалпы тойдың жақсы өтуіне жанын салып ұйымдастырған әкімшіліктің бас маманы Серік Айтжанов, ауыл азаматтары Жасұлан Құсайынов, Марат Мұқатов, Асылбек Сәрсенбинов. Торғай ауылының Жеңіс мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ауыл тұрғындарының көңілінен шықты . Күнделікті күйбең тірліктен бір сәт қол босатқан жұрт жаз жайлауға келгендей әсерде. Бәрі ауыл азаматтарына алғыс білдірді . Ауылымыздың атқамінер жігіттері аман болса әлі талай тойдың куәсі боларымыға сенеміз.
Райхан Дина, клуб қызметкері.